Бірігу тәсілі арқылы жасалған жаңА Қолданыстар



жүктеу 52.64 Kb.

Дата03.03.2017
өлшемі52.64 Kb.

БІРІГУ ТӘСІЛІ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН ЖАҢА ҚОЛДАНЫСТАР 

Р.Р. Тұяқбаева, ф.ғ.к, доцент  

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., 

Қазақстан 

                                                  

«Қазақ тілін оқыту-мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі» 

республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. ЕҰУ, 2011. - 

232-236 б. 

 

Аннотация.  В  данной  статье  рассматриваются  вопросы  формы  словообразования 

(словообороты) путем слияния слов. 

    

Р.Р.Туякбаева  – к.ф.н., доцент 

Кафедра  практического  казахского  языка  ФФ  ЕНУ  им.  Л.Н.  Гумилева,  

ул.Мунайтпасова 5 

корпоративная почта: 

Tuyakbaeva_RR@enu.kz

  



 

Аbstract.  

 

Кілт  сөздер:  (біріккен  сӛздер,  сӛзжасам,  біріктіру  тәсілі,  жаңа  қолданыстар,  тірек 

сӛздер) 


 

 

Жақында  ел  тәуелсіздігінің  20  жылдығын  атап  ӛткелі  отырмыз. 



Тәуелсіздіктің  20  жылында  еліміздің  қоғамдық-саяси,  рухани-мәдени  және 

экономикалық ӛмірі елеулі ӛзгерістерге толы болды.  

 

Тіл  –  ӛзгеріп,  толығып,  дамып  отыратын  қоғамдық  құбылыс 



болғандықтан,  осы  кезеңнің  ұлттық  тіліміздің  дамуына  да  үлкен  әсері 

болғаны  белгілі.  Кейінгі  жылдары  тілімізге  енген    жаңа  қолданыстардың 

ішінде  тілдер  арасында  сӛз  алмасудың  әрқашанда  болатынының  дәлелі 

ретінде  президент,  спикер,  сенат,  интернет,  принтер  т.б.  сӛздер  тілімізге 

ешбір  ӛзгеріссіз  енсе,  ал  бұрын  ӛзгеріссіз  қолданылып  келген  Еуразия, 

Еуропа,  Мәскеу  сияқты  т.б.  сӛздердің  тіліміздің  дыбыстау  жүйесіне  сәйкес 

ӛзгертіліп, қолданып жүргенін кездестіріп жүрміз.  

“Тілдің бір ерекшелігі – шын мағынасындағы “жаңа сӛздің” жасалуы тіл 

қорында кездесетін құбылыс. Мәселен, мен ӛз басым кейінгі 100 жыл ішінде , 

айталық, қазақ тілінде дүниеге келген, ӛте сирек, бұрын - соңды болмаған “су 

жаңа” тӛл түбірді атай алмаймын. Ӛйткені ол болмыста жоқ: Қазақ тіліндегі 

бір  жарым  мыңдай  бір  буынды  тӛл  түбір  сӛздеріміздің  тӛркіні  тым  алыста, 

мыңдаған жылдар  қойнауында  жатыр. Ал  сіздер  мен біздердің  күнде  айтып 

жүрген  “жаңа  сӛздеріміз”  шын  мәніндегі  жаңа  сӛздер  емес,  тіліміздегі 

байырғы түбірлерден сӛз жасау модельдері негізінде пайда болған туынды» 

/1,  121-122  бет./  -  деп  академик  Ә.  Қайдар  айтқандай  кейінгі  жылдары 

мерзімді  баспасӛзден  жаңа  сӛздер  мен  жаңа  қолданыстарды  жиі 

кездестіреміз. 

      Қазіргі кезде сол жаңа сӛз бен жаңа қолданыстарды беруде сӛзжасамның 

әр  түрлі  тәсілдері  қолданылып  келеді.  «Қанша  ғасыр  ӛтсе  де,  тілде 


аналитикалық  тәсіл  арқылы  сӛз  жасау  үзбей  жалғасып  келе  жатуымен 

байланысты қазақ тілінің сӛздік байлығы толығуда, ол қазір қолданыс аясын 

кеңітіп, сӛздік қордың барлық саласынан орын алады» /2, 36 бет./.  

«Біріккен  сӛз  -  дүние  жүзіндегі  тілдерде  ӛте  кең  тараған.  Олардың 

аналитикалық тәсіл арқылы жасалатыны да ғылымда әбден танылған. /3, 253  

бет»/. Кейінгі жылдарда мерзімді баспасӛз беттерінен аналитикалық тәсілдің 

бірі – сӛздердің бірігуі арқылы сӛз жасау қызметінің арта түскені байқалады. 

Бірігу  арқылы  жасалған  сӛздердің  кӛпшілігін  зат  есімдер  құрайды.  Мұның 

себебі,  біріншіден,  қоғамда  болған  ӛзгерістерге,  жаңалықтарға  байланысты 

пайда  болған  ұғым,  түсініктерді  атаумен  байланысты  болса,  екіншіден, 

бұрын  орысша  қолданылып  келген  сӛздерді  қазақша  беру,  қазақша  атау 

қажеттілігінен туындап отыр. 

Қазіргі  баспасӛзде  кездесетін  біріккен  сӛздерді  жасалу  жолына  қарай 

шартты түрде мынадай екі топқа бӛліп қарастыруға болады: 



І.  Толық  лексикалық  мағынасы  бар  екі  сөздің  бірігуі  арқылы 

жасалған біріккен сөздер. (Мысалы: тұсқағаз, орынтақ, бағдаршам, тікұшақ, 

әнұран, айыппұл, іргетас, аяқдоп, тұсаукесер, т.б.). 

1.  Орынтақ.  Күткендей,  қазіргі  мемлекет  басшысы  Омар  әл-Башир 

қайтадан  президенттің  жұмсақ  орынтағына  жайғасты  («Егемен  Қазақстан», 

1.01.2001). 

2.Билік  басында  ӛзгерістердің  болып  тұруы,  орынтақ  ауыстырулар 

таңғалмайтын құбылыстар («Жас алаш», 1.01.2001).  

3.  Төлқұжат.  Оның  негізгі  мақсаттарының  бірі  төлқұжат  және  жеке 

азаматтардың  куәлігін  дайындау  болып  табылады  («Егемен  Қазақстан», 

12.04.2004). 

4. Аяқдоп. Жасы небары 19-да, ал жасыл алаңдағы қимылы аяқдоп ӛнерін 

бүге-шүгесіне дейін меңгерген («Егемен Қазақстан», 29.01.2002). 



ІІ.  Тірек  (ұйытқы)  сөздер  арқылы  жасалған  біріккен  сөздер.  Кейінгі 

кезде  біріккен  сӛздерді  жасауда  ұйытқы  (тірек)  сӛздер  қатарының  кӛбейіп, 

белсенділігі арта түскені байқалады. Біріккен сӛздерді жасауда жай, ақы, оқ, 

сый,  сөз,  аудан,  ел,  басы,  төр,  жол,  бейне  т.б.  сӛздердің  тірек  (ұйытқы) 

болғанын  кӛреміз.  Тӛмендегі  мысалдар  кӛрсетіп  отырғандай,  біріккен 

сӛздерді  жасауға  тірек  болатын  сӛздер  біріккен  сӛздердің  алдыңғы 

сыңарында да,  кейінгі  сыңарында  да  кездесе беретіндігі  байқалады.  Осыған 

байланысты бұл топты екіге бӛлуге болады: 

1.  Алдыңғы  сыңары  тірек  сөзден  жасалған  біріккен  сөздер  (яғни 

тірек  сөз  +  сөз  =  біріккен  сөз).  Мұнда  төр,  ел,  сая,  еңбек,  оқ  сияқты 

сӛздердің біріккен сӛз жасауға  тірек болғаны байқалады. 

 

                                        алқа



 

 

         тӛр                         аға 



                   айым         

                    

Мысалы:  


1.  Ақпанның  7-де  үкімет  басшысының  төрағалық  етуімен  үкімет 

төралқасының  кезекті  мәжілісінде  ...  орындалу  барысы  туралы  мәселе 

талқыланды («Жас алаш» газеті, 1996, 3 қаңтар). 

 

        басы                



ел                        орда                 

        таңба               

 

Мысалы: 


1.  Елордадан  барған  ӛнер  ұжымдары  ӛнерлерін  кӛрсетті  («Жас  алаш», 

14.05.2001). 

2. ... елбасы мемлекеттік рәміздерімізді, яғни, туды, елтаңбаны, әнұранды 

қасиет тұту жӛнінде сӛз қозғағанын телеарналардан бәріміз де кӛрдік. 

 

 

           бақ 



сая 

            жай 

 

Мысалы: 


1. …орталық саябақты тұтастай жаңғыртып жіберді дейсіз («Жас алаш», 

12.06.1996). 

2. Биыл қала тұрғындары ӛз саяжайларының жемісін кӛре ме, кӛрмей ме, 

ол жағы әзірге белгісіз («Жас алаш», 19.09.1994). 

 

                                         қағар



 

 

        оқ                                



                                         пана 

                          

Мысалы: 

1.  ...  Ресей  президентінің  қауіпсіздігімен  оның  жеке  250  оққағары  мен 

Кремль  күзеті  Бас  басқармасының  11  мың  қызметкері  айналысады  («Жас 

Алаш», 13.06.1996). 

2.  350  жыл  бұрын  қазылған  оқпана  ізі  жақсы  сақталған  («Егемен 

Қазақстан»,  9. 04.2002). 

 

   камера 



                                            салон

 

 



     бейне                             фильм 

    магнитофон

 

 

    таспа 



 

Мысалы:  1.  Анайы  тәрбиені  ауыздықтайық  немесе  бейнефильмдер 

ӛзімізге неге қызмет етпейді?! («Егемен Қазақстан»,  27.05.1998). 2. Жасырын 


жолдармен бейнекамера таспасына түсірілген фильм ... («Егемен Қазақстан», 

21.05.1998). 



2. Кейінгі сыңары тірек сөзден жасалған біріккен сөздер (яғни, сөз + 

тірек сөз =  біріккен сөз). Мұнда  жай, ақы, сөз, той, басы сӛздерінің тірек 

сӛздер  қызметінде  жұмсалып,  біріккен  сӛздер  жасауға  ұйытқы  болғанын 

кӛреміз. 

Мысалы: 


 

                   мұра  

                   әуе  

қора 


дауа  

шипа                                   жай 

сая  

ғарыш  


жылы  

жаға 


 

1.  ...  басқа  дауажайларда  он  күнде  қабылдаған  еміңіз  Ыстықкӛлде  үш 

күнде-ақ қонады екен («Жас алаш», 27.05.1997). 

2.  Олар  әуежайдан  түскендегі  президенттің  жүрер  жолына  ...  туын 

желбіретіп қойған («Жас алаш», 28.11.2000). 

«Ақы» сӛзінің тӛмендегі сӛздерге тірек болғанын байқаймыз. 

  

еңбек 


зейнет 

жал 


жәрдем 

ӛтем                                      ақы 

тӛлем 

жол 


сый 

қалам 


   

      шәкірт 

 

1.  Соған  қарамастан,  жалақы,  зейнетақы  деңгейінің  тӛмендігінен 



кӛпшілік бірді екі ете алмай отыр («Егемен Қазақстан», 7.04.1999). 

2.  Әрине,  Ресейдің  қазіргі  ахуалы  полигоннан  зардап  шеккендерге 



өтемақы талап етуге келмейді («Жас Алаш», 6.05.1999). 

 «Той» сӛзінің тірек болуы арқылы жасалған тӛмендегі сӛздер баспасӛзде 

жиі кездеседі. 

 

мерей 



мүшел    

          той 

   

       қоныс 



 

1. Талдықорған қоныстойға әзірленуде («Егемен Қазақстан», 25.09.2001). 

2.  ...  Бауыржан  Момышұлының  мерейтойы  Жамбыл  жерінде  кеңінен 

аталып ӛтті («Замана», 30.10.2000). 

Жоғарыдағы  мысалдар  жаңа  сӛздер  жасауда  біріктіру  тәсілінің  ең  бір 

ӛнімді тәсілге айналғанын кӛрсетеді. Қандай да бір жаңа сӛз, жаңа қолданыс 

ең  алдымен  баспасӛз  арқылы  кӛпшілікке  танылып,  жиі  қолданылуының 

нәтижесінде  тұрақтанып,  сӛздік  құрамға  енетіні  белгілі.  Бірақ  кейінгі 

жылдарда  сәтсіз  жасалған  немесе  бірде  бӛлек,  енді  бірде  біріктіріліп 

жазылып  жүрген  біріккен  сӛздерді  де  кездестіруге  болады.  Мысалы: 

Жоғарыда «тӛр» сӛзінің төралқа, төраға, төрайым сияқты біріккен сӛздерді 

жасауға  тірек  болғанын  айттық.  Орыс  тіліндегі  «председатель»  сӛзін  әйел 

адамға  қатысты  болғанда    қазақ  тілінде  род  категориясы  жоқ  дей  тұра 

«тӛрайым» деп қолдануымыз қаншалықты дұрыс болмақ?  

Орыс  тіліндегі  «медсестра»  сӛзі  баспасӛзде  бірде  қысқарған  сӛз  ретінде 

«медбике», ал енді бірде «мейірбике» деп біріктіріліп беріліп жүр.  

Мысалы:  Сәбилердің  күтіміне  арнайы  бөлінген  мейірбике  көмектесіп 

тұрады («Егемен Қазақстан», 7.09.2001). 

Немесе  бір  ғана  «микрорайон»  сӛзі  терминкомда  шағынаудан  деп 

бекітілгенмен 

баспасӛзде 

жоғарыда 

кӛрсетілгендей 



ықшамаудан

мөлтекаудан, микроаудан деп әр түрлі қолданылып, енді бірде шағын аудан 

деп  бӛлек  те  жазылып  жүр.  Мысалы:  «Шығыс»  мөлтекауданындағы  үш 

тұрғын  үйдің  де  құрылыстары  аяқтауға  жақын  екен  («Егемен  Қазақстан», 

25.08.2001). Соңғы жылдарда ғана мұнда № 4 шағын ауданда 1200 орындық 

№ 48 орта мектеп салынды ... («Егемен Қазақстан», 27.10.2004). 

Біріккен  сӛздердің  жазылуына  байланысты  бірізділіктің  жоқтығы 

жӛнінде зерттеуші-ғалымдардың еңбектерінде кӛп айтылып жүр. 

Осындайда,  әсіресе,  бір  сыңары  тірек  сӛздерден  тұратын  біріккен 

сӛздерге  байланысты  «Біріккен  зат  есімдерді  лексикалық  бірлікке 

айналдыратын,  яғни  лексикаландыратын  негізгі  қызметті  тірек  сыңар 

атқарады.  Тірек  сыңардың  осы  қызметін  біріккен  зат  есімдерді  анықтайтын 

ұстаным  –  меже  (критерий)  етіп  алу  керек»  /3,  327  бет/  деген  қағиданы 

ұстанған  жӛн  сияқты.  Мұның  ӛзі  бірде  тіркес  ретінде  бӛлек,  кейде  бірге 

жазылып  жүрген  біріккен  сӛздердің  жазылуын  бірізділікке  түсіруде  ықпал 

етсе керек. 

 

 



Пайдаланылған әдебиеттер: 

 

1.



 

Қайдар Ә. Қазақ тілінің ӛзекті мәселелері. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 

304 б. 

2.

 



Оралбаева Н. Қазақ тiлiнiң сӛз жасамы. – Алматы, 2002. – 190 б. 

3.

 



Қазақ грамматикасы. – Астана: Елорда, 2002. – 784 б. 

 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал