Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Техникалық факультет «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасы
Хаттама №15 17.11.2022 ж
№ 27 аудиториясы 13:00
ГДк-301 тобының кураторлық сағаты
Төрағасы (куратор)
Хатшысы ( староста)
Қатысқандар:
Қатыспағандар:
|
Актюбинский региональный университет имени К. Жубанова Технический факультет
Кафедра «Металлургия и горное дело»
Протокол №15
от 17 ноября 2022 г.
Аудитория № 27
Көбеген Ерболат Көбегенұлы
Сәндібекова Лариса Тұрланқызы
23 адам
|
КҮН ТӘРТІБІНДЕ
1. Биографиясы
2. Шығармашылық жолы
3. Еңбектері
Тындалды: Бірінші сұрақ бойынша топ студенттері Сәндібекова Л. Т. Қалиев Ә.А.
1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді. Осы кезден бастап демократиялық қоғам құру мақсатында ел ішіндегі қоғамдық-саяси құрылымға біраз өзгерістер енгізіле бастады. Бұл акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының негізі қаланды. Қазір бұл күн мемлекеттік масштабта атап өтіліп, мереке ретінде тойланады. 2001 жылы 13 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» №267 заң бойынша бұл күн мемлекеттік мерекелер қатарына қосылды.
2022 жылғы 16 маусымда Ұлытауда өткен Ұлттық Құрылтайдың бірінші отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні мәртебесін қалпына келтіріп, 25 қазанды мемлекеттік мереке ретінде атап өтуді ұсынды. Мемлекет басшысы: «1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл еліміздің Тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы еді. Республика күні еліміздің мемлекеттілікке батыл қадам жасауының символына айналуы тиіс».
Олай болса, мерекелік күнтізбеде Республика күнінің қайта жаңғыруы – Жаңа Қазақстан ұрпағы оның бастауы мен сабақтастығын мойындауының, тарихи еңбектеріне құрмет пен мемлекеттік тәуелсіздік жолындағы халқымыздың ерік-жігерінің белгісі. Республика мен ұлт үшін пайдалы істерді жүзеге асыру төңірегінде ұлтты топтастыру мерекенің басты лейтмотиві болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |