Бірінші кітап (роман – диалогия)



Pdf көрінісі
бет53/69
Дата28.03.2022
өлшемі2,11 Mb.
#28989
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   69
ҚҰМАРПАЗДАР ОЙЫНЫ

Адамды Құдай арманынан жерітпесін. Адамның күні арманмен.

Арманнан  көңіл  қалса  –  ашық  аспан  да  күңгірт  болып  көрінеді.

Өмірде  мəн-мағына  қалмай,  кеудең  кеуек  болып,  дүниенің

əділетсіздігінен  түңіліп,  қақпанға  түскен  қасқырдай  құр  кіржіңдеп

қаласың.


Əлденеге ашуланған Қали атам:

− Бұл заманда əділдік жоқ. Əділеттің əкесі өлген, шешесі жесір, өзі

жетім! – деп қалшылдап еді.



Қали атам ашуланса, тым қаһарлы екен. Бір нəрседен көңілі қатты

қалса керек. «Не болды?» – деп сұрауға дəт шыдамады.

Кейін ойласам, Қали атам ашу үстінде асыра айтқан сияқты. Əділет

бар болар-ау, бірақ мен іздеген алтындай тым-тым сирек.

Пойыз Шолақтауға кештетіп келді.

Жерге  түсіп,  айнала  төңірекке  қарасам:  жан-жақтың  бəрі  тау.

Қызарып  батқан  күннің  соңғы  сəулесі  шалған  таулардың  төбесіндей

аппақ  қар  жалқынданып,  алтын  сары  реңнен  балқып  тұр  екен.  «Е,  е,

алтын деп жүргендерің осы реңк екен ғой» дедім.

Əсіресе  күн  батып  кеткен  жерде,  жанартаудай  алаулаған  көлденең

кесілген  тау  көз  тартып,  ерекше  құлпырып  тұр  екен.  Тұла  бойының

бəрі алтын жалатқан айдаһар мың бүктетіліп, бүлкілдеп, жылжып бара

жатқандай.

− Келіншектау, – деді бұл өлкені бұрыннан білетін Уəли.

Вокзал  басы  –  қызыл  кірпіштен  салынған  жалғыз  үй.

Маңдайшасына:  «Шолақтау-Чулактау».  –  деп  бадырайтып  жазып

қойыпты.

«Бір  жердің  екі  түрлі  аталатыны  несі?»  деп  қойдым.  Əр-əр  жерде

қарайып  жатаған  үйлер  көрінеді.  Жұрттың  бəрі:  «Шолақтау,

Шолақтау» дегенге Əулиеатадан да үлкен шаһар екен десем-айдала!

− Сондағы Шолақтау осы ма? – деппін Қуанға.

− Келдік қой, – деп күлді Қуан.

−  Е,  бұл  əлі  өседі,  –  деп  Уəли  тұмсығын  көтеріп  қойды.  –

Көрмейсің бе, айнала құрылыс...

Əлгі  алтын  шырайлы  таулар  лезде  қарауытып,  сахарада

қарақшылар  тонаған  керуендей  жүдеп-жадап,  сорайып-сорайып,

солпиып  қалды.  Күн  Құдайдың  тəртібіне  бағынып,  өз  ұясына  қонды.

Ал біз қайда қонамыз?




Мұны  бұрын  ойламаппын.  Енді  не  болды?  Сеніп  келген  протез

қолды дəуді қайдан табамын?

«Өлмегенге  өлі  балық  жолығады».  Осы  дана  сөз  Қуан  екеуімізге

арналған шығар. Тəңір тілеуіңді бергір, Уəли:

− Айда, жүріңдер, менің ағама барайық, – деді.

Вокзалдан  оқшаулау  тұрған  шағын  кірпіш  үйге  топырлап  кіріп

бардық.  Қара  дермантинмен  қапталған  есікке  «Начальник  станции»

деп жазып қойыпты.

Алдымен  Уəли  кірді.  Төрдегі  жайдақ  тақтай  үстелдің  аржағында

отырған  қара  шинелді,  қызыл  фуражкелі,  қара  мұртты  кісі  КТЗ

тракторын от алдырғандай, дəу қара телефонды дырылдата бұрап отыр

екен. Бізді көріп, бұрағанын қоя қойды.

Қап-қара,  қою  мұрты  болмаса,  құдды  Уəлидің  өзі  екен.  Таңдана

қарап қалып:

− Ой, Уəнтай, қайдан жүрсің? – деді алдымен інісіне, одан соң бізге

қарап.


