Бірінші дәріс Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі) Тіл білімі және оның салалары



бет42/51
Дата26.12.2023
өлшемі0,76 Mb.
#143715
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51
5-бап. Орыс тілін қолдану
Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде (официально) қазақ тілімен тең қолданылады.
6-бап. Мемлекеттің тіл жөніндегі қамқорлығы
Мемлекет республика халқының тілдерін оқып – үйрену, қолдану мен дамыту үшін тиісті жағдай және қамқорлық жасайды.
7-бап. Тілдердің қолданылуына кедергі келтіруге жол бермеу
Қазақстан Республикасында тілдік белгісі бойынша азаматтардың құқықтарын кемсітуге жол берілмейді (не допускается ущемление прав граждан по языковому признаку).

2-тарау. Тіл - мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен
жергілікті өзін - өзі басқару органдарында

8-бап. Тілдердің қолданылуы
Осы тарауда көрсетілген ұйымдар мен органдардың жұмыс және іс – қағаздарын (делопроизводство) жүргізу тілі – мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Орыс тілі (ресми түрде) қазақ тілімен тең қолданылады.
Мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттік тіл және басқа да тілдер қолданылады.
9-14 баптар
Бұл баптарда мемлекеттік тіл мен орыс тілі қолданылатын қоғамдық қатынастар салалары көрсетілген:

  1. Мемлекеттік органдар актілерінің тілі;

  2. Құжаттама жүргізу тілі;

  3. Азаматтардың өтініштеріне қайтарылатын жауап тілі;

  4. Қарулы күштер мен құқық қорғау органдарындағы тіл;

  5. Сот – ісін жүргізу тілі;

  6. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізу тілі;

15-бап. Мәмілелер (сделки) тілі
Қазақстан Республикасында жеке және заңды тұлғалардың (физические и юридические лица) жазбаша мәмілелері қазақ және орыс тілдерінде беріледі (қажет болғанда басқа тілдердегі аудармасымен қоса). Шетел мәмілелерінде мемлекеттік тілде және тараптар (стороны) таңдаған бір шетел тілінде.

3-тарау. Тіл – елді-мекен атауларында, жалқы есімдерде, көрнекі
(визуальная) ақпаратта

19-21 баптар
Елді – мекендердің, сондай-ақ, басқа да физика – географиялық объектілердің дәстүрлі, тарихи қазақша аттары басқа тілдерде транслитерация ережелеріне сәйкес берілуге тиіс.
Мемлекеттік ұйымдардың атаулары мемлекеттік тілде және орыс тілінде беріледі.
Кісі есімі, әкесінің есімі және тегі республика заңдарына сәйкес жазылады.
Мемлекеттік органдарының, барлық ұйымдардың мөрлері, мөртабан (штамп) мәтіндері, барлық көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде және орыс тілінде жазылады.
Барлық бланкілер, маңдайшалар, прейскуранттар, жарнамалар, тауарлық этикеткалар, нұсқаулықтар (инструкции) мемлекеттік және орыс тілінде жазылады.
Көрнекі ақпарат мәтіндерінің жазылу / іліну реті: сол немесе жоғарғы жағында – мемлекеттік тілде, оң немесе төменгі жағында – орыс тілінде болады.
Көрнекі ақпарат басқа да тілдерде болуы мүмкін, бірақ олар аударма түрінде қосымша беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет