Бірі ретінде тану қажеттігітілігі тиек етіледі. Жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеген ғалымдар, олардың пікірлері, диалектизмдердің жіктелуі сөз болады



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі231,04 Kb.
#5539

Makalenin Dergiye Ulaşma Tarihi:20.04.2016

Yayın Kabul Tarihi:

 09.06.2016

AVRASYA Uluslararası Araştırmalar Dergisi Cilt:4 •Sayı:9•Temmuz 2016•Türkiye

ЖЕРГІЛІКТІ ТІЛ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ӘДЕБИ ТІЛДІ БАЙЫТУДАҒЫ МАҢЫЗЫ

Elmira HAMITOVA



АННОТАЦИЯ

Диалектизм  әдеби  тілден  тыс  құбылыс,  дегенмен  оның  әдеби  тілді  толықтыруға, 

байытуға  үлесі  мол.  Ғылым  мен  техниканың  дамуына  байланысты  көптеген  жаңа 

ұғымдарға атау табу қажеттігі туғанда, халық қазынасы ретінде пайдаланылатын сөздер – 

диалектизмдер.

Мақалада  диалектілік  лексиканы  терминқор  қалыптастырудың  тұрақты  көздерінің 

бірі  ретінде  тану  қажеттігітілігі  тиек  етіледі.  Жергілікті  тіл  ерекшеліктерін  зерттеген 

ғалымдар,  олардың  пікірлері,  диалектизмдердің  жіктелуі  сөз  болады.  Сонымен  қатар, 

ауызекі  сөйлеу  тіліне  де,  әдеби  тілге  де,  диалектілік  аймақтық  лексикаға  да  тән  аралық 

құбылыс – дублеттерге тоқталады. Дублеттер мен диалектизмдер, кейде синонимдер бір-

бірімен  араласып-құраласып,  ұштасып  жатуы,  дублеттердің  тілде  құрамы  мен  мағынасы 

жағынан параллель қолданылатын сөздер екендігі туралы айтылады.

Белгілі бір диалектілерге тән сөздерді жинап, сөздігін құрастырудың және оларды 

жете  білудің  тілдің  тарихи  даму  жолдарын,  оған  тән  заңдылықтарды  айқындауда  үлкен 

мәні  бар.  Ұлт  тілінің  ішіндегі  жергілікті  диалектілерге  тән  әртүрлі  ерекшеліктерді 

салыстыруға және тілдің тарихи дамуын танып білуге көмектесетін бірден-бір көмекші, ол 

әрине  –  диалектологиялық  сөздіктер.  Сондықтан  мақалада  диалектологиялық  сөздіктер 

пайдаланыла  отырып,  біршама  сөздерге  тоқталып,  олардың  қолданылу  ерекшеліктері 

мен анықтамасы берілді.



Кілт  сөздер:  диалектизмдер,  дублеттер,  диалектология,  диалект,  тілдік 

ерекшеліктер, диалектологиялық сөздік.



YÖRESEL DİL ÖZELLİKLERİNİN EDEBΠDİLİN ZENGİNLEŞTİRİLMESİNDEKİ 

ÖNEMİ

ÖZ

Yöresel  kelimeler,  edebî  dilin  dışında  gelişen  bir  olgu  olmanın  yanı  sıra,  edebî  dilin 

zenginleşmesine  büyük  katkıda  bulunur.  Bilim  ve  teknolojinin  gelişmesiyle  birlikte  birçok  yeni 

kavrama  ad  verme  ihtiyacı  doğduğunda,  halkın  hazinesi  olarak  yöresel  kelimelerden  istifade 

edilir.

Çalışmada  yöresel  kelimelerin  terminoloji  oluşturmada  vazgeçilmez  bir  kaynak  olarak 



değerlendirilmesinin  gerekliliği  üzerinde  durulur.  Ağız  araştırmaları  ile  yöresel  kelimelerin 

sınıflandırılması ele alınır. Ayrıca hem konuşma dili ile edebî dile hem de yerel ağızlara has ikili 

biçimler  incelenir.  İkili  kelimeler  ile  yöresel  kelimelerin  bazen  birbirlerinin  yerine  geçerek 

kullanılması ve birbirleriyle bağdaşması, ikili kelimelerin dilde yöresel kelimelere paralel olarak 

kullanıldığının da bir göstergesidir.

Belli  bir  ağza  ait  kelimelerin  derlenerek  sözlük  hâline  getirilmesinin  ve  ağzın  kelime 

dağarcığının  ayrıntılarıyla  bilinmesinin  dilin  tarihî  gelişim  yolları  ile  özelliklerinin  tespit 

edilmesindeki  önemi  büyüktür.  Bir  dile  has  yerel  ağızların  özelliklerinin  karşılaştırılarak 

araştırılmasına  ve  dilin  tarihî  gelişiminin  incelenerek  öğrenilmesine  ışık  tutan  kaynaklar  ağız 

sözlükleridir.  Çalışmada  ağız  sözlükleri  taranmak  suretiyle  bazı  sözcükler  üzerinde  durularak 

bunların kullanım özellikleri ile açıklaması verildi.

Anahtar  Kelimeler:  Yöresel  kelimeler,  ikili  kelimeler,  ağız  bilimi,  yerel  ağız,  dilsel 

özellikler, ağız sözlüğü

 O.A.Baykonurov Jezkazgan Üniversitesi, barekenov87@mail.ru



            41                                                                                           

Elmira HAMITOVA

Жергілікті  тілдік  ерекшеліктер  –  жалпыхалықтық  тілдің  бір  аймаққа  тән 

тілдік  көрінісі.  Ол  аймақтың  тілдік  материалы  жалпы  халықтық  тіл  арнасымен 

жалғасып  жатады  да,  кейбір  лексикалық,  фонетикалық,  грамматикалық 

ерекшеліктері жағынан одан ажырап тұрады. Өзінің изоглостық (сөздердің таралу 

шегін  картаға  түсіру)  шекарасы  бар  нақтылы  территорияда  өмір  сүріп  жатқан 

тілдік  ерекшеліктер  ру-тайпалық  тілдің  қалдықтарынан,  сол  жердің  халқының 

шаруашалық  кәсібіне  байланысты  қалыптасқан  сөздерінен,  қонысы,  тұрмыс-

тіршілігі  жағынан  жақын  көрші  отырған  елдер  тілінің  әсерінен  кейбір 

грамматикалық формалар арқылы семантикалық өзгеріске түскен, жергілікті тілге 

ғана қатысты сөздер мен формалардан құралады.

Жергілікті  ерекшеліктердің  қамтитын  территориясы,  тілдік  материалының 

көлеміне  қарай  лингвистикада  диалект,  сөйленіс  терминдері  қолданылады. 

Диалект  –  жалпы  халықтық  сипаты  жоқ  белгілі  бір  жерде  ғана  қолданылатын 

тілдік  ерекшеліктері  бар  территория.  Ал,  сөйленістің  қамтитын  аясы  –  шағын. 

Бірнеше сөйленіс бір диалектінің құрамына енуі мүмкін (Тасымов 2014: 8).

Қай  тілде  болмасын  құрамында  дәстүрлі  норма  болып  қалыптасқан, 

жалпыхалықтық  деңгейде  қолданылатын,  баршаға  ұғынықты  әдеби  сөздермен 

қатар,  түрлі  өңірде  түрліше  айтылып,  өзгешеленіп  тұратын  сөздер  мен  сөз 

тіркестері  көптеп  ұшырасады.  Жалпылама  қолданыла  бермейтін,  тек  білгілі  бір 

аймақ  шеңберінде  ғана  жұмсалатын  сөздерге  мысал  ретінде:  Шымкент,  Арыс 

маңында  шайнекті  –  чәугім,  жұмыртқаны  –  тұқым,  Орал  өңірінде  таразыны – 



шеккі,  бәкіні  –  шаппа,  қауғаны  –  бөрлек,  Тараз,  Меркеде  жәрдемші,  көмекшіні – 

жәкенші  деп  атайтынын  айтуға  болады.  Мұндай  жергілікті  халық  тіліне  ғана  тән 

сөз қолданыс диалектизмдер болып табылады (Исаев 2007: 31). Оны тіл білімінің 

арнаулы  саласы  –  диалектология  дыбыстық,  мағыналық  тұрғыдан  жан-жақты 

зерттейді.

Диалект сөздер әдеби тілдің қатысына қарай бірнеше түрге бөлінеді:

1) лексикалық диалектизмдер;

2) лексика-фонетикалық диалектизмдер;

3) лексика-семантикалық диалектизмдер;

4) туынды диалектизмдер.

Лексикалық диалектизмдер деп аңғаратын ұғым жалпы халық тілінде басқа 

сөздермен  аталатын,  әдеби  тілде  кездеспейтін  түбір  сөздерді  айтады.  Мысалы: 

сәйпіл  (Алматы,  Кеген)  –  қорған,  қамал;  сой  (Орал  обл.,  Түркім.)  –  нәсіл,  ұрпақ, 

тұқым; сіле (Маңғыстау) – дәке, марля сияқты мата; ұтыр (Шымкент, Қызылорда) 

– қисын, рет, жөн т.б.

Лексика-фонетикалық  диалектизмдерге  әдеби  тілдегі  сөздердің  жергілікті 

жерлерде  фонетикалық  өзгеріске  ұшыраған  варианттары  жатады.  Мысалы:  о/ұ 

сәйкестігінен  сұрақты  –  сорақы,  сұнар  –  сонар,  дұмалау  –  домалау;  а/ы 

сәйкестігінен шырлау – шарлау, қымықпай – қаймықпай; а/ә сәйкестігінен дәнә – 

данакәте – қате, кәйтейін – қайтейін, зәлім – залым, уәйім – уайым т.б.

Лексика-семантикалық  диалектизмдер  –  жалпыхалықтық  тілге  тән  бола 

тұрып, әдеби тілге жат мағынаға ие сөздер. Мысалы: бел – шабылған шөптің ізі, 

жолы;  баспа  –  ілгек;  баспахана  –  қастық,  дұшпандық;  баю  –  бату  (күн  туралы); 


              Elmira HAMITOVA

                                                                                            42



үгіту – салу, тығу; шалысу – тырысу; сона – сырғаның түрі; сес – әдейі; сәл-құм, 

қуат; дерек – керек; деректі – жауапты т.б.

Туынды  диалектизмдер  –  әдеби  тілдегі  сөздерге  диалектизмге  тән 

жұрнақтар  жалғану  арқылы  жасалған  диалектизмдер.  Мысалы:  жүрдемел – 

жүрдек; шәйгөн – шайнек; сұрамжал – сұраншақ; мейманқос – меймандос; тұзды 

– тұздық; белегір – белес; жұқана – жұғын; немелтай – немере т.б.

Диалектизм  әдеби  тілден  тыс  құбылыс,  дегенмен  оның  әдеби  тілді 

толықтыруға,  байытуға  үлесі  мол.  Халық  тұрмысында  ғылым  мен  техниканың  

дамуына байланысты көптеген жаңа ұғымдарға атау табу қажеттігі туғанда, халық 

қазынасы  ретінде  пайдаланылатын  сөздер  –  диалектизмдер.  Мысалы,  марля 

сөзінің  баламасы  ретінде  –  дәке,  носилка  сөзінің  баламасы  ретінде  –  зембіл, 



подряд  сөзінің  баламасына  –  мердігер,  минералды  су  мағынасында  –  арасан 

сөздері әдеби тілге диалект қатарынан ауысты. Әрине, диалектизмнен әдеби тіл 

қатарына  өткен  сөздер  мағынасын  кейде  өзгертіп,  кеңейтуі  мүмкін.  Мысалы, 

мердігер  сөзі  Оңтүстік  Қазақстан  халқы  арасында  «жалданып  жұмыс  істеуші» 

деген мағынада қолданылатын. Ал, әдеби тілге енгенде жеке бас қамын күйттеуші 

емес,  қоғамдық  еңбекке  қатысты  шарт  негізінде  атқарылатын  ұжымдық  еңбекке 

айтылатын болды (Айғабылұлы 2013: 52-53).

Әдеби тілді зерттеуде алда тұрған алынбаған талай бел-белестер, асулар 

бар.  Әлі  ашылмай,  табылмай  жатқан  қыруар  нұсқаларды  іздестіру  жұмысын 

былай  қойғанда,  қолда  бар  мұралардың  тілі  толық  зерттелмей  келе  жатыр. 

Мысалы,  шығыс  түріктерінің,  яғни  Қарахан  әулеті  билеген  жерлердегі  түркі 

тайпаларының  тілінде  жазылған  ескерткіштер;  оғыз,  әсіресе,  қыпшақ 

тайпаларының тілінде жазылған, шағатай, орта азиялық түркі жазба әдеби тілінде 

жазылған шығармалар тілі және т.б. Орта ғасыр ескерткіштерінің тілін зерттеу тек 

әдеби  тіл  тарихы  үшін  ғана  немесе  жалпы  қазақ  тілі  тарихы  үшін  ғана  емес, 

тарихи 

лексикология, 



тарихи 

фонетика 

мен 

диалектология, 



тарихи 

грамматикамен  байланысты  проблемалық  мәселелерді  шешу  үшін  де  қажет. 

Одан  кейінгі  дәуірде  ауыз  әдебиеті,  жазба  ескерткіштерінің  тілін  газет,  журнал 

мақалалары  деңгейінде  ғана  зерттемей,  жоспарлы  түрде  монографиялық 

дәрежеде зерттеу жұмысын үдете түсу керек (Тасымов 2014: 12).

Дегенмен,  көне  түркі  тілінің  диалектілік  жіктелуін  сөз  ететін  болсақ,  VІІ-ХІ 

ғасырлардағы  руникалық,  манихей  және  ұйғыр  жазба  ескерткіштері  тыңғылықты 

зерттеулерге  қарағанда  көне  түркі  тілінің  әртүрлі  диалектілерін  қамтиды.  Көне 

түркі  жазба  ескерткіштеріндегі  диалектілік  ерекшеліктер  тек  фонетикалық 

(орфографиялық), лексикалық және кейбір грамматикалық ауытқулардан көрінеді. 

В.В.Радлов атап көрсеткендей, көне түркі тілі негізінен біртұтас еді, ал диалектілік 

ерекшеліктер 

әртүрлі 

жазудағы 

ескерткіштер 

орфографиясын 

мұқият 

қарастырғанда болмашы түрде арагідік байқалады.



Руникалық  көне  түркі  жазуы  Орталық  Азия  мен  іргелес  аймақтарда 

негізінен,  түркі  қағанатының  (VІ-VІІІ  ғ.ғ.)  шығыс  және  батыс  бөлігінде  кең 

қолданылды.  Бұл  мемлекетке  әр  түрлі  қыпшақ,  оғыз,  қарлұқ,  ұйғыр,  татар, 

құрықан,  түргеш,  чік,  басмыл  сияқты  тайпалар  енді.  Түрк  сөзі  «күшті,  қуатты» 

мағынасымен  түркі  қағанатында  билеуші  үстем  тайпаның  атауы  болды.  ХІ 


            43                                                                                           

Elmira HAMITOVA

ғасырда  Махмұд  Қашғари  түрк  этнонимін  нағыз  «түрк»  тайпасы үшін ғана  емес, 

жалпы түркі тілдес тайпаларға бірдей қолданған.

Түркі  руникасының  тілі  жазба-әдеби  тіл  ретінде  көне  тайпа  диалектілері 

негізінде  қалыптасты.  Бұл  тіл  даму  барысында  жалпы  түркі  тілінің  алғашқы 

қалпынан көп өзгерген. VІІ-ІХ ғасырлардағы түркі руникалық ескерткіштерінің тілі 

оғыз  және  ұйғыр  диалектілерінің  (тайпа  тілдерінің)  ықпалында  болды.  Сонымен 

қатар,  А.Н.Кононовтың  пікірінше  (Кононов  1980:  256),  ескерткіштердегі  кейбір 

графикалық  (фонетикалық)  және  морфологиялық  ерекшеліктерге  назар 

аударғанда, Күлтегін жазуы ашина тайпасының диалектісінде, ал Тоныкөк жазуы 

ашиде диалектісінде жазылған.

Көне  ұйғыр  жазба  ескерткіштері  тілдік  және  хронологиялық  жағынан  көне 

түркі руникалық ескерткіштерімен ұштасады. А.Н.Самойлович (Самойлович 1922: 

22) олардың өзара жақындығын айрықша көрсетіп, кейбір ерекшеліктерін де жоққа 

шығармайды.

Жазба  ескерткіштерден  байқалатын  көне  түркі  диалектілерін  жіктеудің 

алғашқы  жобасын  В.В.Радлов  «Көне  түркі  зерттеулері»  атты  еңбегінде  (Радлов 

1911:  156)  түзген  еді.  Ғалым  көне  түркі  ескерткіштерінің  тілін  солтүстік,  оңтүстік 

және  аралас  диалектілерге  бөледі.  Көне  солтүстік  диалектісіне  немесе  ұйғыр 

тіліне  Турфандағы  курсивті  ұйғыр  қолжазбалары  мен  «Құтадғу  білігтің»  Герат 

нұсқасын  енгізген.  В.В.Радлов  оңтүстік  және  солтүстік  диалектілерінің  кейбір 

фонетикалық  және  морфологиялық  ерекшеліктерін  атап  өткен.  Соның  ішінде:  1) 

оңтүстік диалектісінде сөз басындағы б дыбысының м дыбысымен ауысуы (бен – 

мен, баңа – маңа, бің – мің); 2) оңтүстік диалектісінде шығыс септік жалғауы -тын, 

-тін,  -дын,  -дін  және  жатыс  септік  жалғауы  -та,  -те,  -да,  -де  болса,  солтүстік 

диалектісінде  біртұтас  жатыс-шығыс  септігінің  -та,  -те,  -да,  -де  жалғауы 

қолданылған.

Аралас  диалектінің  тілдік  белгілері  оңтүстік  және  солтүстік  диалектілерге 

де  тән.  Оның  өзі  екі  диалектіге  бөлінеді:  батыс  немесе  «батыс  түркілер  тілі» 

(манихей  жазулы  түркі  ескерткіштері,  ұйғыр  алфавитімен  жазылған  манихей 

шығармалары, «Құтадғу білігтің» араб жазулы Каир нұсқасы) және шығыс немесе 

«көне  әдеби  тіл»  («Майтрисимит»,  «Алтун  яруқ»,  «Тишаствустик»  т.б.  буддалық 

текстерден аударылды).

В.В.Радлов 

ұсынған 

көне 


түркі 

диалектілерінің 

жіктелуі 

толық 


дәлелденбесе  де,  кейінгі  топшылауға  ықпалын  тигізді.  Бірақ,  мұнда  1911  жылы 

табылған  Махмұд  Қашғаридың  «Диуани  лұғат  ат-түрк»  (ХІ  ғ.)  атты  еңбегі 

ескерілмеген еді.

А.Габэн  өзінің  «Көне  түркі  грамматикасында»  (Габэн  1950:  118)  кейбір 

сөздерде  кездесетін  н  (нь)  және  й  дыбыстарының  сәйкестігін  көне  түркі 

диалектілерін ажыратудың негізгі белгісі етіп алған. Мысалы, анығ (аньығ) – айығ 

«жаман», чыган (чыгань) – чығай «кедей, жарлы», қон (қонь) – қой «қой».

Махмұд  Қашғари  көрсеткендей,  ХІ  ғасырда  арғу  тайпасы  нағыз 

«түркілерден»  бөлек,  сөз  ортасы  мен  сөз  соңындағы  й  дыбысын  н  дыбысымен 

алмастырып  қолданған.  Сонымен  қатар,  арғу  тайпасы  оғлан  «ұлан,  жасөспірім» 

сөзін  оғла  деп  айтқан  және  өздері  Исфиджаб  (Сайрам),  Тараз  (Талас  өзені), 

Баласағұн  (Шу  өзені)  аймақтарын  мекен  еткен.  Арғу  түбірі  арғын  деген  ел 



              Elmira HAMITOVA

                                                                                            44

атауында  сақталып,  қазіргі  қазақ,  қырғыз,  қарақалпақ,  түркімен  т.б.  түркі 

халықтарында ұшырасады.

А.Габэн  бойынша  (Габэн  1950:  122)  түркі  руникалық  жазулары,  манихей 

жазбаларының  көпшілігі  н  (нь)  диалектісін  көрсетеді,  ал  буддалық,  кейбір  кейінгі 

манихей  қолжазбалары  және  құқық  ісқағаздары  й  диалектісіне  жатады.  Брахми 

алфавитіндегі  қолжазбалар  мен  ұйғыр  жазулы  христиандық  текстер  де  й 

диалектісіне кіреді деп көрсетілген (Аманжолов 1996: 34-36).

Қазақ  тілінің  диалектісінің  зерттелуіне  оралатын  болсақ,  диалектілік 

ерекшеліктерді  жинауға  арналған  бірінші  экспедиция  1937  жылы  профессор 

І.Кеңесбаевтың  басшылығымен  қолға  алынды.  КСРО  Ғылым  академиясының 

Қазақ  филиалы  ұйымдастырған  алғашқы  диалектологиялық  экспедиция  кезінде 

Нарынқол,  Кеген,  Нұра,  Мақтаарал  ауданындағы  тұрғындардың  ауызекі  сөйлеу 

тілінде  кездесетін  жергілікті  ерекшеліктерге  байланысты  едәуір  материалдар 

жиналды.  Бұдан  соңғы  уақыттарда  Қазақстанның  басқа  жерлеріне  де 

экспедициялар  ұйымдастырылып  отырды.  Ғ.Ғ.Мұсабаевтың  басқаруымен  1939 

жылы  Маңғыстау,  1940  жылы  Орда  қазақтарының  тіліндегі  ерекшеліктер 

зерттелді. Ұлы Отан соғысы кезінде бұл жұмыстың қарқыны біраз баяулағанымен, 

1945  жылы  Тіл  және  әдебиет  институтында  қазақ  тілінің  тарихы  мен 

диалектологиясын  зерттейтін  арнаулы  бөлім  құрылуымен  байланысты,  халық 

тіліндегі  өзгешеліктерді  жинау  жұмысы  жандана  түседі.  Осы  жылдары 

Қазақстанның  бірсыпыра  жерлеріндегі  тұрғындар  тілінің  ерекшеліктерін 

сипаттайтындай біраз материалдар жиналды.

Халық  тілінің  диалектілік  ерекшеліктерін  зерттеуге  арналған  еңбектер  де 

жазылды.  Біраз  жылдар  бойы  жиналған  материалдар  негізінде  Ж.Досқараев 

«Оңтүстік  диалектісінің  кейбір  мәселелері»  деген  тақырыпта  кандидаттық, 

профессор  С.Аманжолов  1948  жылы  «Қазақ  тілінің  негізгі  проблемалары»  деген 

тақырыпта  докторлық  диссертация  қорғайды.  1946  жылдан  бастап,  қазақ  тілінің 

диалектілік  ерекшеліктерін  зерттеуге  арналған  мақалалар  жариялана  бастайды. 

Осындай алғаш рет диалектологияға байланысты баспа бетін көрген еңбектің бірі 

– Ж.Досқараевтың кандидаттық диссертация негізінде жазылған «Краткий очерк о 

южном  диалекте  казахского  языка»  деген  көлемді  мақаласы  еді.  Бұдан  кейінгі 

жылдарда  да  (1946-1955  ж.ж.)  Ж.Досқараев,  С.Аманжолов,  Н.Т.Сауранбаев  т.б. 

тілшілердің  диалектологияға  байланысты  бірқатар  мақалалары  республикалық 

және одақтық баспасөз беттерінде жарыққа шықты (Тасымов 2014: 12-13).

Жоғарыда  аталған  зерттеулердің,  тұжырымдардың,  көптеген  ізденістердің 

нәтижесінде көршілес отырған халық тілінің әсері де диалектизмдерді туғызатыны 

дәлелденді.  Мысалы,  Ташкент,  Сырдария  облыстарындағы  қазақ  мектептерінде 

көбінесе  өзбек  сөздері  араластырылып  қолданылады:  мұнда,  онда  сияқты 

есімдіктер  –  бұ,  о  яқ;  бір,  екі,  төрт  сан  есімдері  –  біттә,  екіта,  төртта

төменге  түс  –  пәске  түс;  жаны,  қасы,  маңы  –  қаптал  (сенің  қасыңда  жүрейін – 

сенің қапталыңда жүрейін); есік – қапы (есікті жап – қапыны жап), негіз – тиқар; 



ұйым – шөлкем т.б.

Басқа  тілдердің  диалектілеріне  көз  жүгіртетін  болсақ,  оларда  да  қазақ 

тіліндегідей  біршама  диалектизмдер  байқалады.  Орыс  тілінде  грамматикалық, 

лексика-фонетикалық,  семантикалық  сөздер  туғызатын  диалектизмдер  көп. 



            45                                                                                           

Elmira HAMITOVA

Мәселен,  грамматикалық  диалектизмдер  қатарына:  мимо  избы  деу  орнына – 



мимо  избе,  в  степи  –  в  степе,  слабее  –  слабще  сияқты  қолданыстар 

жатқызылады;  острый  –  вострый,  паук  –  павук,  пиджак  –  пинжак  –  спинджак, 



слушать  –  слухать  т.б.  лексика-фонетикалық  диалектизмдер;  очень  сөзі 

мағынасында  –  гораздо,  внезапный  орнына  –  наглый,  утонуть  орнына – 



залиться  сөзін  қолдану  –  семантикалық  диалектизмдер;  сондай-ақ,  бежать 

орнына – бечьблюдце – блюдкагусинья – гуска, дождик – дожжик деу – жаңа 

сөз тудыруға талпыну нәтижесі болып табылады. Сол сияқты орыс тілінде калга – 

ағаштан  дөрекілеу  жасалған  чашка  (ыдыс);  калуга,  калужина  –  батпақ,  батып 

(түсіп)  кетер  балшық;  лала,  лаларь  –  езбе,  сөзуар,  қыдырымпаз,  адасқақ; 

лыбиться – езу тарту т.б. қолданыстар да бар.

Ауызекі сөйлеу тіліне де, әдеби тілге де, диалектілік аймақтық лексикаға да 

тән  аралық  құбылыстың  бірі  –  дублеттер  болып  табылады.  Бұлар  –  тілде 

құрамы  мен  мағынасы  жағынан  жарыса  (параллель)  қолданылатын  сөздер. 

Ондай  құрамы  мен  мағынасы  жағынан  жақын  сөздердің  қатарына  сөздің 

фонетикалық варианттары (жарыспалы сөздер), сөз тудырушы жұрнақтар арқылы 

жасалған 

варианттар 

морфологиялық, 

синтаксистік 

және 

стильдік 



параллелизмдер,  орфографиялық,  орфоэпиялық  варианттар  жатады.  Мысалы, 

қазақша маңдай – маңлай, диірмен – тиірмен, риза – ырза, кәрия – қария, айқай – 



айғай,  пенде  –  бенде  фонетикалық  дублеттер;  сондай-ақ,  орыс  тілінде  ина́че – 

иначе́,  тво́рог  –  творо́г,  одновре́менно  –  одновреме́нно  тәрізді  екпінге 

байланысты акцентті дублеттер де бар.

Қазақша тіл білімі – тіл туралы ғылым, білім-ілім, өкімет-үкімет; орысша 

языкознание  –  языковедение,  волчиха  –  волчица,  безвкусие  –  безвкусица, 

петуший – петушинный лексикалық дублеттер.

Сондай-ақ,  орыс  тіліндегі  порой  –  порою,  чашка  чаю  –  чашка  чая 

варианттары  –  морфологиялық  дублеттер;  понятный  каждому  –  понятный  для 

каждого,  приверженность  к  науке  –  приверженность  науке  –  синтаксистік 

дублеттер;  горажанин  –  гражданин,  голова  –  глав,  сторона  –  страна – 

морфологиялық  дублеттер;  взяться  за  ум  –  схватиться  за  ум,  быть  на 

короткой  ноге  –  быть  на  дружеской  ноге,  набить  карман  –  набить  мошну – 

фразеологиялық дублеттер.

Дублеттер  мен  диалектизмдер,  кейде  синонимдер  бір-бірімен  араласып-

құраласып,  ұштасып  жатады;  қант,  шекер  –  секер  –  құмшекер,  қораз  –  әтеш, 



қала – шаһар, қалбыр – елек – елгезер, леген – шылапшын – кірлен т.б (Хасенов 

1996: 116-117).

Сонымен қатар, таза говорлық дублеттер де болады. Бұл топқа әр говорда 

әртүрлі  вариантта  қолданылатын  дублеттер  жатады:  ілмек  –  шөтке  –  ырғақ 



(ілгек),  ұрпақ  –  буызы  –  күрпі  (кебек),  ақа  –  аша  (айыр),  әсілі  –  асылы,  ләжі – 

лажы,  есек  –  ешек  –  естек,  домалау  –  думалау  –  жұмалау,  серне  –  деңгене – 

жара, атауыз – кемпірауыз – тістеуік, тәте – апа – әпке – әпше, шама – сәме – 

шәме – шамба – шәмбе, елек – елеме – елеуіш – елгезер – ұнқаққыш, кәуірт – 

кеуірт – оттық – сіріңке – шырпы, күнбағыс – күнбағар – айбағар – күләйлән – 

пісте – шемішке – шекілдеуік т.б. (Сарыбаев, Нақысбеков 1989: 31).

              Elmira HAMITOVA

                                                                                            46

Жалпы  әдеби  тілді  білетін  адамдар  қай  аймақтың  тұрғыны  екендігіне 

қарамастан,  мұндай  ерекшеліктерді  тұлғасына,  жуан  немесе  жіңішке  айтылуына 

қарай,  дыбыстардың  сәйкес  келуіне  қарай  болмаса,  контекстегі  мағынасына 

қарап,  қиындықсыз  ажыратып,  өзара  түсінісе  алады.  Басқаша  айтқанда,  бұл 

сөздер  сөйлесу  кезінде  немесе  жазбаша  қарым-қатынас  барысында  ақпарат 

алмасуға  айтарлықтай  нұқсан  келтіре  алмайды.  Бұл  секілді  фонетикалық  және 

грамматикалық  ерекшеліктерді,  әсіресе  контексте  түсіну,  мағынасын  ұғу  аса 

қиынға  соқпайды.  Бірақ,  бұдан  дыбыстық  және  грамматикалық  ерекшеліктер 

мағынаны  ажыратуға  ешқандай  әсер  етпейді  деген  түсінік  тумауға  тиіс.  Тіпті  сәл 

ғана  айырмашылығы  бар  жуан  немесе  жіңішке  нұсқада  кездесетін  сөздердің  өзі 

контекстен  тыс  тұрғанда,  бірден  ұғынылмауы  мүмкін.  Ал,  контексте  олай  емес. 

Сөйлемнің мағынасына қарай ажыратуға, жергілікті сөздің мағынасын тез түсінуге 

мүмкіндік  мол.  Мысалы,  «Біздің  жақта  көп  сөздерді  басқаша  құлданады»  деген 

сөйлемдегі  баяндауыштың  әдеби  тілдегі  «қолданады»  деген  етістіктің  жергілікті 

жердегі  қолданысы  екендігін  оңай  аңғаруға  болады.  Ал,  осы  сөз  «құлдан», 

«құлдану», «құлданады» деген тұлғаларының бірінде контекстен тыс тұрса, онда 

оның  мағынасын  түсіну  қиындық  туғызған  болар  еді.  Бұл  жерде  грамматикалық 

ерекшеліктерге қарағанда бенде, бейіл, дұзақ, дізгін, дұз, фана, фән, данышман, 



керпіш,  мәшіт,  теңке  тәрізді  атау  сөздерді  жергілікті  халық  контекстен  тыс  та, 

контексте  де  еш  қиындықсыз  түсінуі  мүмкін  екендігін  айту  керек.  Ал,  диалект 

сөздердің мағынасын сол жергілікті атау қолданылатын жерден тыс тұратын өзге 

аймақтың тұрғындары қашанда сөйлем құрамында, контексте келгенде жақсырақ 

түсінері,  олардың  мағынасындағы  ақпаратты  алу  мүмкіндігіне  ие  болары 

дәлелдеуді қажет етпейді (Әлімбек 2006: 70-71).

Жергілікті  тіл  ерекшеліктерін  зерттеген  ғалымдар  қазақ  тіліндегі 

говорларды  –  Шығыс  говорлар  тобы,  Батыс  говорлар  тобы,  Оңтүстік  говорлар 

тобы,  Орталық-солтүстік  говорлар  тобы  деп  төртке  бөліп  қарастырып  жүр. 

Диалект сөздердің аумақтық шектеулілігі туралы айтқанда, говорлар топтарының 

өзі  іштей  бірнеше  говорларға  бөлінетінін  айту  керек.  Мәселен,  оңтүстік  говорлар 

тобын  зерттеген  ғалым  О.Нақысбеков,  бұл  топқа  жататын  говорлар  тобының 

Қазақстанның  оңтүстік  және  оңтүстік-шығыс  өңіріндегі  Талдықорған,  Алматы, 

Жамбыл,  Шымкент,  Қызылорда  (шығыс  жағындағы  бірнеше  аудандар), 

Өзбекстанның  оңтүстік  жағындағы  Ташкент,  Бұхара  облыстарындағы  және 

Тәжікстандағы қазақтар тұратын аудандар территориясын қамтитынын айта келіп, 

оларды  іштей  алты  топқа  бөледі:  1)  Жетісу  говоры.  Қамтитын  территориясы – 

Алматы, Талдықорған облыстарының аудандары (қазіргі Алматы облысы); 2) Шу 

говоры. Бұған Жамбыл облысының территориясы кіреді; 3) Шымкент говоры. Бұл 

осы  аталған  облыс  көлемін  қамтиды;  4)  Қызылорда  говоры.  Бұл  Қызылорданың 

күншығысынан  бастап,  Түркістанға  дейінгі  Сыр  бойын  қамтиды;  5)  Ташкент 

говоры.  Бұған  Өзбекстанның  оңтүстігіндегі  Ташкент,  Бұхара  облыстарындағы 

қазақ  аудандары  кіреді;  6)  Тәжік  говоры.  Бұған  Тәжікстандағы  қазақтар 

мекендеген аудандар кіреді.

Диалект  сөздердің  мағынасындағы  ақпараттың  таралу  шектеулілігі  осы 

сынды аумақтық ерекшеліктерге байланысты болады. Егер, қандай да бір диалект 



            47                                                                                           

Elmira HAMITOVA

сөздің  мағынасындағы  ақпараттың  таралу  шегін  анықтау  керек  болса,  оның 

говорлар  тобының  қайсысына  жататынын,  олардың  ішінде  қай  говорға  кіретінін 

білу арқылы көз жеткізуге болады. Мысалы, кепеш (тақия), жоян (зор), шылауыш 

(кимешек  және  оның  сыртынан  орайтын  орамал),  мұқым  (бүкіл),  тарпа  (қол 

шалғы),  тошала  (қарақат  тәрізді  жеміс  ағашы)  деген  сөздер  шығыс  говорлар 

тобына  жатса,  зәліс  (қу,  алаяқ),  пансат  (зор,  дәу),  қолапат  (орашолақ, 

ебедейсіз),  жөргентай  (кішкене  пысық  бала),  қырбасы  (арық,  жүдеу),  моты 

(кескін,  пішін,  қалпы),  жұпын  (нашар)  т.б.  орталық-солтүстік  тұрғындар  тілінде 

қолданылады (Нақысбеков 1982: 5).

Диалект сөздер белгілі бір аумақ шеңберімен ғана шектеліп қалмай, жалпы 

әдеби  тілге,  терминологиялық  лексика  құрамына  да  еніп,  оның  қолданыс  аясы 

кеңеюі  де  мүмкін.  Бұл  орайда  белгілі  тілші  ғалымдар  Ш.Сарыбаев  пен 

Ә.Нұрмағамбетовтың  мына  пікілері  орынды  айтылған:  «Қай  тіл  болмасын  оның 

диалектілік  лексикасын  жинап,  зерттеудің  маңызы  зор.  «Кен  асылы  жерде,  сөз 

асылы  елде»  дегендей,  Қазақстанның  түкпір-түкпіріндегі  бір  аудан,  не  бір  облыс 

көлемінде ғана айтылатын, көпшілікке бимәлім, бірақ әдеби тіл терминологиясын 

байытуға  қажетті сөздерді жарыққа шығарып,  әдеби  тілге  енгізу  арқылы  көпшілік 

қауымының  игілігіне  айналдыруда  да  бұл  сөздердің  пайдасы  мол»  (Сарыбаев, 

Нұрмағамбетов 1996: 8).

Бұл  тұрғыдан  келгенде  диалектолог  ғалымдар  Ш.Сарыбаев  пен 

О.Нақысбековтың  жергілікті  сөздерді  прогрессивті  диалектілік  сипаттағы  және 

регрессивті  диалектілік  кәсіби  лексика  деп  екіге  жіктеуі  назар  аудартады. 

Ғалымдардың әдеби тілде баламасы жоқ, сондықтан әдеби тілге еніп, оны байыту 

мүмкіндігі  мол  диалектизмдерді  прогрессивтік,  ал  әдеби  тілде  баламасы  бар, 

әдеби тілді шұбарлайтын диалектизмдерді регрессивтік деуінің өзі орынды екенін 

айтуға тиіспіз (Сарыбаев, Нұрмағамбетов 1996: 50-51).

Ғалымдар  атап  көрсеткендей,  диалект  сөздер  жалпы  әдеби  тілге  де, 

терминологиялық  лексика  құрамына  да  еніп,  қолданыс  аясын  кеңіте  алады. 

Жалпы  тілдің  сөздік  құрамын  құрайтын  лексикалық  қабаттар  арасында 

алынбайтын  асу  жоқ,  керісінше,  олардың  арасында  үздіксіз  жүріп  жататын 

байланыс бар. Тілде оған мысалдар жеткілікті. Мысалы, құжат, ұжым, мөр сияқты 

сөздер  терминдену  арқылы  түрлі  ғылым  салалаларының  атаулары  қатарына 

өткен.  Бұл  тұрғыда  диалектілік  лексиканы  терминқор  қалыптастырудың  тұрақты 

көздерінің бірі ретінде тану қажеттігін атап көрсетіп жүрген терминолог ғалымдар 

пікірі соған дәлел.

Әдеби тіл құрамына еніп немесе терминденіп белгілі бір ғылым саласының 

терминіне  айналған  диалект  сөздер  жаңа  сапаға,  мәртебеге  ие  болады.  Олар 

бұрынғысынша  жергілікті  тіл  ерекшеліктері  ретінде  аймақтық  лексика  құрамында 

қалып  қоймайды.  Қолданылу  аумағы  да  кеңейеді,  мағынасы  да  жұртшылыққа 

түсінікті  бола  бастайды.  Сол  себепті,  олар  жалпы  тілдік  немесе  кәсіби  ақпарат 

тарату  құралына  айналады.  Ал,  мұндай  сапаға  көшпеген  көптеген  жергілікті 

сөздердің мағыналары арқылы берілетін ақпаратқа аумақтық шектеулік тән болып 

қала береді. Бұл сипат аймақтық лексиканың басым, негізгі бөлігіне тән екендігін 

айтқан жөн (Әлімбек 2006: 73-74).


              Elmira HAMITOVA

                                                                                            48

Жалпы,  диалектизмдер  жергілікті  жерде  ауызша  қолданылатындықтан, 

жазба  әдебиетте  оны  пайдаланудың  қажеті  жоқ.  Әсіресе,  ғылыми,  ісқағаздар, 

публицистикалық  стильдерде  қолданылған  диалектизм  тілді  шұбарлайды,  тексті 

түсініксіз  етеді.  Ал,  көркем  әдебиетте  диалектизмді  қолдануға  болады,  бірақ  өз 

орнын, мақсатын түсініп алу керек. Автор өз кейіпкерінің қай аймақта тұратынын, 

жас шамасын, білімін көрсету үшін аузына диалектизмді салып, сол арқылы оның 

өзіндік  ерекшелігін  сомдауға  әрекет  жасайды.  Мұндай  жағдайда  диалектизмнің 

қолданылуы орынды болады. Бірақ, автор сөзінде диалектизмнің кездесуі орынды 

бола бермейді.

Тек  әдеби  тілдің  баю  мүмкіндігіне  себебі  тиетін,  қажет  сөздер  болмаса, 

жалпыхалықтық тілде баламасы бар сөзге үйір болмау керек. Мысалы, М.Әуезов 

Жетісу  өңіріндегі  оқиғаға  құрған  өзінің  «Қилы  заманында»  мұттайым,  сұрау, 



демегін  сияқты  сөздерді  әдейі  қолданған.  «Арызым  тыңдалмай,  ақ-қарамыз 

тексерілмей  өле  беретін  болған  соң,  бізде  бір,  белгілі  мұттайым  кісі  де  бір 

болғаны ғой. Ел сұраған ұлығы бұлай десе, қоялық... – Қой, олай демегін... -деп, 

ақырын басып қойды» (Әуезов 1979: 214). Мысалда келтірілген мұттайым сөзі – 

«қу,  бұзық»,  сұрау  сөзі  –  «билеу,  басқару»,  демегін  сөзі  –  «деме»  мағыналарын 

білдіріп,  кейіпкерлердің  аузынан  естіліп,  сол  жергілікті  тұрғынның  характерін 

ашуға себін тигізіп тұр (Айғабылұлы 2013: 53-54).

Осы  айтылып,  талданып  отырған  сөздердің  бір  жүйеге  негізделіп,  әдеби 

тілдің лексикасынан тыс жатқан, бірақ ұлттық тілдің жергілікті тармақтары болып 

табылатын  диалектілер  немесе  говорларға  тән  сөздер  мен  сөз  тіркестерін 

қамтитын  диалектологиялық  сөздікке  жүгінген  дұрыс  болар.  Диалектологиялық 

сөздіктер  және  оларды  құрастыру  белгілі  бір  ғылыми  мақсатты  көздейді.  Белгілі 

бір  диалектілерге  тән  сөздерді  жинап,  олардың  сөздігін  құрастырудың  және 

оларды  жете  білудің  тілдің  тарихи  даму  жолдарын,  оған  тән  заңдылықтарды 

айқындауда  үлкен  мәні  бар.  Ұлт  тілінің  ішіндегі  жергілікті  диалектілерге  тән 

әртүрлі  ерекшеліктерді  салыстыру  тілдің  тарихи  дамуын  танып  білуге 

көмектеседі.  Диалектологиялық  сөздікте  жергілікті  диалектілерге  тән  сөздер 

(диалектизмдер)  беріледі  де,  оның  мағынасы  әдеби  тілдегі  сөздермен 

(синонимімен)  түсіндіріледі.  Диалект  сөздің  мағынасын  түсіндіретін,  оның  әдеби 

тілдегі баламасынан кейін құрамында диалект сөзі бар мысал (сөйлем) келтіріледі 

(Аханов 2010: 205-206).

Ж.Досқараевтың  диалектологиялық  сөздік  түрінде  жазылған  жоғарыда 

аталған еңбегінен бірнеше мысал:

«Азар 1. Реніш, тынышсыз; сен оған азар берме – сен оған реніш берме, 

ренжітпеу (Маңғ.). Балам азар болма (балам тынышсыз болма); 2. Қорлық деген 

мағынада;  сенің  былтырғы  істеген  азарыңды  ұмытпаймын  (Тар.,  Жамб.  обл.). 

Қазіргі  қазақ  тіліндегі  азарда-безер  деген  қос  сөздің  бір  компоненті  ретінде  ғана 

қолданылады.  Сондай-ақ,  «ағайынның  азары  болса  да,  безері  болмайды»  деген 

мақалда  кездеседі.  Мұндағы  азар  –  реніш,  өкпе  мағынасында.  Ол  ешкімге  азар 

бермейді. Татар тілінде азар – азғын, азушаң, аза тұрған деген мағыналарында 

қолданылады. Бір жағынан бұл сөз көнеленіп бара жатқан сөздердің қатарына да 

жатады».


            49                                                                                           

Elmira HAMITOVA

«Далан.  Сенек,  ауыз  үй,  кіре  берістегі  бөлме:  балалар  даланда  отыр 

(балалар сенекте отыр). Далан кішкене болғандықтан кейбір нәрсе үйде тұрады 

(Алм., Талд., Жамб.). Далан сөзі кейбір түркі тілдерінде де бар: қырғызша далан – 

ауыз үй, алдыңғы бөлме (Киргизско-русский словарь 1940: 198), ұйғырша далан – 

алдыңғы  бөлме,  өтетін  жер  (Уйгурско-русский  словарь  1939:  154);  түркіменше 

далан  –  үй  алды  (веранда,  балкон)  (Туркменско-русский  словарь  1940:  114); 

әзірбайжанша далан – дәллиз, парсыша далан – сенек, коридор (Кр. Персидско-

русско-азербайджанский словарь 1945: 102, 169)».

«Мият.  Болысу,  біреудің  сөзін  сөйлеу,  жақтау;  сен  оған  мият  болма; 

миятшылық  істеме.  «Мият,  мияттың  түбі  ұят»  (Шу);  бұрын  бір-бірімен 

жанжалдасқанда кісілер жақындарын миятқа шақыртатын (Жамб., Алм. Луг.). Бұл 

сөз  (мият)  оңтүстіктегі  халықтың  сөйлеу  тілінде  бірнеше  сөз  тіркесінде 

қолданылады: мият болу, мият болып бірігу, миятқа шақыру т.б.».

«Об.  1.  Егін  басатын  көлік,  қырмандағы  бидайды  бастыратын  бір  топ 

көлік;  об  қосу,  об  қостық  (көлік  жектік).  Айдап  жүрмін  обымды,  айналдырып 

кидім  тонымды  (халық  мақалы).  2.  Басатын  егін;  об  айдап  жатыр  (егін 

бастырып  жатыр).  Об  айда,  сабаны  саған  пайда,  дәні  маған  пайда  (Түлк.,  Талд., 

Шәу.,  Оңт.  Қаз.  обл.).  Торғай  ауданындағы  халықтың  тілінде  оп  (оба)  қырманға 

орнатқан діңгек, ағаш мағынасында қолданылады. Егін бастыру үшін орнатылған 

діңгек  ағашқа  бір  топ  көлікті  байлап  қояды.  Оған  қарағанда  сөздің  төркіні  оның 

негізгі  мағынасы  оп  –  оба  сөзімен  байланысты  екенін  аңғартады.  Тіліміздегі  оп, 

оба,  ом  –  оқа  дегендегі  оп,  об,  ом  сөздерінің  семантикалық,  формалық  жағынан 

негізі  бар.  Өйткені  ол  сөздер  бір-біріне  жақын,  ұқсас  ұғымдарды  аңғартады. 

Қырманға  орнатылған  діңгекпен  оп  –  (оба),  ом  –  оқа  деген  сөздердің  білдіретін 

мағыналарында алшақтық жоқ. Ал, ол сөздердің фонетикалық нұсқасына келсек, 

Каспий  маңындағы  қазақтардың  тілінде  еріндік  дыбыстар  (б,  м)  алмаса  береді, 

мысалы, оба деген сөзге ома деу тәрізді т.б.» (Досқараев 1962: 8, 39, 81, 87).

Енді,  кейінгі  жылдары  шыққан  (2007  ж.)  Ө.Айтбайұлы,  С.Әбдірахманов, 

Ә.Кекілбай,  Ә.Қайдарбек  және  т.б.  редакция  алқалығымен  жарық  көрген 

«Диалектологиялық сөздік»тен де мысал келтірсек:

«Аға. Бойлай, қуалай. Өзенді аға жүр (Жезқ., Ағад.)».

«Ағаш орақ. Ағаш жонатын, екі жағында тұтқасы бар құрал (сүргі). Ағаш 

орақпен жонылған ағаш өте жақсы шығады (Көкш.)».

«Адал зат жоқ. Малы жоқ. Қозыдан басқа адал затым жоқ (Гур., Шевч.)».

«Айтұяқ. 1. Садақа. Пітікей мінген бозатты айтұяққа беріпті (Жамб., Шу). 

2.  Жылқы.  Қазақ  жылқы  малын  айтұяқ,  қыдыражал,  алмауыт,  қылқұйрық  деп 

бейнелеп те айтады. Ертеректе жүніт деп те айтылған (ҚХР)».

«Балиғы.  Ер  жете  бастаған  кез.  13-14  жаста  баланың  балиғы  кезі 

болады (Қост., Торғ., Жанг.)».



«Белдік.  1.  Үйдің  төбесіне  салатын  жуан  ағаш,  белағаш.  Үйдің  төбесіне 

белдік салып қойдық (Түрікм., Таш., Ауғ., Ир., Ақт., Ойыл); 2. Білім, білік. Өздерінің 

белдігі  сол  шығар,  оларға  мен  тимеймін  (Қост.,  Жанг.);  3.  Есіктің  тақтайларын 

              Elmira HAMITOVA

                                                                                            50



ұстап тұратын көлденең шебіктелген ағаш (Рес., Омбы). Көкшетау облысында 

қарғаша, Қостанай облысының Семиозер, Федоровка аудандарында кесе ағаш // 

жағдан,  Орынборда  белағаш  деп  атайды;  4.  Арбаның  белағашы.  Арбаның 

белдігін ауыстыру керек (Рес., Омбы)».

«Белкүрек.  Теміркүрек.  Белкүректі  қайрап  алып,  арық  қазуға  кірістік 

(Қ.орда, Сыр.)»



«Дәрпі  кету.  Атағы  шығу,  атағы  жер  жару.  Ол  –  дәрпі  алысқа  кеткен 

адам (Шымк., Арыс)».



«Епей. Көп, өлшеусіз. Ол қымызды епейсіз ішетін еді (Шығ. Қаз.)».

«Пұшайман.  Зәбір,  қысым.  Ел  ауып  пұшайманды  жүргенімде  осы  жерге 

келіп  едім  (Қарақ.)»  (Айтбайұлы,  Әбдірахманов,  Кекілбай,  Қайдарбек,  Сыздық, 

Серғалиев 2007: 21, 21, 24, 33, 142, 163, 163, 219, 242, 557).

Осы  мысалдар  арқылы  қазақ  тіліндегі  диалектілердің  лексикологияны 

байытып  отырғанына  көз  жеткізуге  болады.  Жоғарыда  келтірілген  фактілерді 

талдау  көрсетіп  отырғанындай,  бұл  лексикалық  қабатқа  жататын  сөздердің 

мағынасындағы  ақпараттың  таралуы,  қабылдануы  жөнінде  олардың  мынандай 

басты-басты ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:

Бірінші  ерекшелігі  –  диалектілік  лексиканың  мағынасындағы  ақпараттың 

таралу аумағының шектеулілігі. Мұны аумақтық (территориялық) шектеулік деуге 

де  болады.  Диалект  сөздердің  мағынасындағы  ақпарат  сол  сөздер  тараған 

географиялық  аумақ  көлемінде  (өңір,  облыс,  аудан)  ғана  таратылып,  белгілі 

говорлар тобының құрамында қолданылады.

Екінші  ерекшелігі  –  диалект  сөздердің  тілді  тұтынушылардың  белгілі  бір 

бөлігінің  ғана  ақпарат  алмасу  құралы  ретінде  қызмет  ететін  тілдік  бірлік  болып 

табылатындығы. Егер, диалект сөз белгілі бір говорлар тобына ортақ болса, онда 

ол  диалект  сөз  сол  говорлар  тобы  тараған  аумақта  тұратын  халықтың  ғана 

ақпарат  алмасу  құралы  болады.  Сол  өңірде  қанша  тұрғын  болса,  солар  диалект 

сөзді  қолдану  арқылы  өзара  ақпарат  алмаса  алады.  Бір  аудан  халқы  ғана 

қолданатын жергілікті сөздер де бар. Яғни, диалект сөздер жалпы халыққа немесе 

белгілі  бір  кәсіп  иелеріне,  сала  мамандарына  емес,  таралу  аумағында  тұратын 

тұрғындар  тілінде  қолданылып,  соларға  қызмет  етіп,  солардың  санымен 

шектеледі.

Үшінші  ерекшелігі  –  жергілікті  сөздердің  жалпы  әдеби  тіл  құрамына, 

терминологиялық  лексика  қатарына  енуіне  байланысты  ақпарат  тарату 

аумағының  да,  ол  сөздер  арқылы  ақпарат  алмасушылар  санының  да  артып 

отыратындығы.  Жергілікті  сөздер  алдымен  терминологиялық  лексика  қатарына 

өтуі де мүмкін (Әлімбек 2006: 74-75).

Лингвистикалық  зерттеулерде  кейде  географиялық  фактілерге  де  назар 

аударуға  тура  келеді.  Тіл  білімі  мен  географияның  өзара  байланысы  ғылымның 

жаңа  бір  саласы  –  лингвистикалық  географиядан  көрінеді.  Лингвистикалық 

география тілдегі фонетикалық, лексикалық және грамматикалық құбылыстардың 



            51                                                                                           

Elmira HAMITOVA

қандай  территорияға  тарағандығын  және  географиялық  тұрғыдан  алғанда,  қай 

территориямен шектелетіндігін көрсетеді. Лингвистикалық географияның, әсіресе 

диалектілерді  зерттеуде  белгілі  бір  диалектінің  таралу  шегін  айқындауда  үлкен 

маңызы бар (Тасымов 2014: 7).

Тіл  –  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  халықтың  ортақ  қазынасы.  Қазақты  ұлт 

ретінде  ұстап  тұрған  тіректің  өзі  –  көнеден  келе  жатқан  тілі.  Шынында  да,  тіл – 

халықтың  тарихы,  шежіресі,  халық  өмірінің  жаңғырығы  мен  ізі.  Одан  сол  тілді 

жасаушы  халықтың  арманы  мен  үміті,  қайғысы  мен  қуанышы,  күллі  рухани 

өмірінің үні естіліп тұрады. Ендеше, қолымыздағы жалғыз асылымызды көзіміздің 

қарашығындай сақтауымыз керек деп ойымды түйіндегім келеді.

ADEBİETTER

АЙҒАБЫЛҰЛЫ  А.,  (2013),  Қазақ  тілінің  лексикологиясы,  А.:  «Дәуір-кітап». 

Айтбайұлы Ө., С. Әбдрахманов, Кекілбай Ә., Қажыбек Е., Қайдар Ә., Қалиұлы Б., 

Құлкенов  М.,  Сарыбаев  Ш.,  Серғалиев  М.,  Сыздық  Р.,  Хұсайын  К.  (2007), 



Диалектологиялық сөздік, А.: «Арыс».

АМАНЖОЛОВ А., (1996), Түркі филологиясы және жазу тарихы, А.: «Санат».

АХАНОВ К., (2010), Тіл білімі негіздері (қайта басылым), А.: «Өлке».

ӘЛІМБЕК  Г.,  (2006),  Сөз  мағынасы  және  ақпарат.  Оқу  құралы,  А.:  «Атлас 

баспасы».

ӘУЕЗОВ М., (1979), Қилы заман, А.: «Жазушы».

ИСАЕВ С., (2007), Қазақ тілі. Оқу құралы, А.: «Өнер».

КОНОНОВ  А.,  (1980),  Грамматика  языка  тюркских  рунических  памятников 



(VІІ-ІХ в.в.), М.: «Наука».

НАҚЫСБЕКОВ О., (1982), Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы, А.: «Санат».

РАДЛОВ В., (1911), Опыт словаря тюркских народов, Спб.

САМОЙЛОВИЧ  А.,  (1922),  Некоторые  дополнения  классификации  турецких 



языков, Спб.

САРЫБАЕВ  Ш.,  Нақысбеков  О.,  (1989),  Қазақ  тілінің  аймақтық  лексикасы,  А.: 

«Санат».

САРЫБАЕВ  Ш.,  Нұрмағамбетов  Ә.  (1996),  Қазақ  тілінің  диалектологиялық 



сөздігі//Алғысөз, А.: «Санат».

ТАСЫМОВ  А.,  (2014),  Қазақ  диалектологиясы.  Оқу  құралы  (2-басылуы),  А.: 

«Қазақ университеті».

ХАСЕНОВ Ә., (1996), Тіл білімі. Оқу құралы (2-басылуы), А.: «Санат».




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет