Бірінші дәріс Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі) Тіл білімі және оның салалары


Оныншы дәріс Жазудың шығуы мен дамуы



бет33/51
Дата01.06.2023
өлшемі0,76 Mb.
#97686
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51
Байланысты:
Á³ð³íø³ ä?ð³ñ Ò³ë á³ë³ì³ æ?íå îíû? çåðòòåó íûñàíû (îáúåêò³ñ³) Ò³

10.Оныншы дәріс Жазудың шығуы мен дамуы Жазудың өмірде атқаратын рөлі зор. Оның да шығу, даму тарихы бар. Жазу адамдардың кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді. Ал ауызекі сөйлеу тілі туралы мұны айта алмайсың. Өйткені сөйлесу жүзбе-жүз кездескенде ғана болатын нәрсе. Жазу арқылы алыста жатып та, жақын тұрып та "сөйлесе" беруге болады. Жазусыз мәдениет атаулыны, өркениет атаулыны көзге елестету қиын. Олай болса, жазудың шығуын көне замандарда ашылған ұлы жаңалықтардың бірі деп есептеу керек.
Жазудың тарихы өте ерте замандардан басталады. Көне жазуды да, қазіргі жазуды да білудің әрі теориялық, әрі практикалық мәні зор.
Біз қазір жазуды сөздердің әріптер тіркесімен белгіленуі деп түсінеміз. Бірақ ол алғашында бұлай болмаған. Сөзді әріппен (дыбыспен) таңбалау кейінірек пайда болды. Оған дейін жазу (таңба) не бүтіндей сөйлемді (хабарды), не жеке сөзді, не жеке буынды белгілеген. Осыған орай жазудың мынандай түрлері бар екендігін айтқымыз келеді: 1) пиктографиялық жазу, 2) идеографиялық жазу, 3) буын жазуы, 4) әріптік немесе дыбыстық жазу.
10.1.Пиктографиялық (суретті) жазу Бұл - жазудың ең алғашқы түрі. Ол суретке негізделген. Сондықтан мұны кейде суретті жазу деп те атай береді. Пиктографиялық жазудың таңбалары - суреттер. Әрбір сурет (пиктограмма) өздігінен бүтіндей сөйлемді білдіре алады. Мәселен, қолына садақ ұстаған адамның суреті — "мен аңшымын", "аң аулауға бара жатырмын", "аң аулап тіршілік етемін" дегендерді білдіреді. Мұндай жазуды әр түрлі тілдерде сөйлейтін адамдар да түсінетін болған. Оның шыққан мерзімі тым көне дәуірге (неолит дәуіріне) барып тіреледі.
Пиктографиялық жазудың қалдығын (жұрнағын) қазір де кездестіреміз. Мысалы, даралаушы (аморфты) тілдерде сөйлейтін халықтардың жазуы басқалармен салыстырғанда осы пиктографиялық жазуға жақындау келеді. Қазіргі кезде жиі қолданылатын, көшеде жүру тәртібін білдіретін әр түрлі белгілердіц, дүкендер мен шеберханалардың маңдайшаларындағы бас киімнің, аяқ киімнің, сағаттың суреттерінде пиктографиялық сипат бар.
Пиктографиялық жазудың кемшілігі: пиктограммалар өте күрделі болады. Сондықтан да, адам ойының бәрін суретпен (пиктографиялық жазумен) жеткізе алмайсың. Әсіресе онымен абстракты мағыналы сөздерді (сын есімдер мен етістіктерді) таңбалау өте қиын.
Мұндайда ол образды-символдық сипаты бар бейнелерді пайдалануға мәжбүр болады. Мысалы: ~~~~ "су", аяқтың атталу бейнесі - "жүру", нан + ауыз суреті - "жеу", құс + жұмыртқа - "туу" т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет