Бірлігі жарасқан елміз Зал іші мерекеге сай безендірілген. Қолдарында шарлары, жалаушалары бар әсем киінген балалар мерекелік әуенмен кіреді.
Мақсаты: 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға айтып ұғындыру. Балаларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге үйрету. Басқа ұлт өкілдерімен таныстырып олармен тату, достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, қадірлі балалар! Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі құтты болсын!
1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Бірлігі жарасқан елміз» атты ертеңгілік өткізіп отырмыз.
Жүргізуші: Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшлік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз.
Жүргізуші: Балалар, біз қай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз?
Балалар: Қазақстан Республикасында.
Жүргізуші: Ия дұрыс айтасындар.
Жүргізуші: Балалар, сендер білесіңдер ме біздің Республикамызда 100-ден аса ұлт өкілдері тұрады. Қазақстандағы барлық ұлттар бір-бірімен дос, тату-тәтті өмір сүреді. Олар: орыс, өзбек, қырғыз, татар, дүнған, чечен, құрт т.б ұлт өкілдері. Осы достыққа арналған ән-жырларымызды бастайық.
Хор: «Достық » әні
Жүргізуші: Олай болса бүгінгі мерекеге орай балаларымыздың 1 -мамырға арналған жыр шумақтарына кезек берейік.
Кәусар: Бейбітшлік ұраны,
Жарқыраған алтын күн.
Ән қанатты қыраны
Еркіндігі халқымның.
Мейірім:
Жаңғыртып даланы ,
Шырқап ән салады.
Халықтар достығы –
Бірліктің қамалы.
Айсезім: Қызыққан шартарап,
Береке – тірлігі.
Құрған сән-салтанат,
Жарасқан бірлігі.
Жүргізуші: Балалардың орындалуында ән.
.Ән: «Әрқашан күн сөнбесін» Жүргізуші: Ортаға балаларды шақырамыз, мерекеге әкелген шашуларын тамашалайық.
Әділ: Достық – шырағымыз,
Достық – ұранымыз.
Достық туымыз,
Достық әніміз.
Гүлсезім: Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер!
Жүргізуші: Ән-жыр десе көмейі бүлкілдеген,
Ақ маржандай көңілі үлпілдеген,
Өзбек менің өз ағам – дейді қазақ
Дастарханнан дәм-тұзы бөлінбеген
Көрініс:«Бірлік»
Жүргізуші: Ертеде бір қария балаларын бірлікке былай үйреткен екен. Қарт балаларына бір бума шыбықты сындыруға ұсынады. Балалары көп әуреленіп, бума шыбықты сындыра алмайды. Қарт буманы шешіп, шыбықты шыбықты бір тандап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оңай сынады.
Қария: Бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің де әлі келмейді.. Ал жеке-жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады.
Хор: «Ағайынбыз бәріміз»
Жүргізуші: Қазақстанымыздың қуаттылығы мен басымызға қонған бақытымыз бірлігіміздің татулығын арттыра берсін, бейбітшілік мәңгі ажырамас серігім болсын! Бұл мереке бізбен бірге ғасырларға ұлассын! Бейбіт аспан астында достығымыз нығайып, еліміз өркендей берсін деген тілекпен бүгінгі «Тамшы» тобының ертеңгілігін аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!