Бірінші бөлім (Роман) ТҰҢҒИЫҚта бірінші тарау кездесу



Pdf көрінісі
бет15/25
Дата23.07.2022
өлшемі1,94 Mb.
#37875
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
Байланысты:
(pdf) Cәбит Мұқанов — Ботагөз

«Базеке!
Алланың жəрдемімен жүріп жатырмыз. Сізге бұдан бұрынғы бірер
хаттарымда жігіттер арасына іріткі кіре бастағанын жазып ем. Оларды
азғырып бұзатын өзіңіз орныңызға тастап кеткен Елемесов деген жігіт пе
деп, күдіктенем деп ем. Ақыры рас болды. Анығын білдім. Жігіттерді
үкіметке, дінге қарсы үгіттейтін осы екен. Бұл туралы полицияға білдірейін
деп бір ойладым да, сізді қимай, тағы да «Базекеңе ақылдасып алайын»–
деп ойладым. Ендігісін өзіңіз білесіз. Менің өтінішім: бұл жаққа енді
жібермеңіз.
Мыңдық имам Құдайбергенов».
– Ə, мынадай хат екен ғой!–деді Асқар, қарқылдап күлді.
– Котлет,– деді официант.
Айырмен шетінен үзігі алған котлетті Асқар аузына сала бере, қайтадан
қағазға тастады.
– Бұл қалай?– деді Асқар.
– Да,– деді официант күрсініп,– Петроград жайы, қазір осы лай!


4
Қатты сөзге келген Асқар үйден шығып кеткесін, долы ашуын баса
алмай, Базархан одан жаман долданып, кең бөлменің ішінде ерсілі-қарсылы
аяғын жылдамдата басып жүрді.
Мадияр Базарханды жас жағынан да, білім жағынан да, саясат жағынан
да өзіне аға, жолбасшы көреді. Базарханның əрбір сөзі оған таласқа,
талқылауға жатпайтын хадис сықылды. Базархан алдында ол үнемі əдеп
сақтап, бірдемелерді сұрағаны, ақылдасқаны болмаса, ақыл айтуды өзіне
ерсі көреді. Базархан туралы осылай ойлайтын Мадияр, Асқарға
ашулануын көре отыра, лəм деп жауап қатпай, жүрісіне көзінің астымен
ғана қарап қойып, қағазға шұқшия берді.
– Да, бұл тегін емес!– деді Базархан бір кезде тұра ғап, өзіне-өзі
дауыстап сөйлеп,– мен енді мұның, тамырын жобаладым!
– Ало!– деді Базархан телефонды құлағына тосып,– полиция
департаментын...
его
превосходительство...
Господин
Белецкийдің
кабинетін!..
Белецкийдің, телефонына телефоны қосылған Базархан, оған қысқа
сөзбен Асқардың мəн-жайын айтып, арестовать етуін өтінді. Белецкий:
«қайда тұрады?» деп Асқардың адресін сұрап еді, Базархан айта алмады.
– Табармыз!–деді Белецкий Базарханды жұбатып, дауысынан денесінде
ашу барын сезіп.
Бірақ Белецкий ол уəдені Базарханның көңілін жұбату үшін ғана берді.
Шынында Белецкийдің өз басында сол минуттағы ашу – Базарханнан
əлденеше артық деуге болатын еді.
Артық болатын себебі: соңғы кезде жұмысшы көтерілісі күшейді. Завод,
фабрикаларда, қала гарнизонының солдаттарының арасында, оқушылар
арасында көтеріліске күшті даярлық жүріп жатқанын – ол сағат сайын,
минут сайын біліп отыр. Соңғы кезде оның қолына түскен материалдар
шпиондардың тіміскілеуімен тапқан өте құпия хабарлары емес, ашық
хабарлар. Қайда не боп, не даярланып жатқаны қазір ашық. Көше-көшеге
қаптап кеткен: «Жойылсын патша! Бітсін соғыс!. Жасасын бостандық!»
деген ұрандар, жарнамалар. Қаланың көп жерінде революция жырларын


айтып шулап жүрген топ. Оларды тыюға, ұрандар жазылған қағаздарды
жоюға полицияның əлі келмей жатыр.
Ереуілшілерді
басуға
патшаның
əмірімен
қала
гарнизонының
начальнигі – генерал Хабалов та .қатынасады. Бірақ, оның ереуілді басуға
жұмсаған солдаттары ереуілшілерді не атпайды, не ереуілшілер жағына
шығып кетеді.
Хабаловқа да, Белецкийге де Николайдың бұйрығы қысқа: «Ереуілді тез
тоқтатыңдар!» Бұл бұйрықты Хабалов та, Белецкий де орындамайын
демейді. Бар ақылын, бар күшін сарып қылады, бірақ əлдері келмейді.
Ереуілді баса алмай, февральдың 17 күні түні бойы кірпік қақпаған
Белецкий февральдын, 18 күні Асқар туралы тағы да звонить еткен
Базарханға ренжіді.
– Борис Николаеч!–деді Базарханға,– сіздің жаңа ғана Америкаға
келгендей сөйлейтін себебіңіз не?
– Неге олай дейсіз?
– Қалада неше мың Досанов, қатты сөз былай тұрсын, қатты қимылға
кетіп жатқанын сіз білмей отырсыз ба?
– Балам!–деді Базархан,– оларды тыю керек. Тыйылуға тиісті көп
бұзықтың біреуі – Асқар Досанов, ол мемлекетке залалды кісі.
– Ну... ладно!..– деп ашуланған Белецкий трубканы іліп қойды.
Белецкий Базарханды жақсы білетін еді, есептесетін де еді.
16 жылдың декабрінде кадет партиясының съезі болып, мемлекет
билеудің конституциясы монархия жолын тез іске асыруды талап еткен еді.
Съезде Базархан да болған. Бұл қаулыға патша: «Анархиямен қатты күресіп
жатқан кадеттің мұнысы қалай?» деп ренжігенін Белецкий біледі.
Белецкийдің өз басы конституциялы монархияға қарсы. Оның ойынша –
монархия бұрынғы қалпынан түлемеуге тиісті.
Кадеттің сол съезі ойына түскен Белецкий, Базарханның Досанов
туралы екі рет айтуын «болып жатқан уақиғаға жеңіл қарағандық, я


тілектестік» деп, көңіліне қатты ауыр алды.
Забастовка тоқтатылған соң,– деп ойлады Белецкий,– Меделхановтың
бұл аяқ алысын тексеру керек!»
Бірақ забастовка басылмады. Февральдың он сегізінде ашық ереуілге
шыға бастаған жұмысшылардың саны 23 февральда тоқсан мыңға жетті. 24
февраль күні 200 мың болды. 25 февраль күні Петроградтың барлық завод,
фабрикасы тоқтап көтеріліске қатынаспаған бір жұмысшы болған жоқ.
Əскердің хал-жайы да осылай болды. 27 февраль күні таңертең
көтеріліске қатынасқан солдаттың, саны – он мыңдай еді, кешке – жүз
мыңға
жетті.
Көтерілісті
басуға
жіберген
солдаттардың
көбі
жұмысшыларға қосылып кетіп, мылтықтарының аузын патша үкіметінің
қорғаушыларына қарсы бұрды. Революция оты қызды, революция дауылы
көтерілді!..
Петроградтың көшесіне ереуілге шығып, патша үкіметіне мылтық
ұсынушы осы көптің ішінде Асқар да жүр еді. Қасында Булатов.
18 февральдың таңынан Булатовқа еріп, көтеріліске қатынасқан Асқар,
тамақ пен ұйқы дегенді ұмытты. Кезі келген тамақты ішіп, кезі келген
жерге мызғыған ол, күні-түні ереуілшілерге еруден бір шаршамады.
Бастапқы күндері ереуіл оған 1916 жылғы қазақ кедейлерінің патша
үкіметіне қарсы көтерілісіндей тəрізді халықтың мылқау күші сықылданды.
«Ауыз күйген үріп ішеді» дегендей, көтеріліс толқынының қай арнаға
құярын жақсылап біле алмаған Асқарға, аздан кейін ойдың күңгірт бұлты
айықты, революция аспаны ашылып, алдағы нысананы ,аздап болжады.
Бұл нысана – Россия социал-демократ жұмысшы (большевиктер)
партиясының патша түскен күні жариялаған манифесі еді; онда жазылған
сөздер мыналар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет