МІНЕЗДЕМЕ
Қазіргі уақытта Жандос сыныптағы спорт десе жанын беретін оқушылардың бірі. Қоғамдық, шығармашылық шаралардың белсенді қатысушысы. Оқу-танымдық жарыстардағы көшбасшылардың бірі. Өзін қызықтыратын сұрақтарды соңына дейін шешуге тырысады. Сыныптағы оқушылармен қарым-қатынасы ойдағыдай. Өзіне берілген жұмыстарды аса тиянақтылықпен, ұқыптылықпен орындайды. Ұйымдастырушылық қабілеті де төмен емес, әр түрлі мәселелерді шешуде өзінің кеңесін, ойын ортаға салып ұтымды шешімдер қабылдай алады. Мінезін холерик тобына жатқызуға болады.
Мұғалімдеремен қарым-қатынас жасаған уақытта сыпайылық пен инабаттылық қасиеттерін сақтайды. Өзгелердің пікірін соңына дейін тыңдап, қорытынды шығара алады. Еңбек сүйгіш және әр нәрсені уақытылы орындауға тырысады
Студент-практикант;Мырзабекұлы Ақниет ________________
Қолы
Достарыңызбен бөлісу: |