Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бəрі бос. Абай



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата06.03.2017
өлшемі7,91 Mb.
#7856
1   2   3   4   5

келіп отыр.

Оқулары  өте  жақсы  тәртіпті,  тәрбиелі  балалар  бо-

лып өсті. Әрине мектепті тәмамдаған соң әрқайсысы 

өздерінің таңдаған салаларына мамандық алып үлкен 

өмірге араласты. Ания медучилищені бітіріп қалалық 

санэпидстанцияда  фелдьшер  зертханашы  болып 

жұмыс  істеді.  өкінішке  орай  денсаулығы  нашарлап 

қырық  жасында  өмірден  озды.  Қызының  қайғысын 

көтере  алмаған  әкесі  де  араға  бірнеше  жыл  салып 

қайтыс  болды.  Әмина  апай  жолдасымен  елу  жыл-

дан аса бірге тату-тәтті өмір сүрді. Жұмекең отбасы-

на  жайлы,  адамгершілігі  мол  байыпты  жан  болатын. 

Отбасындағы сыйластығы жастарға үлгі боларлық еді, 

апайымызды құрметтеп, еш ренжітпей қолдап отыра-

тын.  Ал  Әмина  апайдың  өзі  өте  ақжарқын,  қонақжай 

қай  уақытта  болмасын  есігі  ашық,  дастарқаны  жа-

юлы,  үлкен-кішіні  күліп  қарсы  алатын  аса  мейірбан 

ана.  Сондықтан  болар  басына  түскен  қайғы-қасіретті 

де  қайыспай  көтеріп,  басқаларға  үнемі  жанашыр  бо-

лып  ақыл-кеңесін  аямай  қамқорлық  жасап  отырады. 

Бүгінде  апайымыз  бір  өзі  жалғыз  болса  да  туған-

туысқандардан,  жақын-жуықтан,  көрші-көлемнен 

үнемі  хабар  алып,  жағдайларын  біліп  тұрады.  Қазір 

жасы  сексеннің  сеңгіріне  жетті.  Қартайса  да,  ауырып 

сырқаса да тіршіліктің тауқыметіне мойымай Алланың 

берген ғұмырына ризашылығын білдіреді.

Әмина  Сүлейменованың  көп  жылғы  қарапайым 

еңбегі ел тарапынан ескерусіз емес, ол кісі Қазақстан 

Республикасы Президентінің жарлығымен 2010 жылы 

«1941-1945  ж.ж  Ұлы  Отан  Соғысындағы  жеңіске  65 

жыл»  мерекелік  медалімен  марапатталды.  Ал  қала 

әкімдігі,  өзі  ұзақ  жыл  еңбек  еткен  кәсіпорын  тарапы-

нан үнемі ескеріліп мерекелерде ақшалай сыйлықтар 

беріледі. Сондай-ақ қарттар күнінде де, қаланың басқа 

да  мерейтойларында  өзін  ұмытпай  ақшалай  немесе 

тағамдай  сыйлықтар  жасайтын,  туған  үйіндей  болып 

кеткен бірінші нан заводы ұжымына айтар алғысы тіпті 

шексіз.


–  Мен  барлық  санаулы  ғұмырымды  еңбекпен 

өткіздім, сонау бір жылдары қалада тек бір ғана нанза-

воды болған кезде күн-түн демей уақытпен санаспай 

ыстық пештің қасынан шықпай нан пісірдік, сондағымыз 

жұмыстан шыққан халық үнемі жаңа піскен ыстық нан-

мен  қамтамасыз  етілсін  деген  бір  ғана  ой  еді.  Енді 

міне,  сол  еңбектің  зейнетін,  рахатын  көріп  отырмын. 

Мені үнемі ескеріп, елеп мереке сайын құттықтайтын 

барша  бауырларыма,  құрбыларыма,  ұжымыма  айтар 

алғысым шексіз, әрдайым ел аман, жұрт тыныш бол-

сын, – дейді Әмина апай ағынан жарылып.

Біз де Әмина апайды сексенге келген мерейлі тойы-

мен шын жүректен құттықтаймыз, өзінің ақ көңілі, кең 

пейілі арқылы баршаға ықылас білдіретін ана қайраты 

кемімей тоқсанның төріне шықсын деген ниеттеміз.

Көршіліктен  басталған  сый ластығымыз  жарты 

ғасырдан  артық  жарасқан  апамызға  мына  бір  өлең 

шумақтарын арнағым келеді:

Ешқашанда дәмін білмей қайғының,

Ән боп өтсін, болмасын бір жәй күнің.

Дүние-мүлік ұзартпайды өмірді,

Мереке мен шаттық болсын көңілің.



Раушан АСҚАРовА

  Қартайдым деп, қайырма,

Жас бала бар артында.

Жалғызбын деп, қайырма,

Жақсылар бар артында.

Қызы Ания

1976 жыл


Қ

қ

5



№ 37 (147) 12 қыркүйек 2014 жыл

Әлеумет және әлеует

Тұрмыс түйткілі

Бағаны бұғаулау 

мүмкін емес

Хадиша АХметжАновА, 

үй шаруасындағы ана:

Бағаның  қаншалықты  өзгергенін,  қай 

нәр сеге нендей баға қосылғанын дөп басып 

айта алмаймын, өйткені қазір көбіне үйдемін, 

Рамазан,  Әділет  атты  екі  немеремді  бағып 

отырмын. Дегенмен дүкенге әр барған сайын 

азық-түліктің бағасы 10-15 теңгеден қосылып 

жатқанын  көріп  тұрмын.  Алысқа  бармай-ақ 

кәдімгі өзіміз күн сайын сатып алатын целло-

фан  қол  пакеттері  бұрын  20  теңге  болатын, 

кейінгі  бірер  күнде  25-30  теңгеден  алдым. 

Қант,  тұз,  сұйық  май,  сіріңке  бағалары  да 

қыстағыдан өзгеріпті. Бұрын бір қорап сіріңке 

3 теңге болса қазір 5 теңге, міне осындай ұсақ-

түйектердің  өзі  қалтамызға  оңайға  түспейді, 

ал  басқа  заттардың,  дәрі-дәрмектің  бағасы 

өскені анық. Әсіресе биыл көктемнен бастап 

дәріханаларда  қымбатшылық  басталды. 

Тіпті кейбіреулері екі есеге жуық қымбаттады 

мұны  сатушылар  доллар  бағасымен  байла-

ныстырады,  ал  біздің  табысымыз  сондай 

өсіп  жатқан  жоқ.  Ірі  кәсіпорын,  мемлекеттік 

қызметші  болмаса  жеке  кәсіп  иелерінің  та-

бысы саудаға, басқа да айналысқан істеріне 

байланысты, бірде мол, бірде шөл дегендей. 

Жолдасым  Ғалымбек  екеуміз  қалаішілік  жо-

лаушы  тасымалы  саласында  талай  жыл 

жұмыс істедік, кейінгі уақытта көлікті жалдау 

бағасы  қымбат,  түсім  аз  болған  соң  мұны 

қойдық,  қазір  жолдасым  Қарағанды  –  Аста-

на  бағытындағы  жолаушы  тасымалымен 

айналысып жүр. Жалпы бағадағы өзгерістер 

елдің  тұрмыс-тіршілігіне  өзіндік  өзгерістерін 

жасағанын осы мысалдан байқауға болады. 

Әрине,  бензин  қымбаттаған  соң  жолақысы 

да  қымбаттайды.  Жуырда  ғана  Теміртау-

Қарағанды қалааралық автобусы жолақысын 

бұрынғы  130  теңгеден  150  теңгеге  көтерді. 

Бұл  енді  біздің  қалада  да  тасымал  бағасы 

қымбаттайды деген сөз. 



Жуырда  ғана  елдің  аузынан  түспей  жүрген 

қымбаттау  болды,  ол  бензин  бағасындағы  елеулі 

өзгеріс,  осыған  дейін  үкіметтегі  сала  басшы-

сы  Ұ.Қарабалин:  «Бензин  қымбаттамайды»  деп 

қанша  сендіргенімен  нарық өзінің дегенін істетті. 

Жұртшылық  ең көп қолданатын АИ-92 бірден 13 

теңгеге  өсті  де,  сонымен  қоймай  қол  жетпейтін 

дүниеге айналды. Қазір қаладағы май құю  орын-

дары  оны  талонмен  босатады  немесе  мүлде  жоқ. 

«Мүмкін қымбаттағаннан кейін келіп қалар» деген 

үміттің де бос екенін көзіқарақты жұрт біліп отыр. 

Өйткені  бұл  отынның  бағасы  біз  кеден  одағына 

біріккен елдерде қымбат, әсіресе Ресейде ол біздің 

бағамен  150-160  теңге  көлемінде,  ал  көпшілік 

кәсіпкерлер  оны  көршілерден  тасып  сататыны 

белгілі, олай болса қазіргі қымбат деп отырған 128 

теңгенің  өзі  қанша  тұрары  белгісіз.  Бұл  жөнінде 

жоғарыда аты аталған шенеуніктің өзі жуырда жур-

налистерге берген сұхбатында: «бұған дейінгі бол-

жамым дұрыс болмады, ұятқа қалдым, енді бұдан 

былай  бағаны  болжаудан  сақтанамын»  дегенді 

айтты. Еліміздің отын саласын басқарып отырған 

лауазымды  басшы  білмесе,  әрине,  жәй  халық 

болашақта  қандай  боларын  болжай  алмайтыны 

анық,  бірақ  бір  нәрсе  айқын  –  баға  тұрақсыз,  ол 

үнемі қымбаттау, өсу, көтерілу үстінде. Тіршіліктің 

көзі от пен су, олай болса отын қымбаттаса тіршілік 

те  қымбаттайтыны,  тұрмыстың  тауқыметі  арта-

тыны белгілі. Оның үстіне үстіміздегі жылы теңге 

девальвациясынан кейін бағаның ауытқушылығы 

елге оңай соғып отырған жоқ. Сөзіміз дәлелді болуы 

үшін статистикалық деректерге сүйенейік, биылғы 

тамыз  айында  былтырғы  тамызға  қарағанда құс 

еті 14%, сиыр, жылқы, қой еттері1-5%, шұжық 10% 

қымбаттаған. Мұның сыртында күнделікті пайда-

ланатын қант, сүт, көкөніс, дәрі-дәрмек бағалары да 

бір орында тұрған жоқ. Бағаның қымбатшылығын, 

кейбір заттардың қолжетімсіздігін жуырда 1 қыр-

күйек  қарсаңында  қала  тұрғындарымен  жасаған 

сауалнамада  да  естіп  білгенбіз.  Осыған  орай 

қаламыздың шығыс бөлігінде орналасқан 70 орам 

аймағында  тұрғындармен  әңгімелесіп  қазіргі 

тұрмыстың жағдайы, бағадағы өзгерістердің әсері 

туралы сұрастырған едік. Енді соған кезек берейік.

мұсақов мәді, «Арселормиттал 

теміртау» жұмысшысы:

–  Азық-түлік  бағасының  тұрақсыздығы 

нарықтың ажырамас бір белгісі ғой, дегенмен 

биылғы  теңгедегі  өзгеріс  және  жуырда  ғана 

бензин бағасының өсуі қарапайым халықтың 

қалтасына  кәдімгідей  қиыншылық  келтіріп 

отыр. Қандай тағам түрлері қымбаттады де-

Марал ҚАйнАзАРОвА, 

жеке кәсіпкер:

–  Мен  сауданы  екі  мыңыншы  жылы 

бастадым, содан бері жетпісінші орамдағы 

базарда  ет  сататын  дүңгіршекті  жалға 

алып  жұмыс  істедім.  Орынның  жалда-

уы,  жарық,  ветеринарлық  тексеру  бар  елу 

мыңдай  ақша  ай  сайын  төлеп  отырамын, 

қалғаны  күнделікті  тіршілікке  жетеді.  Ал 

баға туралы айтсақ ол үнемі өзгеруде, қазір 

біздің елімізде нарық жүйесі мықтап орын 

алды.  Сондықтан  қымбатшылық  ешкімді 

таңдандырмайтын  болды.    Салыстыру 

үшін  айтайын  осыдан  12-13  жыл  бұрын 

сиыр етінің әр келісі 150 теңге болған еді. 

Қазір  1500  теңге,  10  есе  өсті.  Ал  табыс, 

жалақы  осылай  өсті  ме.  бұл  енді  әркімде 

әрқалай,  бұл  да  нарық  заңдылығы.  Отын 

бағасының  өсуіне  орай  бірінші  кезек-

те  ең  көп  тұтынылатын  ет,  сүт,  көкөніс 

бағалары  өзгеріске  түсті.  өйткені  бәрі  де 

сырттан  тасылады.  Мәселен,  тауықтың  еті 

бұрын 500 теңге болса қазір 700 теңгеден. 

Сондай-ақ  еттен  жасалатын  тағамдар 

қымбаттауда. Мен өзім етті осы төңіректегі 

мал ұстаушылардан сатып аламын. Көбіне, 

Қарқаралы,  Осакаровка  жағынан  әкеледі. 

Жаңа  оқу  жылы  басталар  алдында  ауыл 

адамдарының  көбі  қолдарындағы  малын 

жұмсайды  ғой,  сондықтан  күздің  басында 

ет  мол  болды,  әрі  баға  да  аса  көп  қымбат 

емес.  Дегенмен  енді  бұдан  былай  еттің 

бағасын  ұстап  тұру  мүмкін  емес  өйткені 

ауылда да мал бағу оңайлыққа түсіп тұрған 

жоқ, жем-шөп қымбат, оның үстіне бензин 

қымбаттаған  соң  барлық  қатынас  та  одан 

әрі қымбаттай түседі емес пе, оның үстіне 

біздің  жетпісінші  орамдағы базардың  мәні 

кетіп  тұр,  алушылар  тым  аз.  Мүмкін  таяу 

жерлерде ірі супер маркеттер ашылуы себеп 

болған шығар.

ген  сауалған  келсек  біздің  қазақтың  көбіне 

алатыны  ет,  ал  базарда  ет  айтарлықтай 

қымбаттады,  мәселен  қазір  тауық  етінің  әр 

келісіне 150-200, ет жентегіне тағы осындай 

баға қосылып отыр. Міне мен жаңа ғана аял-

дама  қасындағы  дүкенге  кіріп  бір  түстікке 

қажетті шұжық алдым, бір бөлке нанмен екеуі 

бес  жүз  теңгеге  барды,  отбасында  үш  адам 

бармыз,  сонда  жанұяның  бір  салқын  тіске 

басары 1.5 мың теңге болып тұр. Осыдан-ақ 

байқай  беріңіз.  Ал  жалақыға  келетін  болсақ 

биылғы  10%  өсіммен  100  мың  теңгенің 

көлемінде,  бензин  қымбаттады,  енді  жол 

ақысында  да  өзгеріс  болары  сөзсіз.  Жалпы 

қымбатшылық  өмірдің  қай  саласында  бол-

масын  орын  алуда.  Кеше  ғана  Қарағанды 

облысында жылу беру 10% қымбаттады де-

ген  хабарды  телевизордан  естідік.  Енді  бір 

айдан кейін коммуналдық қызметке үйді жы-

лыту  бағасы  қосылады,  сондықтан  бағаның 

өзгерісі тек бір салада ғана емес жан-жақтан 

қысқалы  тұр.  Мұндайда  біздің  халқымыз 

әдеттегі  төзімділігіне  салып  «көппен  көрген 

ұлы той» дейді ғой,әйтеуір еліміз тыныш , бас 

аман болса деген ізгі тілекпен өмір сүреміз.

замира СмАйыловА, 

көкөніс сатушысы: 

– Менің жеке кәсіпкер 

ретінде сауда-саттықпен 

айналысқаныма оншақты 

жылдың жүзі болды, бала-

шағамды осы жұмыспен 

асырап келемін, бірақ 

кейінгі уақытта қиындықтар 

туындап отыр. Мен еңбек 

ететін жетпісінші орамдағы 

базар ғимараты супер-

маркет үшін жөнделуде, 

енді жаз болмаа қыста 

сауда жасайтын жылы 

жер жоқ. Сондықтан 

біз сияқты жеке сауда 

жасайтын өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз 

етіп отырған жеке адамдарға жұмыссыздық 

туатын түрі бар. Оның үстіне биылғы 

теңгенің құнсыздануы бағаға кері әсерін 

тигізді, қазір жеміс-жидектің көбі шетелден 

келетіндіктен доллармен бағаланады да 

сатуда қымбатқа есептеледі. Ал жуыр-

да ғана бензин бағасының өсуі тағы да 

қымбатшылыққа ұрындырды, өйткені біздің 

аймақта бау-бақша, көкөніс өнімдері тым 

жеткіліксіз болғандықтан бәрі оңтүстіктен 

тасылады ғой, сонда тасымалдың құны 

өнімнің бағасын тым асқақтатып отыр. 

Мәселен бензин бағасындағы өзгеріске 

дейін Қарағандыдағы көтерме сауда база-

рынан қызанақты 75-80 теңгеден, бұрышты 

70 теңгеден, баклажанды 50-60 теңгеден 

алатын едік, ал қазір осы бағаларға 30-40 

теңгеден қосылды, соған орай біздің сататын 

бағамыз да өсті. Ал алушы мүлде аз, оның 

бір себебі қымбатшылық болса, екінші 

себебі қалада супер маркеттер санының өсуі 

деуге болады. Әрине, біздей жеке сөре иесі 

үлкен супер маркетпен теңесе алмайды. 

Оларда айналым үлкен болғандықтан аз 

қосып арзандау сата береді. Міне, осындай 

қиындықтар біз сияқты өзін-өзі жұмыспен 

қамтып отырғандардың қолын байлауда. 

Келешекте жұмыссыз қаламыз ба деген 

қауіп бар.



Баға  туралы  елдің  аузынан  естіген  әңгіме  сарыны  осындай,  кіммен  сөйлессек 

те  «қазіргі  бағаны  қалтамыз  көтереді,  оң  жамбасымызға  оңтайлы»  деп  тұрған 

еш қайсысы  болған  жоқ.  Азық-түлік,  күнделікті  тұтыну  тауарлары  бірте-бірте 

жоғарылауда.  «Экспресс»  бизнес  орталығы  алдындағы  газет-журнал  дүңгіршегі 

мұндағы  басылым  бағаларының  да  кейінгі  уақытта  10-15  теңгеге  қымбаттап 

келетінін  жеткізді.  Статистика  агенттігі  биылғы  тамыз  айындағы  ең  төменгі 

күнкөріс деңгейінің шамасы 20736 теңге деген мәлімет таратты, ал тұрғындар бол-

са дүкенге бір кіргенде жалақының жартысын тастап шығамыз деген пікірде. Жалпы 

бағаны бұғаулау мүмкін емес. Ол үнемі өзгереді,  қымбаттайды – бұл капитализмнің 

біз өмір сүріп отырған жабайы нарықтың жазылмаған заңы.

Серікгүл  АлтАйбАевА

Суреттерді түсірген: 



Қарлығаш бейСенҚызы

№ 37 (147)  12 қыркүйек 2014 жыл

Қ

қ



6

Жекешелендіру



Жария ету қалай жүргізіледі?

???


Заңдастыру

Сұрақ: 


Көптеген қазақстандықтар 

1 қыркүйектен басталатын 

Мүлікті жария ету (заңдастыру) 

акциясының негізгі мақсатын 

білгісі келеді. Бұл көлеңкеден 

мүліктерді алып шығуды 

көздей ме, әлде ел экономика-

сына қаржы тартуды ма?

Б.СҰЛТАНОВ: 

Жария ету – әлемдік 

практикада жаңа нәрсе емес. 

Еуропаның бірқатар елдері

көптеген АҚШ штаттары 

мұндай акцияны бірнеше рет 

өткізіп келеді. Өйткені, капи-

талды көлең кеден шығару 

проблемасы барлық елдерде 

де өте өзекті болып табылады. 

Мәселен, табыс пен капи-

талды жария ету жөніндегі 

бағдарламалар Үндістанда 5 

рет, Португалияда 4 рет, Фран-

цияда, Австрияда, Ирландияда 

2 реттен іске асырылған. Сол 

сияқты Италияда да жария ету 

бірнеше рет өткен. Капитал-

дарды амнистиялауға деген 

ұмтылыс Бельгия мен Герма-

нияда да болған. Мысал үшін, 

АҚШ-та 1982 жылдан бастап 

1997 жыл аралығындағы кезең 

ішінде 40 штат шамамен 62-ге 

жуық салықтық амнистиялар 

өткізген.

Ағымдағы жылы 1 

қыркүйектен басталатын жаңа 

акцияны өткізудің алғашқы 

алғышарты – Қазақ стан 

экономикасындағы көлеңкелі 

айналымда қомақты қаржының 

жүргендігі. Оны жарыққа 

шығару керек. Мәселен, 2012 

жылы көлеңкелі экономи-

ка үлесі жалпы ішкі өнімнің 

19 пайызына жуықтаған. 

Бұл шамамен 6 триллион 

теңгені (Дүниежүзілік банктің 

бағалауы бойынша) құрады. 

Екіншіден, назар аударатын 

тағы бір нәрсе, бұл – шетелдік 

инвестициялардың қысқаруы 

мен ағымдағы операциялар 

шоты сальдосының төмендеуі. 

Үшіншіден, дағдарыс 

құбылыстарына байланы-

сты банк секторы тарапынан 

экономиканы несиелендірудің 

төмендегені байқалады.

Міне, осылайша экономи-

каны дамыту үшін қосымша 

ресурстар тарту қажеттігі ту-

ындады. Сондықтан да Ұлттық 

қордан 1 триллион теңгені 

экономикаға құю, шетелдік 

инвесторларға қо сымша ын-

таландыру пакеттерін ұсыну, 

отандық экономиканың ішкі ре-

сурстарын көлеңкеден шығару 

секілді шаралар қосыла келе, 

жоғарыда аталған проблема-

ларды еңсерудің нақты құралы 

болып табылады. Сөйтіп, 

акцияның негізгі мақсаты – 

жария етілген капитал түрінде 

экономикаға қосымша қаражат 

жуықта «Хабар» телеарнасында мемлекет қолға алып отырған 

мүлікті жария ету акциясына байланысты дөңгелек үстел болып 

өтті. тікелей эфирде түскен сауалдарға Премьер-министрдің орын-

басары – Қаржы министрі бақыт Сұлтанов, Өңірлік даму министрі 

болат жәмішев, бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко, 

әділет министрінің орынбасары бақытжан әбдірайым, Ұлттық банк 

төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов жауап берді. мүлікті жария 

ету шарасының бүкіл ел халқы үшін маңыздылығын ескере отырып, 

қойылған сұрақтар мен берілген жауаптарды ықшамдап жариялағанды 

жөн көрдік.

тарту болып отыр.

Сұрақ: 

Мүлікті жариялағаннан 



кейін құқық қорғау, салық және 

басқа да органдармен арада 

проб лемалар болмай ма? 

Мүлкін жария еткендердің 

үстінен қылмыстық және 

әкімшілік істер қозғалмай ма? 

Бұған қандай кепілдік бар?

А.КРАВЧЕНКО: 

Жария ету туралы заңда 

мүлкін жария етушілердің 

әкімшілік және тәртіптік 

жауапкершіліктің қандай 

түрлерінен босатылатындығы 

нақты жазылған. Сондай-

ақ, қандай қыл мыстардың 

жауапкершіліктен 

босатылмайтындығы 

да жазылған. Қандай 

қылмысты жолдармен 

алынған мүліктердің жа-

рия етуге жатпайтындығы 

көрсетілген. Ал енді кепілдік 

беру мәселесіне келсек, заң 

бойынша жария ету бары-

сында алынған мәліметтердің 

құпиялы болатындығына 

кепілдік берілген. Екіншіден, 

жария етуді жүргізу үдерісі ба-

рысында алынған мәліметтер 

негізінде мүлкін жария етуші 

субьектіге жария етілген 

мүліктің шегінде қылмыстық 

қудалаудың, әкімшілік және 

тәртіптік жауапкершілікке 

тартудың болмайтындығы, 

мұндай әрекеттерге тыйым 

салатындығы жөнінде кепілдік 

берілген.

Сұрақ: 

Ұлттық Банк өкіліне сауалы-



мыз бар. Жалпы ел экономи-

касынан шығарылған ақшаның 

көлемі қандай? Осындай бір 

нақты статистика бар ма?

Қ.ҚОЖАХМЕТОВ: 

Қазақстан Республикасының 

Ұлттық Банкі «Ұлттық Банк 

туралы» және «Мемлекеттік 

статистика туралы» заңдарға 

сәйкес сыртқы сектор стати-

стикасын құруға және таратуға 

жауапты мемлекеттік стати-

стика органы болып табылады 

(төлем балансы, халықаралық 

инвестициялық жайғасым және 

сыртқы қарыз жөнінде).

Сонымен бірге, халықтың 

қызығушылығын ескере 

отырып, Ұлттық Банктің 

интернет-ресурсында 2012 

жылдың қаңтар айынан бастап 

жекеменшік секторының 

өз капиталының таза кіріс-

шығысы туралы мәлімет жа-

рияланады. Оған өз кезегінде 

елдегі төлем балансындағы 

қаржылық есебінде тіркелген 

жекеменшік секторының 

барлық операциялары кіреді, 

соның ішінде қателер мен 

қалып қойған операциялары 

да кіреді.

Соңғы жеті жылда (2007-

2013 жылдар аралығында) 

жекеменшік секторы 

капиталының таза кірісі 

байқалды. Сол капиталдың 

кірісі мен шығысынан жалпы 

сомасы шамамен алғанда 

39 млрд. АҚШ долларынан 

асты. Алайда, 2014 жылдың 

1-тоқсанында жеке сектор 

капиталының таза шығысы 3 

млрд. АҚШ долларын құрады.

Сонымен бірге, сырты 

экономикалық статистиканың 

әдіснамасы елден шығарылған 

қаражатты, соның ішінде 

заңсыз шығарылған қаражатты 

анықтау немесе ол бой-

ынша жеке есеп жүргізуді 

қарастырмайды және мақсат 

етпейді де. Қаражатты ел-

ден заңсыз шығарылды деп 

тек құқық қорғау органдары 

растағаннан кейін ғана тануға 

болады. Сол себепті Ұлттық 

Банк елге кірген немесе ел-

ден шыққан қаражаттың қай 

бөлігі заңды немесе заңсыз 

екендігі туралы ақпаратты 

қадағаламайды. Бұдан басқа, 

көбінесе теріс балансты 

көрсететін Қазақстан төлем 

балансының «Қателер және 

қалып қойғандар» деген 

тармақтың мәліметіне сүйене 

отырып айтатын болсақ, толық 

есепке алынбаған капиталдың 

шығысының бір бөлігі елден 

шығарылған қаражат болуы да 

мүмкін.


Жеті жыл мерзім 

ішінде (2007-2013 жыл-

дар аралығында) төлем 

балансының қателері мен 

қалып қойғандары 25,4 

млрд. АҚШ долларын 

құрады. Алайда, алдында 

айтылғандай, көрсетілген 

мерзімде капиталдың таза 

кірісі байқалады. Сол себепті 

капиталдың елге кірісі 

шығысынан асты деп толық 

сеніммен айтуға болады.

Сұрақ: 


Біз Астана маңындағы 

Талапкер ауылына көшіп кел-

генде, әкімдік бізге жер бөлді. 

Әкімдіктің жер бөлу туралы 

шешімі қолымызда. Бірақ әлі 

жердің актісін алған жоқпыз. 

Жерімізге үй салып алдық. 

Осы үйді заңдастыра аламыз 

ба?

Б.ӘБДІРАЙЫМ: 



Қолданыстағы заңнамаға 

сәйкес жер учаскесін беру 

туралы мәселені шешу және 

жер учаскесіне мемлекеттік 

акт беру жергілікті атқару 

органдарының құзыретіне 

жатады. Егер сізде жер 

учаскесін беру туралы шешім 

болса, бірақ оған мемлекеттік 

акт алынбаған жағдайда, сіз 

осы құжатты алу үшін тиісті 

әкімдікке жүгінуіңіз қажет. Сізге 

мемлекеттік акт берілмеген 

жағдайда, өз құқығыңызды 

қорғау жөнінде сот органдары-

на жүгіне аласыз. Мемлекеттік 

актіні алғаннан кейін, оны 

Халыққа қызмет көрсету 

орталығы арқылы әділет орган-

дарында тіркеуіңіз қажет. Осы 

рәсімдерден кейін ғана, сіз өз 

үйіңізді заңдастыру бойынша 

акцияға қатыса аласыз.

Сұрақ: 


Мүлікті жария ету үшін 

комиссияға қандай құжаттар 

тапсыру қажет? Ол комисси-

ялар қайда отырады? Жария 

ету үдерісі қашан басталып, 

қай уақытқа дейін созылады?

Б. ЖӘМІШЕВ: 

Заңға сәйкес мүлікті жария 

ету үшін комиссияға мына-

дай құжаттарды тапсыру 

қажет: 1. Мүлiктi жария етуге 

өтініш, екi данадан; 2. Өтініш 

берген кезде жеке басын 

куәландыратын құжаттың 

көшiрмесi мен түпнұсқасын 

көрсету қажет; 3.Ғимараттар 

мен құрылыстарға техникалық 

тексеру жүргізген сарапшының 

қорытындысы; 4. Жылжы-

майтын мүлік нысанының 

техникалық төлқұжаты.

Комиссиялар барлық 

әкімдіктерде құрылады. Жария 

ету үдерісі 2014 жылғы 1 

қыркүйектен басталады және 

2015 жылғы 31 желтоқсанға 

дейін жүргізіледі.

Сұрақ: 


Осы уақытқа дейін бізде екі 

мәрте мүлікті заңдастыру (жа-

рия ету) шарасы өткені белгілі. 

Осы екі шарада қанша қаржы 

заңдастырылды? Алдағы 

мүлікті жария ету акциясынан 

қандай нәтиже күтеміз?

Б.СҰЛТАНОВ: 

Иә, шынында жария 

етуді өткізуде Қазақстанның 

тәжірибесі бар. Алғашқы 

ақшаны жария ету Қазақстан 

Республикасында 2001 жылғы 

шілде-тамыз айларында бір 

ай бойы өткізілді. Жария ету 

ол кезде бір жолғы акция 

түрінде, сол өткізу кезеңіне 

Қазақстан азаматтарының 

екінші деңгейдегі банктердегі 

арнайы шоттарға ақша салуы 

жолымен өткізілді. Амни-

стия нәтижесінде Қазақстан 

Республикасының шамамен 

3 мыңға жуық азаматы 480,0 

миллионнан астам АҚШ долла-

рын жария етті.

2006-2007 жылдары жария 

етуге тек қана ақша емес, 

сол сияқты жылжымалы 

және жылжымайтын мүлік те 

жатқызылды. Осы ерекшелікті, 

сондай-ақ, мерзімдерін 



Қ

қ

№ 37 (147) 12 қыркүйек 2014 жыл



7

ұзартуды ескере отырып, ак-

ция анағұрлым созылмалы си-

патта болды және бір жылдан 

астам уақытты қамтып, 2006 

жылғы 3 шілдеден бастап, 

2007 жылғы 1 тамызға дейін 

өткізілді. Сол кезде мүлікті 

жария етуді өткізу үшін жа-

рия етілген мүлік құнының 10 

пайызы мөлшерінде алым алу 

көзделді.

Осы акцияны өткізу 

нәтижесінде 845 млрд. теңге 

немесе 7 млрд. АҚШ доллары 

мөлшеріндегі (бұл 2006 жылғы 

ІЖӨ-нің 8,3 пайызы) мүлік 

жария етілді. Оның ішінде 

538 млрд. теңгенің ақшасы 

(бүкіл мүліктің 63,7 пайызы), 

236 млрд. теңгенің жылжы-

майтын мүлкі жария етілді. 

Осы шарадан республикалық 

бюджетке шамамен 60 млрд. 

теңгенің немесе 483 млн. АҚШ 

долларының жария ету алымы 

түсті.

Сұрақ: 


Менің досымның шетел 

банктерінің бірінде есепшо-

ты бар. Ол өз қаражатын 

заңдастырғысы келеді. 

Экономикалық дағдарысты, 

Еуропада заңдастырылған 

табысты қысқарту шаралары-

на байланысты өз ақшасынан 

айырылып қалудан қорқады. 

Не істесе болады?

Б.СҰЛТАНОВ: 

Заңмен шетелдік 

банктердегі шоттарда тұрған 

ақшаны жария ету мүмкіндігі 

берілген. Ұсынылған жария ету 

рәсімі бойынша ақша екінші 

деңгейдегі банктерде, сондай-

ақ, пош та қызметінің ұлттық 

операторында ашылған ар-

найы жинақ шоттарына есепке 

жатқызылуы тиіс. Одан кейін, 

субъект жария ету құралын 

таңдауы керек.

Біріншіден, ақшаны 

жоғарыда айтылған екінші 

деңгейдегі банктерде, сондай-

ақ, пошта қызметінің ұлттық 

операторында ашылған 

арнайы жинақ шоттарында 

бес жыл бойында ұстауға 

болады, тіпті, оған нарықтық 

мөлшерлемемен сыйақы 

да алып тұрады. Екіншіден, 

егер ынтасы болса, бұл 

қаржыға мемлекеттік 

бағалы қағаздарды, ұлттық 

басқарушы холдингтердің 

және компаниялардың, екінші 

деңгейдегі банктердің обли-

гациялары мен акцияларын 

сатып алу арқылы, «Халықтық 

ІРО» бағдарламасына қатысу 

арқылы экономикамызды 

инвестициялауға болады. 

Үшіншіден, азаматтар жа-

рия етілген ақшаларына 

жекешелендірудің екінші 

толқынына шығарылатын ны-

сандарды сатып ала алады.

Егер азаматтардың мұндай 

істерге қатысуға ынтасы жоқ 

болса, онда ол жария етілген 

қаражатын өз қалауы бойынша 

жұмсай немесе сақтай алады. 

Мұндай ақшаны жариялау 

кезінде екінші деңгейдегі банк 

немесе пошта қызметінің 

ұлттық операторы азаматтан 

жариялаған ақшасының 10 

пайызын алым ретінде ұстап 

қалады.

Сұрақ: 


Ақшаны жария еткен-

де ол қай уақыттан бастап 

заңдастырылған болып таны-

лады? Банктің есепшотында 

сақталатын бес жылды, яғни 

толық мерзімді күту керек пе?

Қ.ҚОЖАХМЕТОВ: 

Осы заң бойынша ақша 

банкте немесе Қазпоштада 

ашылған арнайы жинақтау 

шотына салған сәттен бастап 

заңды деп танылады. Ол үшін 

тиісті құжат беріледі. Сол 

себепті бес жыл күтудің қажеті 

жоқ.

Сұрақ: 


Осы заңдастыру шарасын 

өткізуге мемлекет қанша қаржы 

бөлді? Егер жоспарланған 

ақша келмей қалса, не бола-

ды? 

Б.СҰЛТАНОВ: 



Мүлікті жария ету ак-

циясын өткізуді жекелеп 

қаржыландыру жоспарланған 

жоқ. Барлық жұмыс осы акци-

яны өткізу үдерісіне тартылған 

мемлекеттік органдардың 

ағымдағы шығыстары 

шеңберінде жүргізілетін бо-

лады. Өткен жария етулердің 

нәтижелері мен халықаралық 

тәжірибені ескере отырып, 

түсетін түсімдер бұдан 

алдыңғы акциялардан артық 

болмаса, кем болмайды деп 

күтудеміз.

Сұрақ: 


Жақында Шымкент 

қаласына жақын жатқан ау-

дандарды қосты. Біз тұратын 

кент қазір қалаға жатады. 

Маған осы үйімді заңдастыруға 

қажеттілік бар ма? Ол үшін 

қандай құжаттар керек? Сосын 

менің таныстарымның сая-

жайы орналасқан учаске де 

осылай қалаға қосылды. Олар 

мүліктерін заңдастыра ала ма?

Б.ӘБДІРАЙЫМ: 

Бұл сұрақ заңдастыруға 

(жария етуге) қатысты емес. 

Сонымен қатар, Жер кодексінің 

6-бабының 108-тармағына 

сәйкес жep учаскелерiн қала, 

кент, ауыл шегiне қосу осы уча-

скелерге меншiк құқығын не-

месе жер пайдалану құқығын 

тоқтатуға әкеліп соқпайды.

Бұдан басқа, «Жылжы-

майтын мүлікке құқықтарды 

мемлекеттік тіркеу тура-

лы» Заңның 6-бабының 

2-тармағына сәйкес жылжы-

майтын мүліктің сәйкестендіру 

сипаттамаларының өзгеруі 

мемлекеттік органдардың 

шешімі бойынша болған 

жағдайда, оның ішінде елді 

мекендердің атауы, көшелердің 

аты, сондай-ақ, үйлер мен 

өзге де құрылыстардың 

реттік нөмірлері (мекен-

жайы) өзгерген кезде немесе 

әкімшілік-аумақтық құрылысын 

реформалауға байланысты 

кадастрлық нөмірлер өзгерген 

кезде мұндай өзгерістерді 

тіркеу құқық иеленушіге 

жүктеле алмайды және өтеусіз 

жүзеге асырылады.

Сіздің жағдайыңызда 

мынадай реттілік тәртібімен 

ХҚО-ға: 1. мекенжай тура-

лы анықтаманы алу үшін 

(архитектура органдары); 

2. мемлекеттік актідегі 

кадастрлық нөмірге өзгерістер 

енгізу (жер қатынастары 

органдары); 3. сәйкестендіру 

мәліметтерінің өзгергенін 

тіркеу үшін (әділет органдары) 

жүгінуіңіз қажет.

Сұрақ: 


Ауыл тұрғындарына да сау-

ал қоюға мүмкіндік берілгеніне 

рахмет. Мен Қостанай об-

лысы, Жангелдин ауданының 

тұрғынымын. Мен өз ауданым-

нан сіздер айтып отырған са-

рапшыларды таба аламын ба? 

Ол сарапшылар ауылдарға 

келе ме?

Б.ЖӘМІШЕВ: 

Қазіргі уақытта Өңірлік 

даму министрлігі мүлікті 

жария етудің жаңа 

қағидаларын әзірлеп жатыр. 

Осы қағидаларға сәйкес 

сейсмикалық емес аудандар-

да сарапшының қорытын-

дысын ұсыну қажет болмайды. 

Сейсмикалық аудандарда 

орналасқан елді мекендердің 

тізімі құрылыс нормалары мен 

ережелерінде көрсетілген. 

Осы құжатта Қостанай облысы 

сейсмикалық қауіпті ауданға 

жатпайды.

Сұрақ: 


Жалпы, елімізде қанша 

сарапшы бар? Олар аздық 

етпей ме?

Б.ЖӘМІШЕВ: 

Бүгінде еліміз бойынша 

ғимараттар мен құрылыстарға 

техникалық зерттеулер 

жүргізетін 451 сарапшы атте-

статтаудан өткізілген. Сарап-

тамадан өткізуге берілген 

өтініштер санына байланы-

сты олардың қатары өсіріле 

беретін болады. 

Сұрақ: 


Көптеген саяжай 

учаскелерінде тұруға қолайлы 

жақсы үйлер салынған. Бұл 

тұрғын үйлерді жария етуге 

бола ма?

Б.ЖӘМІШЕВ: 

Заңға сәйкес Қазақстан 

Республикасындағы 

ғимараттар жария ету-

ге жатады. Ғимараттар 

құрылыс талаптарына және 

жер учаскесінің мақсатына 

сәйкес келуі керек. Саяжай-

лар, ғимараттар тек өзінің 

мақсатына қарай жария 

етіледі, оның жер учаскесі жеке 

меншікте болуға тиіс және 

құрылыс талаптарына сәйкес 

болуы керек.

Сұрақ:


 Жылжымайтын мүлікке 

техникалық төлқұжатты қалай 

аламыз? Ол қанша уақытта 

жасалады?

Б.ӘБДІРАЙЫМ: 

Жария ету аясында, 

егер сізде жер учаскесіне 

мемлекеттік акт болса, 

құрылысқа техникалық 

төлқұжат алу үшін жылжымай-

тын мүлік нысанының орнала-

су мекенжайы бойынша тиісті 

құжаттар тізбесімен Халыққа 

қызмет көрсету орталығына 

жүгінуіңіз қажет (өтініш; жеке 

басын куәландыратын құжат; 

жер учаскесіне сәйкестендiру 

құжатын қоса бере отырып, 

тіркеу нысанын растайтын 

құқық белгілеуші құжаттар; 

алым сомасын төлегенiн рас-

тайтын құжат).

Техникалық төлқұжатты 

әзірлеу мерзімі жылжымайтын 

мүлік нысанының түріне байла-

нысты жасалады.

Атап айтсақ, пәтерлерге, 

жатақханалардағы бөлмелерге 

техникалық төлқұжат үшінші 

жұмыс күні, жеке тұрғын 

үйлерге, жеке гараждарға, 

саяжай құрылыстарына 

техникалық төлқұжат жетінші 

жұмыс күні беріледі және оның 

бағасы мүліктің аумағына 

байланысты 3 мың теңгеден 

жоғары болады.

Басқа жылжымайтын 

нысандарға техникалық 

төлқұжаттар олардың аумағы 

мен күрделілігіне байланысты 

20 жұмыс күніне дейін жаса-

лады.

Көрсетілген 



мерзімдерге Жылжымай-

тын мүлік орталықтарының 

қызметкерлері сізбен келісе 

отырып, техникалық зерттеу 

жүргізу үшін нысанға бару және 

оның нәтижесінде техникалық 

төл құжатты әзірлеп, сізге беру 

уақыты да кіреді.

Әлеуметтік желі арқылы 

сұрақ: 


Менің Барселонада үйім 

бар. Қазір іс жүзінде екі 

елде өмір сүріп жатырмыз. 

Күз бен қыста Испанияда 

боламыз. Қазақстан азамат-

тарымыз. Бізге осы мүлікті 

заңдастыру қажеттілігі бар 

ма? Және қандай шарттармен 

заңдастыру жүреді? Өйткені, 

техникалық сарапшылар 

Қазақстаннан Испанияға бар-

майтын шығар? Шетелдік жыл-

жымайтын мүлкі бар азаматтар 

осы акциядан не ұтады?

Б.СҰЛТАНОВ: 

Акция бар мүлікті жария 

ету және заңды айналымға 

енгізу мүмкіндігін береді. 

Біріншіден, бұл алдымыз-

да тұрған жалпыға бірдей 

декларациялаудың енгізілуімен 

байланысты, азаматқа 

кейіннен оны қорықпастан 

декларацияда көрсетуі үшін 

мүлкін қазір жария етіп алу 

құқығы беріледі. Екіншіден, 

шетелдегі мүлікті жария ету 

кезінде жария етілген мүліктің 

құнынан жария ету үшін алы-

натын 10 пайыз мөлшеріндегі 

алым мемлекет бюджетіне 

түседі.


Сұрақ: 

Заң бойынша мүлікті 

оралмандар да заңдастыра 

алады деп жазылыпты. Олар 

Қазақстан азаматтары емес 

пе? Неге бұлай бөлген? Әлде 

оралмандарға артықшылықтар 

бар ма?


Б.ӘБДІРАЙЫМ: 

«Халықтың көші-қоны 

туралы» Заңның 1-тармағы 

13) тармақшасына сәйкес 

оралмандар – тарихи Отанын-

да тұрақты тұру мақсатында 

Қазақстан Республикасы-

на келген және Қазақстан 

Республикасының Үкіметі 

айқындайтын өңірлерге 

қоныстандырылатын және осы 

заңда белгiленген тәртiппен 

тиiстi мәртебе алған, Қазақстан 

Республикасы егемендiк алған 

кезде одан тыс жерде тұрақты 

тұрған этностық қазақтар және 

оның Қазақстан Республикасы 

егемендiк алғаннан кейiн одан 

тыс жерде туған және тұрақты 

тұрған ұлты қазақ балалары.

Осыған байланысты, 

«Жария ету туралы» Заңға 

сәйкес оралмандар және 

Қазақстан Республикасын-

да тұруға ықтиярхаты бар 

адамдар мүлікті жария ету 

субъектілеріне жатады (1-бап, 

4)тармақша).

Сұрақ: 

Мүлікті заңдастыруды тегін 



жасауға бола ма? Комиссия 

біздің өтінішімізді қанша уақыт 

ішінде қарайды?

 Б.СҰЛТАНОВ: 

Жария ету үшін алынатын 

алым жария етуші адамдардан 

екі жағдайда алынады.

Біріншіден, екінші 

деңгейдегі банктердегі арнайы 

шоттан ақшаны мерзімінен 

бұрын (бес жыл толмастан), 

экономикаға инвестиция 

жасамастан алса.Екіншіден, 

Қазақстан аумағынан тыс 

жер дегі мүлікті жария еткен-

де, оның ішінде тиісті адамға 

рәсімделмеген мүлікті жария 

етсе алынады.

Сонымен бірге, 

талқылауларды ескере 

отырып, заң жобасына мына-

дай нақтылаушы ережелер 

енгізілді:

Мемлекеттік тіркелуге 

жататын жария етілген 

мүлікті субъект өзі дербес 

тіркейді. Жария етілген мүлікті 

рәсімдеумен байланысты 

Қазақстан Республикасының 

заңнамасында көзделген 

шығыстардың барлығын жария 

ету субъектілерінің өздері дер-

бес көтереді.

Комиссия жария етуге 

өтініш пен тиісті құжаттар 

келіп түскен күннен бастап 

құжаттарды 30 күнтізбелік 

күннен аспайтын мерзімде 

қарауы тиіс.

Сұрақ: 


Менің туысым – 

Ресейдегі компанияның 

құрылтайшыларының бірі. 

Қазір ол мүліктің өзіне қатысты 

бөлігін Қазақстанда жария 

еткісі келеді. Мұндай активтер 

жария етуге жата ма?

Қ.ҚОЖАХМЕТОВ: 

Иә, «Жария ету туралы» 

Заң бойынша заңды тұлғаның, 

соның ішінде шетелдерде 

тіркелген заңды тұлғаның 

жарғы капиталындағы 

қатысушылық үлесті жариялау 

мүмкіндігі де қарастырылған. 

Сұрақ: 


Ақшаны мемлекет 

ұсынатын құралдарға салмай 

заңдастырған кезде барлық 

қаражаттың 10 пайызын 

төлеуіне тура келеді. Бұл көп 

емес пе? Мысалы, 100 000 

долларды заңдастыру үшін 10 

000 долларды төлеу дұрыс па?

Б.СҰЛТАНОВ: 

Берілген мүмкіндікті 

пайдаланғысы келген адам 

үшін алынатын алымның 

мөлшері кедергі болмайды деп 

санаймыз. Мөлшерлеме жеке 

табыс салығы бойынша (10 

пайыз) қандай болса, дәл сол 

мөлшерде белгіленген. Бұдан 

басқа мүлікті (ақшадан басқа) 

жария ету бойынша алынатын 

10 пайыз мөлшеріндегі алым 

елдің ішінде белгіленбейді. 

Өйткені, шетелдегі мүлікке 

қарағанда іштегі мүлік салық 

әкеледі немесе әкелетін 

болады. Осыған байланысты, 

заңда шетелдегі жария етілетін 

мүлікке, сондай-ақ, елдің 

экономикасына инвестиция 

жасамастан мерзімінен бұрын 

алынатын жағдайда ақшаға 

алым салығын салу көзделген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет