ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Д. СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Бірінші курс студенттеріне арналған
Өскемен
2013
2
МАЗМҰНЫ
бетт.
КІРІСПЕ
3
1
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық
университеті туралы
3
2
Оқу үдерісін кредиттік оқу технологиясы бойынша
ұйымдастырудың жалпы ережелері
4
3
Элективті пәндерге тіркелу тәртібі
7
4
Студенттердің білімін бақылау және бағалау жүйесі
8
5
Жазғы семестрді ұйымдастыру
12
6
7
8
Білім алушылардың академиялық икемділігі
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттерін қайта қабылдау және
ауыстыру ерекшеліктері
Университеттің ғылыми кітапханасы
12
14
15
9
Университеттің сайты мен білім порталы
18
10 Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттерінің құқықтары мен
міндеттері
19
11 Академиялық күнтізбе
20
12 Қоңырау соғу кестесі
23
13
14
Студенттердің бос уақытын ұйымдастыру
Университет бөлімшелерінің атаулары және байланыс жасау
ақпараты
23
24
15 Университет корпустарының орналасу жоспары
27
16 Нормативті құжаттар
28
3
КІРІСПЕ
Анықтамалық-жолсілтеме Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ 2013-14
оқу жылғы бірінші курс студенттеріне арналған. Ол оқу үдерісін кредиттік
оқу технологиясы бойынша ұйымдастырудың негізгі ережелерін қамтиды.
Онда университет және оның құрылымдық бөлімшелері туралы ақпарат,
студенттерге қойылатын жалпы талаптар, олардың құқықтары мен
міндеттері, студенттердің білімін бақылау және бағалау жүйесінің негізгі
ережелері көрсетілген.
1 Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық
университеті туралы
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық
университеті – Қазақстандағы алдыңғы қатарлы техникалық жоғарғы оқу
орындарының бірі, оның түлектері жоғары білікті мамандар, кәсіпорындардың
басшылары, металлургия, машинажасау, энергетика, сәулет өнері мен құрылыс,
көлік, экономика және бизнесте, ақпараттық жүйелер салаларындағы ғалымдар
ретінде танымал.
Жоғары оқу орны КСРО Министрлер Кеңесінің 1958 жылғы 5 тамыздағы
Қаулысымен және ҚазКСР Министрлер Кеңесінің 1958 жылғы 30 тамыздағы
«Өскемен құрылыс-жол институтын құру туралы» Қаулысымен құрылып, 1958
жылғы 1 қыркүйектен бастап жұмыс істеуде.
Бүгінде университетте бес мыңнан артық студент оқиды. Университет
түлектерін ірі өнеркәсіп, құрылыс, қаржы, көлік кәсіпорындарында және
компанияларда келешекті еңбек мансабы күтуде. Ірі отандық және
халықаралық компаниялар тарапынан университет мамандарына деген
қызығушылық жылдан жылға өсуде.
Мамандар дайындаудың жоғары деңгейі ғылыми-педагогтік ұжым
еңбегінің арқасында жүзеге асырылады, соның ішінде 40-дан артық профессор,
ғылым докторы, 270-тен астам ғылым доценті мен кандидаты, Қазақстан
Республикасы ғылымдар академиясының 23 корреспондент мүшесі бар.
Университеттің келесі бес ірі факультетінде:
- тау-кен металлургиялық;
- сәулет-құрылыс;
- машинажасау және көлік;
- ақпараттық технологиялар және энергетика;
- экономика және менеджмент,
бакалавриаттың 41 мамандығы, магистратураның 36 мамандығы және PhD
докторантураның 7 мамандығы бойынша оқыту жүргізіледі.
Оқыту
озық
білім
бағдарламалары
бойынша
жүргізіледі;
университетте төмендегідей жағдай жасалған:
- алдыңғы қатарлы салалық кәсіпорындар мен компанияларда
студенттердің сынақ мерзімінен өтуі және түлектердің жұмысқа орналасуы;
- әскери атақ алып, әскери дайындықтан өту;
4
- кәсіптік коммуникация саласында шетел тілдері бойынша қосымша
білім алу;
- көптілдік топтарда білім алу (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде).
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық
университет – бұл:
- тоғыз оқу корпусы, соның ішінде жетеуі – оқу-зертханалық;
- IT-колледж;
- аймақтық ғылыми-технологиялық «Алтай» паркі;
- «ІРГЕТАС» инженерлік зертханасы;
- «БАСТАУ» студенттік техникалық бизнес-инкубаторы;
- кітаптар данасы миллионнан артық қоры және кең ауқымды
компьютерлік техника паркі бар кітапхананың оқу залдары, Интернетке
еркін шығу мұмкіндігі, ақпараттық және іздестіру жүйелерінің толықмәтінді
мәліметтер базасы.
Білімнің
жоғары
сапасы,
әлемдік
білім
кеңістігімен
бірігу,
инновациялар – бұл Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік
техникалық университеті таңдаған жол!
2 Оқу үдерісін кредиттік оқу технологиясы бойынша ұйымдастырудың
жалпы ережелері
Қазақстан Республикасының жоғары оқу ұйымдарында бірыңғай
кредиттік оқу технологиясы (КОТ) іске асырылуда. Аталған технологияның
мақсаты ұлттық оқу білім бағдарламаларын халықаралық деңгейде мойындау,
білім алушылардың және оқу ұйымдары оқытушыларының икемділігін
қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру сапасын жоғарылату болып табылады.
КОТ білім алушылар мен оқытушылардың оқу жұмысының көлемін
өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы жүзеге
асырылады. КОТ жинақтаушы болып табылады, бұл дегеніміз барлық білім
деңгейлері бойынша бұрын меңгерілген кредиттерді өспелі түрде есепке алу.
КОТ кезінде төмендегі негізгі ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
Академиялық күнтізбе (Academic Calendar) – оқу жылы ағымында
демалыс күндері (каникул мен мерекелер) көрсетілген оқу және бақылау іс-
шараларын, кәсіби іс-тәжірибелерді өткізу күнтізбесі;
Академиялық кезең (Term) – теориялық оқу кезеңі; Д.Серікбаев
атындағы ШҚМТУ-да бұл семестр (оқу жылы ағымында екі негізгі семестр –
күзгі (бірінші) және көктемгі (екінші) әрекет етеді, және де қосымша жазғы
семестр);
Академиялық икемділік – бұл білім алушылардың өз жоғары оқу
орнында кредиттер түрінде меңгерген білім бағдарламаларын міндетті түрде
қайта сынақтап, басқа жоғары оқу орнында (ел ішіндегі немесе шетелдегі)
белгілі академиялық кезеңде (семестрде немесе оқу жылында) оқу үшін немесе
басқа жоғары оқу орнында оқуды жалғастыру үшін ауысуы;
5
Білім алушының академиялық рейтингісі (Rating) –пәндердің оқу
бағдарламасын студенттің меңгеру деңгейінің сандық көрсеткіші (100 балл
шәкілі бойынша белгіленеді);
Академиялық дәреже (Degree) – қорытынды аттестаттау нәтижелері
бойынша тиісті оқу білім бағдарламаларын меңгерген білім алушыларға оқу
ұйымдары берген дәреже (академиялық дәрежелер – бакалавр, магистр, PhD
доктор);
Белсенді үлестірме материалдар (БҮМ) (Hand-outs) – тақырыпты
шығармашылықпен табысты игеруге білім алушыны уәждемелеу үшін оқу
сабақтарында таратылатын көрнекі суреттер бейнеленген материалдар (дәріс
тезистері, сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарийлер, өздік жұмысқа
арналған тапсырмалар);
Білім алушыны қорытынды аттестаттау (Qualification Examination) –
мемлекеттік жалпы міндетті білім стандартымен қарастырылған оқу пәндерінің
көлемін білім алушылардың меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында
жүргізілетін процедура. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да білім алушыларды
қорытынды аттестаттауға Қазақстан тарихынан тапсырылатын мемлекеттік
емтихан – әдетте, бірінші курста тапсырылады; мамандық бойынша
мемлекеттік емтихан және бітіруші курста дипломдық жобаны (жұмысты)
қорғау кіреді;
Білім алушыны аралық аттестаттау (емтихандық сессия) – білім
алушы оқу пәні бөлігінің немесе пәнді зерделеп біткеннен кейінгі барлық
көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін
процедура;
Студенттің өздік жұмысы (одан ары – СӨЖ) – тестілер, бақылау
жұмыстары, коллоквиумдер, рефераттар, шығармлар және есеп беру түрінде
бақыланатын оқу-әдістемелік әдебиетпен және ұсыныстармен қамтамасыз
етілген, өздік зерделеуге жататын нақтыланған тақырыптар тізбесі бойынша
жұмыс істеу; барлық СӨЖ көлемі білім алушыдан күнделікті өздік жұмыс
атқаруды талап ететін тапсырмалармен расталады;
Білім алушының оқудағы жетістіктері – білім алушының оқу
үдерісінде меңгерген және жеке тұлғаның өсу деңгейін көрсететін білімі,
білгірлігі, дағдылары және біліктілігі;
Білім алушының оқудағы жетістіктерін бақылау – білім алушының
білім деңгейін сан-алуан бақылау түрлері (ағымдық, аралық және қорытынды)
арқылы тексеру және аттестаттаулар;
Білім алушының үлгеріміне ағымдық бақылау жасау – оқу
бағдарламасына сәйкес білім алушының білімін семестр бойы дәрісханалық
және дәрісханадан тыс сабақтарда оқытушы өткізетін жүйелік тексеру;
Еуропалық трансферт (аудару) және кредиттерді жинақтау (ECTS)
жүйесі – білім беру бағдарламаларының компоненттеріне (пәндерге, курстарға,
модулдерге) сынақ бірліктерін (кредиттерді) беру тәсілі, оның көмегімен білім
беру траекториясын, оқу орнын және оқитын елін ауыстырған кезде білім
алушы меңгерген оқу пәндерін (кредиттарі және бағалары бар) салыстыру және
қайта сынақтау жүзеге асырылады;
6
Жеке оқу жоспары – типтік оқу жоспары және элективті пәндер
каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен білім алушының әрбір оқу жылына өз
бетімен құрылған оқу жоспары;
Кредит (Credit, Credit-hour) – білім алушының оқу жұмысы көлемін
өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі;
Кредиттік оқу технологиясы – білім алушы мен оқытушының оқу
жұмысы көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті қолданып,
пәндерді зерделеу тізбектілігін таңдау және өз бетімен жоспарлау негізінде
білім алушыны оқыту;
Қорытынды бақылау – пәннің оқу бағдарламасын білім алушының
меңгеру сапасын бағалау мақсатында, оның оқу жетістіктерін бақылау, ол
сессия кезеңінде емтихан түрінде өткізіледі;
Межелік бақылау – бір оқу пәнінің тарауын (модулін) аяқтаған кезде
білім алушының оқу жетістіктерін бақылау. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да
бір семестрде екі межелік бақылау жүргізіледі (Межелік бақылау 1 және
Межелік бақылау 2);
Оқу пәніне жазылу (Enrollment) – білім алушының оқу пәндеріне
алдын-ала жазылу процедурасы;
Оқу жетістіктерін балл-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі –
халықаралық тәжірибеде қалыптасқан цифрлік баламасы бар әріптік жүйеге
сәйкес келетіндей, және де білім алушының рейтингісін белгілеуге мүмкіндік
беретіндей оқу жетістіктерінің деңгейін балл бойынша бағалау жүйесі;
Оқытушының жетекшілігімен жасалатын студенттің өздік жұмысы
(одан ары – ОЖСӨЖ) – бекітілген кесте бойынша жүргізіліп, оқытушының
жетекшілігімен жасалатын білім алушының жұмысы;
Орташа үлгерім балл (Grade Point Average – GPA) – білім алушының
таңдаған бағдарламасы бойынша бір оқу жылы ішіндегі оқу жетістіктерінің
деңгейін орта есеппен бағалау (ағымдағы оқу кезеңіндегі кредиттердің жалпы
санына аралық аттестаттауды пәндер бойынша бағалаудың цифрлік балл
баламасына кредиттер сағаттары сомасының қатынасы);
Пререквизиттер (Prerequisite) – зерделенетін пәндерді меңгеру үшін
қажетті білім, білгірлік пен дағдыларды беретін пәндер;
Постреквизиттер
(Postrequisite)
–
аталған
пәндерді
зерделеу
аяқталғаннан кейін меңгерілген білімді, білгірлік пен дағдыларды қажет ететін
пәндер;
Пәннің бағдарламасы (Syllabus) – зерделенетін пәннің сипаттамасы,
пәннің мақсаттары мен міндеттері, оның қысқаша мазмұны, тақырыптар және
оларды зерделеу ұзақтығы, өздік жұмыс тапсырмалары, консультациялар
уақыты, білім алушылардың білімін тексеру кестесі, оқытушының талаптары,
білім алушылардың білімін бағалау критерийлері және әдебиеттер тізімі бар
оқу бағдарламасы;
Транскрипт (Transcript) – кредиттер мен бағаларды әріп және цифр
түрінде белгілеп, тиісті оқу кезеңінде меңгерілген пәндердің тізбесі көрсетілген
құжат;
7
Тьютор – нақты пәнді меңгеру кезінде студенттің академиялық кеңесшісі
рөлін атқаратын оқытушы;
Эдвайзер (Advisor) – тиісті мамандық бойынша білім алушының
академиялық тәлімгері міндеттерін атқаратын, оқу траекториясын таңдауға
(жеке оқу жоспарын құруда) және оқу кезеңінде білім бағдарламасын меңгеруге
жәрдемдесетін оқытушы.
Элективті пәндер (таңдау бойынша оқылатын пәндер) – белгіленген
кредиттер шегінде таңдау компонентіне кіретін және білім беру ұйымдарымен
енгізілетін оқу пәндері. Элективті пәндер білім алушының жеке дайындығын
көрсетеді, әлеуметтік-экономикалық дамудың өзіндік ерекшелігін және нақты
бір аймақтын қажеттілігін есепке алады.
3 Элективті пәндерге тіркелу тәртібі
Кредиттік оқу технологиясы бойынша оқу үдерісінің маңызды аспектісі
студенттердің элективті пәндерге тіркелу процедурасы болып табылады.
Элективті пәндер (немесе таңдау бойынша оқылатын пәндер) – бұл студенттің
Элективті пәндер каталогынан (ЭПК) міндетті компонент пәндеріне қосымша
таңдап алған пәндері. Міндетті компонент пәндері Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарттарымен және Типтік оқу
жоспарымен реттемеленеді және студент оны міндетті түрде зерделеу керек.
Тіркелу нәтижесі жеке оқу жоспарын (ЖОЖ) қалыптастыру болып
табылады, онда міндетті компоненттің де, таңдау бойынша оқылатын
компоненттің
де (элективті пәндердің) оқу пәндері (кредиттер саны көрсетіліп)
белгіленеді. Білім алушыларды элективті пәндерді зерделеуге тіркеуді
деканаттар мен эдвайзерлер ұйымдастырады; студенттердің тіркелуін
бақылауды Тіркеуші офисі жүзеге асырады.
2013-14 оқу жылында элективті пәндерге тіркелу мерзімдері:
- 1 курс студенттері үшін – 2013ж. 26-31 тамызында,
- 2, 3, 4 курс студенттері үшін – 2014ж. 10 – 29 наурыз аралығында.
Студент таңдаған мамандандыру есепке алынып, ЖОЖ әрбір оқу
жылына құрылады. ЖОЖ негізінде академиялық ағымдар мен топтар
құрылады, ал егер қандай да бір немесе тағы басқа бір пәнге жазылғандар саны
жеткіліксіз болса, студенттерге ЖОЖ түзету қажеттілігі туралы мәлімет
беріледі.
ЖОЖ-ның дұрыс құрылуына студенттер толық жауапты. Жіберілген
қателер табылған жағдайда, эдвайзерге немесе Тіркеуші офисіне жедел түрде
ақпарат беру қажет.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де студенттердің элективті курстарға
электронды жазылу жүйесі, сондай-ақ студенттер таңдауын тіркеудің және
ЖОЖ құрудың электронды жүйесі жұмыс істейді. Аталған жүйе туралы
Анықтамалық-жолсілтеменің 9-тарауында жазылған.
8
4
Студенттердің білімін бақылау және бағалау жүйесі
Кредиттік оқу технологиясы кезінде студенттердің білімін бақылау және
бағалау балл-рейтингтік бағалау жүйесі бойынша жүзеге асырылады, ол
семестр ағымында төмендегі бақылау түрлерін ұйғарады
:
ағымдық;
межелік (онда балл қойылады – межелік бақылау 1 және межелік бақылау
2);
қорытынды (емтихан).
Бұл кезде семестр ағымындағы бақылауға қорытынды бағадан – 60%, ал
емтиханға – 40% беріледі. Студенттің білімі әріптік бағалау жүйесі бойынша
бағаланады, ол 100 балл шәкілі бойынша белгіленген балл санына және төрт
балл жүйесі бойынша цифрлік баламаға сәйкес келеді. Аталған бағалау жүйесі
1-кестеде көрсетілген. Әріптік бағалау баламасы және оның төрт балл шәкілі
бойынша белгіленетін мәні академиялық кезеңнің (семестрдің) қорытындысы
бойынша студенттің сынақ кітапшасына қойылады.
1-кесте – Білім алушының оқу жетістіктерін әріптік бағалау жүйесі
Әріптік жүйе
бойынша
бағалау
Цифрлік балл
баламасы
%-дық мәні (100 балл
шәкілі бойынша балл
саны)
Дәстүрлік жүйе
бойынша бағалау
А
4,0
95-100
А-
3,67
90-94
Үздік
В+
3,33
85-89
В
3,0
80-84
В-
2,67
75-79
Жақсы
С+
2,33
70-74
С
2,0
65-69
С-
1,67
60-64
D+
1,33
55-59
D
1,0
50-54
Қанағаттанарлық
F
0
0-49
Қанағаттанарлықсыз
Ағымдық бақылау – бұл кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес студенттер
білімін жүйелі түрде тексеру. Аталған бақылау түрін оқытушы сабақ кестесіне
және өздік жұмысы графигіне орай дәрісханалық және дәрісханадан тыс өтетін
сабақтарда барлық оқу семестрі ағымында жүзеге асырады. Ағымдық бақылау
студенттің күн сайынғы әдеттегі жұмысын ынталандыруға арналған. Ағымдық
бақылау
түрлері
жеке
үй
тапсырмаларын,
зертханалық-тәжірибелік
жұмыстарды орындау және тапсыру, дәріс алған кезде жедел сауалдамаға
ауызша жауап беру, дәрістер конспекттілерін жасау, сабақтарға қатысу және
т.с.с болып табылады. Ағымдық бақылау түрлері және олардың саны пәндердің
ерекшеліктеріне байланысты. Пәндер бойынша жасалған силлабуста ағымдық
бақылау түрлері және олардың әрқайсысын орындағаны үшін белгіленген балл
саны міндетті түрде көрсетілген. Семестр басында алғашқы сабақтарда
9
оқытушы студенттерді ағымдық бақылау түрлерімен және аталған бақылау
түрлері бойынша балл бөлумен, сондай-ақ оларды тапсыру мерзімімен
таныстыру керек. Оқытушы әрбір студенттің нақты балл санын тиісті бақылау
түрі бойынша, оның білім және білгірлік деңейіне байланысты қояды.
Межелік бақылау – бұл бір оқу пәнінің үлкен тарауын аяқтаған кезде
студенттің оқу жетістіктерін бақылау. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да
аталған бақылау түрі бір семестрде екі рет өткізіледі (Академиялық күнтізбені
қара, Анықтамалық-жолсілтеменің 11-тарауы) және 100 балл шәкілі бойынша
қойылатын Межелік бақылау 1 (МБ1) және Межелік бақылау 2 (МБ2) балл
түрінде белгіленеді. Әрбір межелік бақылау (рейтинг) бағасы студенттің
ағымдық бағаларынан, бағалау кезеңіңде алған, және межелік тест үшін алған
бағасынан құралады. МБ1 (МБ2) үшін максималды балл – 100 балл.
Қорытынды бақылау (сессиялық емтихан) – студенттердің білімін,
олардың пән және оның барлық тақырыптары мен тарауларының өзара
байланысы туралы біртұтас ұғымын жүйелендіру үшін арналған. Қорытынды
бақылау емтихан сессиясы кезінде емтихан түрінде жүргізіледі (Академиялық
күнтізбені қара). ШҚМТУ 1, 2 және ішінара 3 курс студенттері шығармашылық
пәндерден басқа емтихандарды компьютерлік тестілеу түрінде тапсырады.
Қорытынды бақылау процедурасы ШҚМТУ ҚП 8.2.4-I-2009 «Студенттердің
білімін қорытынды бақылау және бағалау» құжаттамаланған процедурасымен
реттемеленеді (Сіз аталған нормативті құжаттың негізгі ережелерімен
деканаттың ақпараттық стендісінен таныса аласыз, құжаттың толық болжамы
университеттің оқу порталында орналасқан).
Студенттің әрбір пән бойынша қорытынды бағасы келесі формула
бойынша анықталады:
ҚБ
0,4
E
0,6
2
МБ2
МБ1
,
мұнда ҚБ – пән бойынша қорытынды баға;
МБ1 және МБ2 – сәйкесінше 1 және 2 межелік бақылау (рейтинг) үшін
қойылған балл;
Е – емтихан үшін қойылған баға (100 балл шәкілімен).
Қорытынды баға әріп және цифр түрінде студенттің сынақ кітапшасына
және транскриптке қойылады.
Пән бойынша қорытынды бағаны анықтау мысалы:
Қандай да бір N студент семестр бойы пән бойынша бірінші межелі
бақылау үшін – 60 балл, ал екінші межелі бақылау үшін 80 балл алды деп
есептейік (әрбір межелік бақылау бойынша 100 максималды мүмкінді балл
ішінен). Компьютерлік сыныпта өткен емтиханнан ол 100 мүмкінді балл
ішінен Е=65 балл емтихан бағасын алды.
Сонда жоғарыда келтірілген формула бойынша N студентінің қорытынды
бағасы:
ҚБ
68
26
42
0,4
65
0,6
70
0,4
65
0,6
2
80
60
балл.
10
1-кесте
бойынша
студенттің
қорытынды
бағасы
2,0
(С)
–
«қанағаттанарлық» болады. Аталған нәтиже сынақ кітапшасына және
транскриптке енгізіледі.
Егер білім алушы емтиханнан қанағаттанарлықсыз F(0) бағасын алатын
болса, яғни емтихан үшін 50 баллдан аз алса, онда межелі бақылаудың кез
келген мәнінде
оның қорытынды бағасын есептеу жүзеге асырылмайды және
тізімдемеге F(0) – «қанағаттанарлықсыз» бағасы қойылады.
Әрбір пән бойынша емтиханға кіру рұқсатын алу үшін студент семестр
ағымында
50
2
2
1
МБ
МБ
балл жинау керек, басқадай болған жағдайда оған
емтиханды тапсыруға рұқсат берілмейді, және де аталған пән жазғы семестрде
зерделеніп, межелік бақылау балл санын арттыруға қалдырылады. Егер оқу
жоспарында пән бойынша курстық жобаны (жұмысты) орындау және қорғау
қарастырылса, онда студент аталған пән бойынша емтиханға тек қана
50
2
2
1
МБ
МБ
болған кезде, және де курстық жобаны (жұмысты) жақсы
тапсырған жағдайда жіберіледі. Сонымен қатар, студент пән бойынша
емтиханға кіру рұқсатын алу үшін, оның аталған пәннің пререквизиттері
бойынша академиялық берешектері болмау керек.
Ақылы (шарт) негізінде оқитын студенттер үшін сессияны тапсыруға
рұқсат алудың міндетті шарты оқу төлемақысы бойынша берешектердің
болмауы болып табылады.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да қорытынды бақылау (емтихан)
өткізудің екі негізгі түрін қолданылады:
- компьютелік тестілеу түрінде (әдетте, 1-2 курс студенттері үшін және
ішінара 3 курс студенттері үшін);
- емтихан түрінде – қағазға жазылған сұрақ-кітапшаларын қолданып,
тестілеу түрінде, немесе емтихан билеттерін қолданып, ауызша немесе жазбаша
түрде.
Барлық студенттер міндетті түрде емтихан тапсырады. Емтихан
бағаларын автоматты түрде қоюға тыйым салынады.
Компьютерлік
тестілеу
түріндегі
емтихандар
университеттің
компьютерлік сыныптарында өткізіледі.
Қорытында бақылау бойынша оң бағаны аралық аттестаттаудың сол
кезеңінде (яғни ағымдағы емтихан сессиясы кезеңінде) жоғарылату мақсатымен
қайта тапсыруға рұқсат берілмейді. Емтиханды қайта тапсыру үшін студент
келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде аталған пән бойынша оқу
жұмыс жоспарымен қарастырылған оқу сабақтарының барлық түрлеріне
қайтадан қатысып, рұқсат алады да, қорытынды бақылауды тапсырады. Сонда
транскриптке студенттің барлық қорытынды бағалары жазылады.
Жазғы семестрдің нәтижелері есепке алынып, курстың емтихан
сессияларының қорытындылары бойынша GPA баллы білім алушының оқу
жетістіктері деңгейінің орташа есеппен алынған бағасы ретінде есептелінеді.
Студентті келесі курсқа көшіру үшін курстың барлық пәндерін жай ғана
тапсыру жеткіліксіз. Сессияларды жақсы тапсырудан басқа, келесі курсқа
11
көшіру үшін студенттің орташа көшу баллы (GPA) белгілі бір көшіру мәнінен
кем болмауға тиіс. ШҚМТУ студентті курстан курсқа көшіру үшін GPA көшіру
мәнін жыл сайын университет ректорының бұйрығымен белгілейді.
Студент курстан курсқа төмендегідей жағдайда көшіріледі, егер оның
белгілі бір академиялық берешектер (яғни тапсырылмаған пәндер) саны бар
болса, сонымен қатар GPA көшіру мәні жинақтаса. Егер күндізгі бөлімде
оқитын студенттің GPA көшіру мәні жинақталып, бірақ академиялық
берешектері болса, курстан курсқа көшіру берешектері бар пәндер саны
төмендегідей болған жағдайда ғана мүмкін:
орта білім негізінде
- екінші курсқа көшіру үшін – 4 пән;
- үшінші курсқа көшіру үшін – 2 пән;
- төртінші курсқа көшіру үшін – академиялық берешектердің болмауы;
- бесінші курсқа көшіру үшін (5В042000 (050420) «Сәулет өнері» және
5В042100
(050421)
«Дизайн»
мамандықтары
үшін)
–
академиялық
берешектердің болмауы;
орта кәсіби білім негізінде
- екінші курсқа көшіру үшін – 2 пән;
- үшінші курсқа көшіру үшін – академиялық берешектердің болмауы;
- төртінші курсқа көшіру үшін – академиялық берешектердің болмауы.
ШҚМТУ студентінің әрбір оқу жылына арналған GPA білім порталында
студенттің оқу жетістіктерінің орташа есеппен алынған баға деңгейі ретінде
келесі формула бойынша анықталады:
n
2
1
n
n
2
2
1
1
К
...
К
К
К
ИЦ
...
К
ИЦ
К
ИЦ
GPA
мұнда ИЦ
1
,… ИЦ
n
– пәндер бойынша өткен оқу кезеңнің қорытынды бағалары
(цифрлік баламада);
К
1
, … К
n
– кредиттер түрінде зерделенген пәндер көлемі (ЖОЖ-да келтірілген),
n – өткен оқу кезеңдегі зерделенген пәндер саны.
2012-2013 оқу жылы аяқталған соң Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да
бакалавриатта күндізгі оқу түрінің орта білім негізінде оқитын студенттер үшін
төмендегі GPA мәндері белгіленген болатын:
- 2 курсқа көшіру үшін – 1,5;
- 3 курсқа көшіру үшін – 1,67;
- 4 курсқа көшіру үшін – 2,0;
- 5 курсқа көшіру үшін (5В042000, 5В042100 мамандықтары үшін) – 2,1.
2012-2013 оқу жылы аяқталған соң Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да
бакалавриаттың барлық оқу түрінің орта кәсіптік білім негізінде қысқартылған
бағдарлама бойынша оқитын студенттер үшін төмендегі GPA мәндері
белгіленген болатын:
- 2 курсқа көшіру үшін – 1,33;
- 3 курсқа көшіру үшін – 1,5.
12
Егер студент GPA санын белгіленген мәннен аз жинаса немесе оның
академиялық берешектер саны көп болса (жоғарыдан қара), ол ақылы негізде
қайта оқу жылына қалдырылады. Қайта оқу жылында ол меңгермеген пәндерді
зерделеп, қажет болған жағдайда бұрын оқыған пәндер бойынша бағаларын
көтереді. Қайта оқу жылына қалдырылған мемлекеттік білім беру гранты
бойынша білім алушылар мемлекеттік гранттан айрылып, ақылы негізде оқуды
жалғастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |