2- практикалық тапсырма
Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыста жүрілген жолдың уақытқа тәуелділігін зерттеу (физикалық практикум).
Суы бар шыны түтікшені ішінде ауасы бар доп түтіктің жоғарғы жағына көтерілгенше тігінен ұстап тұр. Ең жоғарғы нүктесіне жеткенде түтікті 1800-қа бұрып, секунд өлшеуішпен уақытты өлшеу керек (1-сурет). Сызғыш көмегімен түтіктің жартысын, үштен бірін, төрттен бірін, бестен бірін анықтап алып, осы жолдарда доптың жүру уақытын тіркеу керек (1-кесте).
2-сурет.
1-кесте. Тәжірибе деректері
№
|
Жолдың
бөлігі
|
Жол
s, м
|
Жүру
уақыты
t, с
|
Жылдамдығы
v, м/с
|
1
|
1
|
0,6
|
18
|
0,033
|
2
|
1/2
|
0,30
|
9,2
|
0,0326
|
3
|
1/3
|
0,20
|
6,1
|
0,0327
|
4
|
1/4
|
0,15
|
6,1
|
0,0337
|
5
|
1/5
|
0,12
|
3,68
|
0,0326
|
Топтық жұмыс
Бірөлшемді массивтерді математика мен физикада қолданылуына арналған практикалық тапсырмаларға талдау жасаңдар. Қолданудағы тиімділіктері қандай?
Жұптық жұмыс
Математика, физика, химия, биология және географияда біртипті деректерді өңдеуге арналған практикалық тапсырманы жоспарлаңдар.
Жеке жұмыс
Досыңа хат. Практикалық тапсырмалардың программалау тілінде жобасын құрудың маңызы жайлы досыңмен ой бөлісу үшін хат жаз.
Массив элементтерінің орнын ауыстыру
1-сурет. Массивті түсіндіру
♦ Массив элементтерінің орнын ауыстырудың мақсаты қандай?
♦ Осы тақырыпқа байланысты күнделікті тұрмыстан қандай мысалдар келтіре аласың?
Ақпаратты өңдеу процесінде біртипті деректердің белгілі бір шарттарға байланысты орындарын, мәндерін ауыстыруға тура келетін жағдайлар көп кездеседі. Мысалы, кейбір досыңның телефон нөмірінің өзгеруіне байланысты ауыстырулар, сынып оқушыларының партадағы отыру ретін, күн тәртібінде орындалатын жұмыстардың ретін ауыстыру т.б. Тұрмыстағы мәселелердің математикалық көрінісін тауып, осы мәселелерді программалау көмегімен компьютерде шешімдерін табу өте маңызды. Мысалы, жауынгерлердің бойларының ұзындығы бойынша орын ауыстыруларын массив түрінде өрнектеп, оған программалау әдістерін қолдануға болады (1-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |