Біріншісі (клиникалық), екіншісі (өлекселік), үшіншісі



Дата02.11.2022
өлшемі16,26 Kb.
#47096
Байланысты:
Патоморфология А тобы 20-06 Сейілханова


Сәкен Сейфуллин атындағы ҚАТУ университетінің
ВжМШТ факультеті
Мамандық:Тағам қауіпсіздігі 20-06 А тобы
Студент:Сейілханова Аяжан Сейілханқызы


Тақырыбы:Өлекселік өзгерістер

Жүрек қызметі тоқтаған соң жануарда өлім белгілері пайда болады: біріншісі (клиникалық), екіншісі (өлекселік), үшіншісі (бұзылу белгілері).Өлекселік өзгерістерге жатады: өлексе сууы,сіресуі,дақтардың пайда болуы және шіруі.




Өлексенің сууы – өлексенің дене темп. сыртқы орта темп. теңесуі.
Өлексе темп. алғашқы тәуліктерде орта есеппен сағатына 1градус төмендейді,ал екінші тәулік аралығында 0,2градус түседі.Ең алдымен құлақтары, аяқтары, басы, сосын денесі мен ішкі мүшелер суыйды,сонымен қатар кілегей қабықтар кебе бастайды.


Өлексенің сіресуі дегеніміз өлгеннен кейінгі қаңқа бұлшық еттерінің тығыздалып,қатаюы және осыған байланысты буындардың, жүрек пен бұлшық еттің қозғалмауы. Сіресудің алғашқы белгілері өлгеннен соң 2-5 сағаттан соң басталып, 20-24 сағатта барлық бұлшық еттер сіреседі. Ол бас бұлшық еттерінен басталып, мойын, иық , алдынғы аяқтар, арқа мен кеуде, құрсақ, шап және артқы аяқтарға таралады. Өлексе сіресуі 2-3 тәулік сақталады, осы жағдайдан шығуыда осы кезекте өтеді. Жүрек бүлшық еті жануар өлген соң 1-2 сағаттан соң қатая бастайды. Сепсистен (сібір жарасы т.б) өлген, не ұзақ ауырған, сондай - ақ жаңа туған гипотрофиктерде өлекселік сіресу нашар білінеді не мүлдем болмайды.


Өлексе дақтары қанның күйінің өзгеруіне және оның ауысуына орай пайда болады. Өлексе дақтары жануар өлгеннен кейін 2-3 сағатта пайда болады да, екі кезеңде өтеді: гипостаз және имбибиция. Гипостаз кезінде қан өлексенің төменгі жағындағы тамырлары мен ішкі мүшелерде ығысып, сондықтан сыртқы және ішкі гипостаздар болып ажыратылады. Бұл кезеңде өлекселік дақтар қоныр- қызыл түсті, көкшіл реңде болады, анық белгіленбейді, басқан кезде тез бозарады, ал кесінді беткейінде қан тамшылары пайда болады. Өлексені қозғағанда дақтар жылжуы мүмкін. Ішкі гипостазда табиғи қуыстар (өлекселік транссудат жиылуы) қан сұйықтығымен толады. Инбибиция кезеңі 18 сағат не одан да көп уақыттан соң басталады. Бұл кезең қоршаған орта температурасы мен өлексе бұзылуына байланысты. Өлекселік дақтар, әсіресе, асфиксиядан (тұншығу) өлген және толық жануарларда жақсы байқалады: жүдеп жадаған және жаңа туған төлдерде олар нашар білінеді, ал қансыздандырылып сойғанда олар мүлдем болмайды.


Өлексенің бұзылуы аутолиз бен шіру салдарынан болады. Аутолиз (грек.Autolis/өздігінен еру) организмнің өз жасушаларының протеолиздік ферменттері арқылы болады.
Шіру процестері жануар өлімінің алғашқы тәулігінің соңында басталады. Оларды ішкі мүшелерге ас қорыту,тыныс алу және несеп пен жыныс жолдарынан,сонымен сыртқы ортадан түскен микроб ферменттері туғызады.
Өлекселік бұзылу кезінде  пайда болатын күкіртті сутек қан гемоглобинімен қосылыс тудырады(сульфгемоглобин, күкірті темір) да ұлпаларға жасыл, сұрғылт жасыл рең (өлекселік жасыл түс) береді.Өлекселік бұзылу әсіресе жылдам түрде сепсис ауруынан өлгенде, не өмір сүру кезінде іріңдеткіш және шіріткіш микробтар жинақталуы дамығанда болады.Жануар өлексесі бұзылу барысында ағзалар босайды, көпіршікті сұйықтықтар болады ағза жағымсыз иісті кіршең/жасыл қоныр қойыртпағына айналады. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет