Әлем елдері Ұлы дағдарыстан қалай шықты? №2 сабағы



бет1/4
Дата06.02.2023
өлшемі0,74 Mb.
#65608
түріСабақ
  1   2   3   4

Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы
Бөлім тақырыбы: Әлемдік экономикалық дағдарыс Сабақ тақырыбы: Әлем елдері Ұлы дағдарыстан қалай шықты? №2 сабақ
Дүниежүзі тарихы
8 сынып
Оқу мақсаты:
    • 8.4.1.5 - 1930 жылдардағы құрылымдық экономикалық дағдарыстың нәтижесінде экономикада орын алған өзгерістерді анықтау;
    • 8.3.1.3 - фактілерді, процестер мен оқиғаларды салыстыру арқылы дүниежүзілік экономикалық дағдарырыстан шығудың түрлі жолдарын түсіндіру (АҚШ, Франция, Германия)

Бағалау критерийі:
    • Әлем елдеріндегі дағдарыстың әсерін біледі.
    • Дағдарысқа дейінгі және дағдарыстан кейінгі жағдайды салыстырады.
    • 1929-1933 жылдардағы дағдарыстан әлем елдерінің әлеуметтік – экономикалық тұрғыдан шығуына баға береді.

1929 жылы АҚШ–та Биржа күйреуі болды.  1929 жылы 24 қазанда «қаралы бейсенбі» күні акциялар бағасы күрт құлады. АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Германия және Франция сияқты елдерде дағдарыс әсері өте күшті сезілді, бірақ басқа мемлекеттерді де қамтыды. Әсіресе өнеркәсібі дамыған қалаларға тиген зияны көп болды. Кейбір елдерде құрылыс саласы толығымен тоқтап қалды. Төлеу қабілеттілігінің төмендеуіне байланысты ауыл шаруашылық өнімдері 40—60 % төмендеп кетті.

1929 – 33 жылдардағы дағдарыс АҚШ экономикасын ерекше күйзелтті. Өнеркәсіп өндірісі 46 % қысқарды, ұлттық табыс екі есеге кеміді, жалақы 35 % азайды. Ұлыбританияда дағдарыстың алғашқы белгілері 1930 жылдың басында пайда болды, ал ең тереңдеген кезі 1932 жыл. Елдің дағдарыстан шығуына ағылшын буржуазиясының шетке капитал шығаруды азайтып, қаржыны өз елінің өнеркәсібіне жұмсауы елеулі ықпал етті. Англия дүние жүзінде өнеркәсіптік және финанстық орталық болу рөлінен мүлдем айырылып қалды. Италия аграрлы – индустриялы елге айналды. Соғыста ұлттық байлығының үштен бірінен айырылды, фашистік қозғалыс күшейді. 1929 – 33 жылдары 3 банк күйреді, өнеркәсіп өнімі 3 есе кеміді, жалақы 50 – 60 % қысқарды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет