Программалау процесінде бірөлшемді массивтерді сұрыптаудың бірнеше жалпыға танымал алгоритмдері бар. Бұл сұрыптау алгоритмдері жұмыс істеу тиімділігіне қарай бөлінеді (1-кесте).
-1-
Жылдам сұрыптау (Быстрая сортировка; Quick Sort) сұрыптау әдістерінің арасындағы ең жылдам сұрыптаушы алгоритмдердің бірі саналады. Quick Sort – көмегімен сандық элементтерді өсу немесе кему ретімен, мәтіндік массив элементтерін алфавит ретімен сұрыптайды. Quick Sort-ты 1960 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің студенті ағылшын Чарль Хоармен әзірлеген. Хоармен бұл сұрыптауды көпіршік әдісінің жетілген түрі ретінде ұсынған болатын.
-2-
Есептердің программасын құрастыру кезінде сұрыптау алгоритмдерінің программалық кодтарын қажеттіліктеріне қарай жатқа есте сақтап пайдаланған тиімді. Сұрыптау әдістеріне қарай олардың түрлері көп. 1-кестеде тек төртеуімен таныстық. Сұрыптаудың басқа түрлерімен Интернет арқылы танысуға болады. Енді Python программалау тілінде бірөлшемді массив элементтерін сұрыптаумен танысайық.
-3-
Төменде берілген кестедегі сұрыптау командалары арқылы сандарды ғана емес, сөздерді де сұрыптауға болады. Мысалы, Раушан, Асхат, Мағжан, Асыл деген есімдерді Асыл, Асхат, Мағжан, Раушан деп алфавит ретімен сұрыптауға болады. Ол үшін массив элементін жүктеу A[i] = int(input()) қатарын A[i] = input() түрінде жазу керек.
Массивтерді сұрыптау алгоритмдеріне қойылатын басты талап – жылдам сұрыптау және компьютер жадын үнемді пайдалану болып табылады.