−  Каникул,  –  деп  езуін  соза  ыржиып,  Уəли  ағасының  құшағына

қойып кетті.

Ағасы оны аймалап жатыр. Менің есіме сонда, мен өзім көрмеген,

менен  бұрын  дүниеге  жарқ  етіп  келіп,  лезде  жалп  етіп  өшіп  қалған

ағаларым түсті. Оларды мен қайдан білейін, Айша айтады ғой: «Сенің

алдыңда екі ұл, бір қыз тапқанмын. Үлкені – Құттыбай, ортаншысы –

Елтай, кенжесі – Сəткүл», – деп.

Солар тірі болғанда, мен де өстіп еркелер едім-ау... Тым болмаса –

ең кішісі. Қыз бауырмал дейді ғой.

Алыстағы Шолақтауда соларды сағынып кеттім.

Уəлидің  ағасы  ашық  кісі  екен.  «Түсі  жылыдан  түңілме»  деуші  еді

Айша. Мынаның түсі жылы екен:




− Мына батырларың кім? – деді інісіне қарап.

−  Бұлар...  –  деп  күмілжіп  қалды  Уəли  –  Бұлар  –  Қуан.  Ы  -  ы,

Барсхан. Осында Дəулет деген кісі бар дейді. Соны іздеп...

− Қай Дəулет? – деді Уəлидің ағасы. Қуан маған қарады. Мен сəл

тосылып:

−  Дəулет...  Оң  қолы  протез.  Дəу  қара  кісі,  –  дедім.  Уəлидің  ағасы

есік жаққа қарап, ойланып:

− Е, анау ғой... – деп сəл тыжырынғандай болды. – Иə, ол кімің еді?

− Ешкімім де... – дедім мен төмен қарап.

− Қызық екен. Ешкімің болмаса, неге іздеп жүрсің?

Бастан-аяқ бəрін айтуға тура келді. Осылай да осылай.

Көктемде  су  тасып,  темір  жолды  бұзып  кетті.  Мен  Молотовтан

Жұма ауылына бара жатқанда теміржолшылар мені ұстап алды. Сол оң

қолы протез, дəу кісі...

− Иə, содан соң?

−  Содан  сон,  Шолақтауға  кел.  Алтын  бар  деді.  Жұмыс  істейсің,

ақша табасың деді.

− Mac па еді? – деді Уəлидің ағасы.

−  Иə,  олар  бəстесіп  арақ  ішті.  Маған  да  іш  деді.  Мен  ішпей

қойдым.


−  Ой,  оңбаған-ай,  баланың  басын  қатырып...  –  деп  Уəлидің  ағасы

айдаладағы Дəулетті боқтап жіберді. – Ол маскүнем жұмыстaн шығып

кеткен. Қазір бұл жерде жоқ. Сол Əулиеата жақта жүрген шығар.

Жер  түбіндегі,  Сібірдегі  Мұртазаның  өлгенін  естірткенде  Айша

толассыз  жоқтау  айтып  аңыраған.  Жыламаған  адам  қалмаған.  Тіпті



бастық  Жуанқұлға  дейін  еңкілдеп  жылаған.  Ал  мен  бір  сұмдықтың

болғанын  сезсем  де  безірейіп,  сазарып  қалып  едім.  Кейбіреулер  мені

аяп,  басымнан  сипап,  бауырына  қысса  да,  көзімнен  жас  шыққан  жоқ.

Кейін-кейін, ағыл-тегіл жас парлағаны.

Дəл  қазір,  мына  хабар  Мұртазаның  бұл  дүниеден  қайтқанын

естірткеннен де жаман болды.

Бүкіл бала қиял, əлдебір үміт күл-талқаны шықты. Үлкен кісілер де

алдайды  екен-ау  деп  түңілдім.  Ол  дəу  сонда,  көктемде  тым  ақкөңіл,

адал, əлсізге жаны ашитын бауырмал сияқты еді ғой. Мені қатты аяп,

бауырына қысып, өз туған інісіндей езілген.

Енді не болды?

Менің жан дүниемде қандай дауыл соғып тұрғанын мына Уəлидің

ағасы  біліп  қойды.  Аты  Ғани  екен.  Уəлимен  ұйқас  қой.  Ғани,  Уəли.

Екеуі бір-бірінен аумайды. Мұның да қасы қалың.

−  Ей,  сен  жүнжіп  қалдың  ғой,  –  деді  ол  езуін  қайшылай  күліп.  –

Ештеңе  етпейді,  за  то  Шолақтауды  көрдің.  Жаңағы  өздерің  келген

пойыз ертең Əулиеатаға қайтады. Соған салып жіберемін. Бүгін біздің

үйде  «сыйлы»  қонақ  боласыңдар.  Біздің  Уəлимен  сапарлас  жолдас

екенсіңдер. Далада қаласыңдар ма?!

−  Бұлардың  көк  тиыны  жоқ,  –  деді  Уəли  ағасына.  Анау  ойланып

қалды.

− Сендер де каникулдасыңдар ғой?



− Иə, – деді Қуан.

Мен  үндемедім.  Оқымаймын  деп  қайтіп  айтамын.  Ұят.  Себебін

түсіндіріп  жатқым  келмейді.  Безгекпен  ауырдым  десем,  кейбіреулер:

«сол да ауру болып па», – дейді. Сонда менікі безгектен басқа, жұртқа

белгісіз кесел болғаны ғой.



Сөйтіп,  біз  Ғанидың  үйіне  қонып  шықтық.  Начальник  болса  да

тұрмысы  жұпыны  екен.  Қара  нан  мен  картоп  жаркоп  жедік.  Оған  да

Құдайға  шүкір.  Аштан  аш  далада  қалсақ  қайтер  едік,  қыстың  көзі

қырауда. Ертесіне Ғани айтты:

−  Ақыры  каникулде  екенсіңдер,  каникул  біткенше  осында  жұмыс

істеп, тиын-тебен табыңдар.

− Не жұмыс? – деді Қуан көзі жыпылықтап.

− Вагоннан кірпіш түсіресіңдер.

− Е, кірпіш оңай ғой, – деп қойды Қуан. Ғани жымия күліп:

−  Оңай  ма,  оңай  емес  пе,  оны  кейін  көреміз.  Ал  қазір,  айда

жүріңдер, – деді.

Станциядағы кешегі өзіміз мініп келген пойыздың қасына бардық.

Кірпіш  тиелген  платформалар  сіресіп  тұр.  Қалшиып  қалған.

Кірпіштерді қырау тұтып қалыпты.

Көп  кешікпей,  бір  дəу  көк  машина  келді.  Бұрын  біз  көрмеген,

жарқыраған  сұлу  машина.  Кішкентай  «полуторкадан»  басқаны

көрмеген  біз  аузымыз  аңқиып,  қарап  қалыппыз.  Мұны  байқаған  Ғани

бастық:


−  Студебеккер,  Американский,  –  деді.  –  Кəне,  сен  платформаға

шық,  –  деді  маған.  –  Сен  жерде  тұрасың,  –  деді  Қуанға.  Сен

студебеккерге шық, – деді өзінің інісі Уəлиге. – Так. Сен, – деді маған,

–  кірпішті  бір-бірлеп  Қуанға  бересің,  Қуан  Уəлиге  береді.  Уəли

кузовқа текшелеп жияды. Понятно?

Қуан  мен  Уəли  бастарын  изеді.  «Понятно»  дегенін  білмесем  де,

мен де бас изедім.

Сөйтіп,  жұмысты  бастап  та  жібердік.  Кірпіш  мұздай  екен.  Тіпті

Айша тоқып берген жүн қолғаптан да ызғар өтіп кетті.



Бізден  əріректе  əлдекімдер  платформадан  бөрене  түсіріп  жатыр.

Келбеті, киімдері бөтен адамдар. Əскерлер сияқты.

Бірақ  біздің  əскерден  айрықша.  Бойлары  біркелкі,  тапалтақтау.

Бастарына  жұқа  күнқағары  бар  сұр  кепеш  киген.  Күрткелері  де  жұқа

ма қалай...

Жан-жағында мылтық ұстаған біздің əскерлер тұр.

Мен  Қуанға  кірпіш  алып  беруді  ұмытып,  аңқиып  əлгілерге  қарап

қалыппын.

− Бол, не қарап тұрсың? – деді Қуан.

Біз 


шынжыр 

сияқтымыз. 

Комбайнның 

шестеренкаларын

айналдыратын шынжырмыз. Шынжырдың бір буыны үзіліп қалса, бəрі

тоқтайды.  Қазір  үш  бала  –  бір  адамбыз.  Біреуіміз  тоқтасақ,  бəріміз

тоқтаймыз. Бізді тағдыр шынжырлап, қосақтап қойған.

Көк  машина  толған  кезде,  платформаның  бір  мұрты  ғана

кетілгендей еді. Күн шытымырлау болса да бусанып, үсті-басымыздан

бу  бұрқырайды.  Мен  күпəйкемнің  түймелерін  ағытып  қойдым.  Көк

машина қайтып келгенше сəл тыныстадық.

Лезде  қарным  ашқанын  сездім.  Таңертең  жұқалтаң  шəй  ішіп

шыққанбыз. Енді ішегім шұрқырап тұр.

Тағы да əлгі бөренелі платформалар жаққа көзім түсті. Қыбырлап,

сүйменмен  жуан-жуан  қарағайды  изеп-изеп  итеріп,  платформадан

құлатып  жатыр.  Жерге  құлаған  бөренелерді  басқа  бір  топ  құмырсқа

құсап,  домалатып,  еңіске  түсіріп,  текшелеп  жатыр.  Мылтықты

əскерлер темекілерін бұрқыратып, ары-бері теңселіп жүр.

Қасымызға Ғани бастық қайтып келді.

− Аналар кімдер? – деп сұрады Уəли.

− Жапондар, – деді Ғани. – Военнопленные.



Менің түсінбегенімді сезіп:

−  Əскери  тұтқындар.  Соғыста  қолға  түскен  самурайлар,  –  деп

пысықтады.

«Е,  əлгі  атом  бомбасын  Жапонияға  тастады  деп  еді,  сондағы

соғыста жеңілген осылар екен ғой...»

Бір  жапон  темекі  тартып  тұрған  біздің  солдатқа  жақындап  келіп,

бірдеңе  деп  қолын  созды.  Сірə,  шылым  сұрады-ау  деймін.  Біздің

солдат  əкіреңдеп,  қатты  жекіп,  əлгі  жапонды  мылтықтың  дүмімен

періп кеп жіберіп еді, ана байғұс шалқалап барып құлап қалды.

Жүрегім  мұздап  қоя  берді.  Күпəйкемнің  түймелерін  салдым.

Біртүрлі  қалтырап  кеттім.  Безгегім  қайтадан  ұстап  қалар  ма  екен  деп

үрейім  ұшты.  Безгектен  жаман  қорқамын.  Бірақ  қыстың  күні  безгек

болмайды деуші еді...

Құлап  қалған  тұтқынды  ешкім  қолтығынан  сүйемеді.  Сүйретіліп

барып  өзі  түрегелді.  Басынан  ұшып  кеткен  кепешінің  қарын  қағып,

біздің солдатқа қарап басын иіп, ыржиып қойды.

Жапонды жек көріп қалдым. Жаңа ғана жаным ашып, жұдырығым

түйіліп кетіп еді, енді жек көріп қалдым. Сонша жалпақтағаны несі?!

Мыңбұлақта Тасбет мені жон арқамнан қамшылап тартып жібергенде,

шапшып  барып  жағасынан  ала  түскенмін.  Жағасынан  қолым  əрең

ажыраған.

− Қорқақ, – дедім дауыстап.

Қорықпай гөр, – деді Уəли.

− Не істейді? – деді Қуан.

Жапон  түк  болмағандай  томпаңдап,  темір  сүйменмен  жуан

бөренені, басқа жапонмен бірлесіп, еңіске қарай домалата бастады.

−  Мылтығы  бар  адам  күшті.  Оған  не  істей  алады?  –  деді  Уəли

мұрнын шүйіріп.




− Темір сүйменмен бір ұрса...

−  Е,  басқа  солдаттар  қарап  тұра  ма?  –  Соны  да  білмейсің  бе

дегендей, Уəли маған кісімсіне сөйледі.

− Қой, əңгімені қояйық. Студебеккер келіп қалды, – деді Қуан.

Жұмысқа  қайта  кірістік.  Шестеренкалар  қайтадан  айналды.

Шынжыр қайта жалғасты.

Тағы  да  болса,  студебеккер  біреу-ақ.  Бірінен  соң  бірі  үзбей  келіп

тұрса, қайтер едік. Ара-арасында демалып аламыз.

Уəли көп оқитын қу болса керек.

− Сендер Омар Қайым деген ақынды білесіңдер ме? – деді.

− Жоқ, – деді Қуан.

− Жоқ, – дедім мен.

Уəли тұмсығын көтеріп қойды.

Мен журналдан оқыдым. Парсы ақыны. Қазақшаға аударған өлең. –

Бір кірпішті қолына алды. – Бұл не еді о басында?

− Топырақ, – деді Уəли.

−  Əрине,  топырақ.  Ауылда  қышты  топырақ  илеп  құямыз  ғой.

Балшық, – дедім мен.

−  Білмейсіңдер,  –  деп  масаттанды  Уəли.  –  Омар  Қайым  айтады...

Ол қыш кесемен шарап ішіп отырып айтады: сен, қыш кесе, бір кезде

айдай  сұлу  қыздың  көзі  болдың  ба  екен?  Адам  өлген  соң  топыраққа

айналады.  Топырақтан,  саздан  қыш  кесе  жасайды.  Сен,  кесе,  сұлу

қыздың  көзі  емес  пе  екенсің,  –  дейді.  Ендеше,  –  деп  Уəли  кірпішті

айналдыра  қарады,  –  ендеше  мынау  да  адамның  топыраққа  айналған

сүйегінен жаралған.



Қуан  екеуміздің  аузымыз  ашылып  қалды.  Мұндайды  кім  ойлаған?

Демек  баяғы-баяғы  ата-бабаларымыз  бізге,  əзірше  тірілерге  баспана

болады екен ғой. Содан соң бір кезде біз де өлеміз. Мың-мың жылдан

кейін  топыраққа  айналамыз.  Сол  кездегі  тірілер  сол  топырақтан  қыш

құйып, үй салады... Əлде кімдерге, кім екенін кім білсін, біз де баспана

боламыз.


Енді  мен  əрбір  кірпішті  сипалап,  абайлап  ұстайтын  болдым.

Осыған  дейін  кірпішке  немқұрайды  қарап,  кейде  балалығым  ұстап,

Қуанға  кірпішті  жорта  қисайта  лақтырып,  Қуан  ұстай  алмаса,  мəз

болып күліп едім. Бірнеше кірпіш жерге түсіп кетіп, кейбіреуі сынып

қалып еді. Сонда Ғани келіп, сынған кірпіштерді көріп:

− Əр кірпіштің құны қанша екенін білесіңдер ме? – деп сұрады.

Біз білмедік.

−  Əрбір  кірпішке  қаншама  адамның  қолы  тигенін  білесіңдер  ме?

Əуелі  топырақ  қазылды.  Оны  зауытқа  жеткізіп,  саз  балшыққа

айналдырды.  Оны  қалыпқа  салып,  мың  градустық  ыстығы  бар  пешке

салып  күйдіріпті.  Оны  машинамен  тасып,  пойызға  жеткізді.  Оны

платформаға  тиеді.  Енді  мына  сендер,  үш  адам  жабылып,  машинаға

тағы  тиеп  жатырсыңдар.  Анау  тұрған  кранның  жанында  жаңа  үй

салынып жатыр. Мына студебеккерден сол үйдің жанындағы адамдар

бұл кірпішті тағы түсіреді. Тас қалаушыға алып береді... Сөйтіп, үйдің

қабырғасына қаланып болғанша қанша адамның қолынан өтеді? А?

Осы  қиын  сұрақтан  кейін  кірпішті  беталды  лақтырғанды  қойдым.

Басты  себеп  ол  да  емес.  Бастысы  –  басқа...  Бұл  бір  кезде  жер  басып,

Күннің  нұрын  көріп,  қуанып,  қайғырып,  өзімізше  өмір  сүріп  жүрген

адамдардың тəнінен жаралған екен. Оған құн жете ме?

Мен Ғаниға ең бастысы осы деп айтайын дедім. Айтпадым. Білсең

неге сындырасың десе, не деймін?

Түсте  жұмысшылар  асханасынан  тамақтанып,  кəдімгідей  əлденіп

алдық.  Əйтпесе,  жүрегім  сазып,  ішегім  шұрылдап,  алғашқыда




қауырсындай  женіл  көрінген  қызыл  кірпіш  ақырында  атан  түйеге  де

ауыр зіл қара тастай болып, əл-қуатым кеміп қалып еді.

Кешке  дейін  платформалардағы  кірпіштерді  тиеп  болдық-ау,

əйтеуір.  Қолымнан  қанша  қызыл  тас  өтті  –  санамадым.  Əуелі  санап

тұрайыншы деп едім, бір кезде жаңылысып қалдым да, бұл бос əурені

бас қатырмайын деп қоя қойдым.

Бөрене  түсірген  көршілеріміз  де  жұмысын  тоқтатып,  бүрсеңдеп

сапқа  тұрды.  Біздің  солдаттардың  командирі  айқайлап  бұйрық  айтып

тұр.  Қай  тілде  айтқанын  білмеймін.  Əйтеуір,  қазақша  емес.  Орысша

айтса жапондар түсіне ме екен? Бұрынғы солдаттарға жалаңдап тұрған

овчарка ит жетектеген екі-үш əскер қосылды.

Сөйтіп,  сапқа  тұрған  тұтқындар  тау  жаққа  қарай  кешкі  аяздың

қарын  қаршылдатып  кетіп  бара  жатты.  Бір  кезде  олар  бастарын

кегжитіп,  батқан  күннің  нұрынан  қызғылтым  тартқан  аспанға,  жаңа

туған  қияқ  Айға  қарап,  бəрі  қосылып  бір  мұңды,  аса  сағынышты

əуенге  басты.  Осьі  əн  оларға  қанат  бітіріп,  əне-міне  аспанға  көтеріп,

сағынған  жерлеріне  алып  ұшатындай  көрінді.  Алғашында  арсылдап,

солдаттардың 

қолынан 

жұлқынып-жұлқынып 

шыға 

жаздап,


тұтқындарға шабаланған овчаркалар да тына қалды.

Сағыныштың  қысталаң  əні  тымық  ауаны  тітіренте  тіліп,  алысқа-

алысқа самғады. Жапонияға жете ме, жетпей ме, білмеймін. Бірақ жаңа

туған  Айдың  жанындағы  жалғыз  жарық  Жұлдыз  дір-дір  етіп,  көзінен

шоқты  жас  шашырап,  шыр-шыр  еткендей  болды.  Зиба  ма...  екен  деп

қалдым.


Жаңа  туған  Ай  мен  жалғыз  жарық  Жұлдызға  тесіле  қарап

қалғанымды көріп Қуан:

− Жүрсеңші енді, – деді.

Каникул бітуге таяп қалды. Қайтуға қам қылдық. Үйдегілер не боп

жатыр?  Молотовқа  барып,  документті  алып,  тез  кайтамыз  деп

кеткенбіз. Бір аптадан асып барады...




Ғани бастық бізді кассаға апарып, əрқайсымызға бір-бір бума ақша

ұстатты.  Мұншама  көп  ақша  ұстап  көрмеген  басым,  қуанғаннан

жүрегім жарылып кете жаздады. О басында армандаған патефонды да

ұмытып,  енді  Айшаға  кебіс-мəсі,  орамал,  Құрмашқа  көйлек,

Батырханға  бəтіңке  сатып  алмақшы  болдым.  Қуанға  айтып,  осыларға

мына ақша жете ме? – деп едім. Ол да мəз болып:

− Жетеді. Артылып қалады, – деді.

Сонымен,  жұмыстан  босап,  Ғаниға  рахмет  айтып,  Шолақтаудың

базарына бардық. Ғани қоштасарда:

− Теңгелеріңе сақ болыңдар, – деді. Базары Əулиеатадағыдай емес,

шағын екен. Кіреберісте, əлде қытай, əлде кəріс екені белгісіз біреу:

− Шарик – малик, шарик – малик, – деп айқайлап тұр екен, онысы

не болды екен деп жанына жақындай бердім.

− Подходи, мальчик, подходи, – деп əлгі Шарик-малик өзінің туған

бауырын көргендей қуанып кетті.

Кішкентай  үстелдің  үстінде  үш  оймақ  тұр.  Кəдімгі  көк  инені

көтінен түртіп, матаға кіргізетін оймақ. Айша сұқ саусағына киіп алып,

менің шалбарымды жамағанда талай көргенмін.

Шарик-малик бұршақтай темір шарикті ұстап көрсетті. Содан соң,

бір  оймақтың  астына  бастырып  қойды  да,  лыпылдатып  үш  оймақты

тез-тез орын ауыстыра қойды.

− Кəне, тапшы, – деді.

Мен  біреуін  көрсеттім.  Оймақты  ашып  жіберіп  еді,  шарик  шыға

келді.


− Ой, бəлесің ғой. Сен тапқыш екенсің. Енді ақша тігіп ойнаймыз,

–  деді  Шарик-малик.  –  Міне,  жүз  сом  болады.  Шарикті  тапсаң  –  екі

жүз сом да сенікі. Түсінікті ме?

Қуан жеңімнен тартты.




− Кетейік, – деді.

Екі жүз сомды тастап кетуге қимай:

− Жарайды, қазір, – дедім.

Қуан:


Қойшы соны, – деді.

Бумадан  жүз  сом  шығарып,  үстелдің  үстіне  қойдым.  Екі  жүз  сом

болды.

− Бекер, – деді Қуан.



− Өй, жаңа оңай таптым ғой! – деп бой бермедім.

Шарик-Малик  оймақтарды  ауыстырып  жіберді.  Біреуін  қолыммен

басып  қалдым.  Шарик-Малик  ашып  жіберіп  еді,  бұршақтай  шарик

жəудіреп орнында тұр.

− Қап, – деп санын соқты Шарик-Малик. – Давай, енді екі жүзден

тігейік.


Қуан:

− Қой, енді қоя ғой, – деді.

Мен  екі  жүзді  үстелде  қалдырдым.  Шарик-Малик  қойнынан  екі

жүз шығарып қойды. Төрт жүз болды. Тағы ұттым. Тағы ойнадық. Бұл

жолы ұтылдым. Ішім удай ашып кетті.

− Давай, бес жүзден, – деді Шарик-Малик.

− Давай, – Бумадан бес жүзді шығарып қойдым. Қуан:

− Жетті енді! – деді даусы қатты шығып:




Тағы ұтылдым. Жоқ, болмайды, ұтылғанды қайтаруым керек. Қуан

қолымнан  сүйреді.  Көнбедім.  Бума  ақша  жұқарып  қалды.  Қайтарып

алуым керек.

Бума таусылуға айналды.

Жылап  жібердім.  Шарик-Малик  оймақтарын  қалтасына  салып,

үстелін  қолтықтап  кетуге  айналды.  Тұра  ұмтылып,  жағасына

жармастым.

−  Мен  сені  зорлаған  жоқпын.  Өзің  ойнадың  неғыл  дейсің?  –  деп

Шарик-Малик  мені  итеріп  жіберді.  Шымыр,  шапшаң  екен,  қызталақ.

Қуан келіп:

− Қайтар ақшасын! – деді тістеніп.

Сонда, анадай жерден алпамсадай екеу жетіп келді.

Əттең,  Уəли  ағасымен  бірге  қалып  еді.  Сол  болғанда...  Енді  бір

сағаттан кейін пойыз жүреді.

Əлгі  зіңгіттей  екеу,  Қуан  екеумізді  жерге  қағып  жіберердей  дəу

жұдырықтарын мұрнымызға тақап:

− На, панюхайте, – деді.

Бұл  сəтте  Шарик-Малик  зым-зия  жоқ  болды  да  кетті.  Пойыз

Əулиеатаға  қарай  бет  алды.  Оң  қол  жақта  қар  жамылған  Қаратау

созылып  жатыр.  Одан  ары  Тəңіртаудың  шыңдары  жарқырайды.

Тəңіртаудың сол аспан тіреген шыңдарына қарап:

− Неге менің жолым ауыр, Тəңіртау?! – деп айқайладым. Тəңіртау

тіл қатпады.

Терезеден солдаттар қоршаған жапон тұтқындар көрінді. Бастарын

кегжитіп,  аспанға  қарап  бара  жатыр.  Пойыздың  дүрсілінен  əн

естілмеді.  Зарлы,  үзіле-үзіле  сағынған,  сарғая-сарғая  алтынға

айналған, дүниеде теңдесі жоқ сиқырлы əн.



Алтынды Шолақтаудан іздеп нең бар, Барсхан?! Алтын өз кеудеңде

екен  ғой.  Кеудеңдегі,  көкірегіңдегі  адам  айтып  болмас  ағыл-тегіл

арман. Орындалмаған, қанша қусаң да жете алмайтын асыл армандар.

Орындала  салатын  арман  арзан  шығар.  Арзанның  қадірі  бола  ма?

Сенің  алғашқы  адымдарың,  алғашқы  армандарын  сарғая-сарғая,  иə

алтынға, иə запыранға айналар. Бəрі де Жазмыштан.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет