Адамгершілік-асыл қасиет
Мақсаты: : Оқушыларға адам бойындағы асыл қасиеттерді таныта отырып, адамгершілікке, әдептілікке, қарапайымдылыққа, инабаттылыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу. Оқушыларды бір - біріне деген сыйластық қасиеттерін арттыру, адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге үйрету.
Сөзжұмбақ
А
Д
А
М
Г
Е
Р
Ш
І
Л
І
К
Сұрақтар: - Ақыл және сана, бостандық иесі болып табылатын табиғаттың бір бөлігі ...
- Жеке адам ұғымын білдіретін сөз ...
- Адамды аңдар қауымынан ажырататын сөз ...
- Адамның өмір сүру ортасы ...
- Адам бойындағы жарамсыз қасиеттердің бірі ...
- Ішкі рухани адамгершілік қасиеттердің бірі ...
- Адамды билейтін де, мінез-құлығын өзгертетін ...
- Адамгершілік қағидалардың бірі ...
- Адам іс-әрекетін қозғаушы күш ...
- Адам бойындағы асыл қасиет ...
- Үлкенге құрмет, кішіге ...
- Ең асыл қасиеттердің бірі ...
Сергіту сәті
1. Саусақтарыңызды бір-бірімен айқастырыңыз.
Егер оң қолыңыздың бас бармағы сол қолыңыздың бас бармағының үстінде жатса, параққа «2» деп жазыңыз, егер сол қолыңыз үстіде жатса - «1».
2. Бір көзіңізді жұмып, кез келген нысанаға дәлдеп көздеңіз.
Егер сол көзіңіз ашық қалса, «1» санын жазыңыз, егер оң көзіңіз ашық қалса - «2».
3. Қолыңызды кеудеңізге айқастырыңыз, қай қолыңыз үстіде жатыр?
Егер сол қолыңыз саусақтары оң қолыңыздың үстінде жатса, «1» санын жазыңыз, егер оң қолыңыз үстіде жатса - «2».
4. Көлденең шапалақтаңыз
Егер сол қолыңыз үстіде болса - «1», егер оң қолыңыз болса, онда «2».
Қорытындысын сандардың орналасу тәртібі бойынша анықтаңыз:
«2222» - (жүз пайыз оңақай) – мінезі тұрақты, консерватизм, біреулермен шиеленісуден, ұрсысудан қашады.
«2221» - ең үлкен кемшілігі – батылсыздық, тартыншақтық.
«2212» - өте ашық, кез келген адаммен тіл табысып кетеді.
«2111» - тұрақсыздық, жалтақтағыш, біреудің қолдауы мен пікіріне тәуелді, өзіне сеніп үйрену керек.
«2211» - мұндай үйлесім көп кездесе бермейді. Ашық адамдар, жақсы қарым-қатынас жасайды, әрі мінездері жұмсақ.
«2122» - бұндай адамдарда аналитикалық ақыл-ой жүйесі қалыптасқан, мінезі жұмсақ. Бәріне сақтықпен қарайды, адамдармен өзін салқынқанды ұстайды.
«2121» - бұл тіркес те сирек кездеседі, қорғансыздық, адамдардың ықпалына ұшырап тұрады.
«1112» - өте әсершіл, қайратты әрі батыл адамдар.
«1222» - жиі кездесетін мінез. Әсершіл, алайда өмірлік сұрақтарды шешуде жігерлік пен батылдық жетпей жатады, басқалардың ықпалына көніп кетеді. Өте ашық, адамдар өздері тартылады.
«1221» - әсершіл, батылдық жетіспейді, мінезі жұмсақ, аңғал.
«1122» - досжанды адамдар, бірақ сонымен қатар аңғал және қарапайым. Істерін саралап, өз-өзін қазбалауға құмар. Қызығушылығы көп, бірақ уақыты жете бермейді.
«1121» - адамдарға қатты сенеді және мінезі өте жұмсақ. Көбіне шығармашылыққа бейім адамдар.
«1111» - (жүзпайыз солақай) – кертартпа адамдар. Шығармашылыққа өте бейім. Көптеген заттарға ерекше көзқараспен қарайды. Өте әсершіл, дарашылдық, эгоизм басым. Қыңыр әрі өзімшіл, бірақ бұл оларға өмір сүруге кедергі емес.
«1212» - рухы мықты адамдар. Бірбеткей десе де болады, қойған мақсаттарына жетеді.
«1211» - өз-өзін қазбалауға құмар, тұйық адамдар, көпке ашылмайды, бірақ рухы мықты, алдына мақсат қойса ештеңеден тайсалмайды.
«2112» - жайдары, еркін мінезді, достарды тез табады, танысуы да оңай және қызығушылықтарын да жиі ауыстырады.
Құпия хаттарға жауап: Бірінші хат: Құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады. Күнде үй тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады.Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «Сен сараңсың» - дейді. Мен не істеуім керек? Екінші хат: Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші. Көзбе - көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп сырласқысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба? Үшінші хат: Құрметті достар! Менің де бір досым- өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй- ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
Рефлексия:
Керектісін сандыққа салады , керексізін себетке салады.
1. Мен әрдайым өз құрбыларым және үлкендермен мейрімді боламын.
2. Мен сыныптасым қиыншылыққа тап болса әрдайым жәрдем беремін
3. Кейбір ересек адамдармен ұстамсыздық танытуға болады деп санаймын
4. Мен өзіме ұнамайтын адамға дөрекілік көрсетуге болады деп ойлаймын
5. Мен сыпайылық адамдар арасында өзімді жайлы сезіну үшін жәрдемін
тигізеді деп санаймын
6. Мен өз тарапыма айтылған орынсыз ескертулерге ұрысып тастауға болады деп
ойлаймын.
7. Сыныптастарым біреуді келемеждесе, менде қосылып мазақтаймын
8. Маған адамдарға жақсылық істеген ұнайды.
9. Мен адамдардың қателіктерін кешіре білу керек деп ойлаймын.
Назарларыңызға рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |