“ Ес түзелмей, ел түзелмейді “
Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы
қарым-қатынас ең басты іс-әрекеттердің бірі
болып табылады. Қарым-қатынас — адамзат
өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы
болып, соның нәтижесіде тұлғааралық
байланыс орнығып, өзара мәміле
қалыптасып дамиды. Қарым-қатынас -
тұлғалар мен топтар дамуының және
қалыптасуының қажетті шарты.
Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше
тұлға арасында рухани әлем және ой-пікір,
сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар,
келісім, не өзара түсіністік тұрғысында, не
болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-
қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдіс іске
асады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты азаматық пен имандылыққа
баулу – тәрбиенің басты міндеттерінің бірі. Сонымен қатар ата-аналар мен
мектепке дейінгі ұйымдар ұлттық тәрбиеге де мән бергендері жөн. Бұл
саладағы күш – жігер алдымен бүлдіршіндерді отандыққа тәрбиелеуге
бағытталады. «Отан» деген ұғым балаға дүние есігін ашқан үйі , ата-анасы,
ағайын туыстары, туған жері, кең – байтақ гүлжазира даласы, тау – тасы,
өзен – көлі, сылдырап аққан мөлдір бұлағы бейнесінде қабылданып, ең
қасиетті де құдіретті алтын бесігі ретінде үйретуге тиіспіз.
Бала үшін дүниеде ең жетілген, білімді де, мәртебелі адам – оның ата –
анасы.
Ал, ең әдемі де жарық үй – оның туылған үйі. Осы тұста қазақ
зиялыларының бірі М. Жұмабаевтың мынадай бір айтқан сөзімен
қорытындыласақ: «Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп
тәрбиелеуге тырыспау керек, олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі
тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған
Достарыңызбен бөлісу: |