25. Қамқорлыққа алынған балаларды мерзімді бағалау Үкімет қамқорлыққа алынған әрбір баланың өмір сүру жағдайы мен ахуалы жайлы үнемі тексеріп отыруы қажет.
26. Әлеуметтік қамсыздандыру Үкімет жағдайы нашар отбасылардағы балаларға ақшалай немесе басқалай көмектесуі керек.
27. Өмір сүру деңгейі Балалар өздерінің толыққанды дамуы үшін тамаққа, киімге және қауіпсіз тұрғын жайға құқығы бар. Үкімет бұл құқықты жүзеге асыруға мүмкіндіктері жоқ отбасылар мен балаларға көмектесуі тиіс.
28. Білім алу Әрбір бала білім алуға, мектепке баруға құқылы. Бастапқы білім алу тегін болуы тиіс. Ал одан кейінгі берілетін білім әрбір бала үшін қолжетімді болуы керек. Мектепте бала құқықтары толық қорғалып, оның адами қадір-қасиеті құрметтелуі керек. Балалардың мектепке үнемі баруын үкімет қадағалап, бақылайды.
29. Білім алудың мақсаттары Білім беретін мекемелер баланың жеке тұлғасын, дарынын, ақыл-ой және физикалық қабілеттерін ашып, оларды дамытуға көмек көрсетуге міндетті. Сондай-ақ баланы өзінің және басқалардың құқықтарын біліп, құрметтеуге, ата-анасын сыйлауды үйретуі тиіс.
30. Аз ұлттар мен байырғы халықтарға жататын балалар Басқа елден келген баланың өз тілінде сөйлеуге, өз дінін ұстануға, халқының әдет-ғұрыптарын сақтауға құқығы бар.
31. Демалыс, бос уақыт пен мәдени өмір Әрбір баланың демалуға, ойнауға, сондай-ақ мәдени және шығармашылық іс-шараларға қатысуға құқығы бар.
32. Балалар еңбегі Үкімет баланы қауіпті және зиянды жұмыстан қорғауы қажет. Жұмыс баланың білім алуына, рухани және физикалық дамуына кедергісін келтірмеуі керек.
33. Есірткіні заңсыз қолдану Үкімет жасөспірімдердің есірткі секілді зиянды заттарды заңсыз қолдануына жол бермеуі керек, және осыдан қорғау үшін қолдан келгенше баланы барынша қорғау қажет, және балалардың есірткіні өндіруде және таратуда қатысуына жол бермеуі тиіс.
34. Сексуалдық қанаушылық Үкімет балаларды сексуалдық зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен қорғауға міндетті.