БГА – альдостерон деңгейінің жоғары деңгейімен сипатталатын, ренен-ангиотензин жүйесінен салыстырмалы түрде дербес болып табылатын және натрий жүктелген кезде төмендемейтін жинақты диагноз. Альдостерон деңгейінің жоғарылауы жүрек-қан тамырлары бұзылуларының, плазма ренинінің,артериялық гипертензияның, натрийді ұстап қалудың және калийдің жылдам босатылуы гипокалемияға әкелетін себебі болып табылады.
Шағымдар және анамнез: бас ауруы, АҚ жоғарылауы, бұлшықет әлсіздігі, әсіресе балтыр бұлшықеттерінде, конвульсиялар, аяқтардағы парастезия, полиурия, никурия, полидипсия. Ауру біртіндеп басталады, симптомдар 40 жастан кейін пайда болады, өмірдің 3-4 онжылдығында жиі осы диагноз қойылады.
Зертханалық зерттеулер: · қан сарысуындағы калийді анықтау; · қан плазмасының альдостерон деңгейін анықтау; · альдостерон-ренин коэффициентін (APC) анықтау.
Диагностикалық критерилері
гипернатриемия, гипокалиемия, гиперкалийурия;
полиурия, изо- және гипостенурия, несеп – сілтілік реакция;
плазмада альдостерон деңгейінің жоғарылауы және несеппен шығарылуы;
ультрадыбыстық сонография кезінде бүйрек үсті безінің мөлшерінің өсуі (КТ және ангиография);
ЭКГ- да гипокалиемия белгілері.
Анықтау үшін келесідей функционалдық сынақтар жүргізілді:
Верошпиронмен сынама жеткілікті түрде хлорлы натрий (6 г дейін тәулігіне) алатын науқастарға жүргізіледі. Қан сары суында калий деңгейін анықтайды, кейін оральды үш тәулік верошпирон ( 400 мг/тәул) тағайындайды. Калий деңгейінің 1 ммоль/л дейін жоғарылауы гиперальдостеронизмды көрсетеді.
Хлорлы натримен сынама. Науқас 3—4 тәулік бойы 9 г хлорлы натрий алады. Гиперальдостеронизм кезінде қан сары суында калий деңгейі төмендейді.
Фуросемидпен сынама. Науқас ішке 0,08 г фуросемид қабылдайды және 3 сағаттан соң ренин және альдостерон деңгейін анықтайды. Альдостерон деңгейінің жоғарылауы және ренин деңгейінің төмендеуі бірінішілік гиперальдостеронизмды көрсетеді.
Аспапты
бүйрек үсті бездерінің УДЗ
бүйрек үсті бездерінің КТ
131I-холестеролмен сцинтиграфия
Селективті адреналді вена катетеризациясы, оң және сол бүйрек үсті бездерінен келетін қанның альдостерон және кортизол деңгейін анықтау (қан үлгілері бүйрек үсті безінің қан тамырларынан, сондай-ақ төменгі веналардан алынған)
1) альдостерон антагонистін - спиронолактонды тәулігіне 2 рет 50 мг дозада енгізу арқылы 3-4 дозада орташа тәуліктік 200-400 мг-ға дейін 7 тәулік артуы. Егер тиімсіз болса, онда күніне 600 мг / тәул. дозаны арттыру қажет; 2) калий деңгейін қалыпқа келтіру үшін АҚ төмендету үшін 30-90 мг/тәул. дозада күнделікті дихропиридті кальций арнасының блокаторларын тағайындауға болады; 3) гипокалемияны (калий-диуретиктерді, калий препараттарын) түзету;