Біртексіз жүйелерді бөлу. Орындаған: Гаппарова. М



Дата07.02.2023
өлшемі1,57 Mb.
#65729
Байланысты:
Біртексіз жүйелерді бөлу 2 (2)

Біртексіз жүйелерді бөлу.

Орындаған: Гаппарова.М

Айнабек.А

Бабас.С

Курбанбаева.Ұ

Топ : 2-001

Қабылдаған: Реметова Н.С


Біртексіз және гетерогенді жүйелер
Біртексіз немесе гетерогенді жүйелер деп екі немесе бірнеше фазалардан тұратын жүйелерді айтады. Жүйені құраушы фазаларды бір-бірінен механикалық түрде бөлуге болады. Кез-келген біртексіз бинарлы жүйе дисперсті (ішкі) фазадан және дисперсті ортадан немесе жалпы фазадан (сыртқы) тұрады, олар дисперсті фаза бөлшектерімен бөлінген. Физикалық күйінен тәуелді фазаларды: суспензиялар, эмульсиялар, көбіктер, шаң, түтін, тұман деп бөледі.
Суспензиялар- сұйықтан және қатты бөлшектерден тұратын біртексіз жүйе. Қатты бөлшектердің өлшемінен тәуелді (мкм) суспензияларды ірі (100 жоғары), жұқа (0,5-100) және бұлдыр (0,1-0,5) деп бөледі.
Эмульсилар-бір-бірімен араласпайтын, бір сұйық тамшыларының екінші сұйыққа таралған жүйе. Дисперсті фаза бөлшектерінің өлшемі кең ауқымда тербеледі.
Көбіктер-сұйықтан және онда таралған газ көпіршіктерінен тұратын жүйе.
Химиялық технологияда сұйық және газды біртексіз жүйелерді бөлу әдісін таңдау біріншіден, бөлшектердің өлшемімен, дисперсті және жалпы фаза айырмашылығымен негізделеді.
Бөлудің негізгі әдістері:
тұндыру
фильтрлеу
центрифугалау
дымқыл бөлу
Үлкен мөлшердегі сұйықтарды тұндыру үшін, мысалы ағынды суларды тазартқанда,үлкен мөлшердегі бетонды бассейндер немесе жартылай үздіксіз әдіспен жұмыс іститін бір-бірімен жалғасқан бірнеше резервуарлар қолданылады.
Өндірісте үздіксіз әрекет ететін тұндырғыштар кең тараған. Қанатты араластырғышты үздіксіз әрекет ететін тұндырғыштар (V-4 сурет). Араластырғыш 0,015-0,5 айн/мин жасайды, яғни өте баяу айналады, тұну үрдісін бұзбайды.
Ілеспелі қосылған тұңдырғышдар арқылы тұңбадан 97-98% бөлуге болады. Жуатын судың мөлшерін төмендету үшін тұңдыруды қарсы ағын принципі бойынша өткізеді. (V-5 сурет): тұңба ілеспелі түрде бірінші тұндырғыштан соңғысына қарай жылжиды, ал су тұңбаға кері бағытта жиналды. Шайынды суларды бастапқы суспензияны дайындауда қолданылады.
Сүйір сөрелі үздіксіз әрекет ететін тұндырғыштар (V-7). Бұл типті тұндырғыштардың артықшылығы, онда қозғалғыш бөлшектер болмайды және жұмысы қарапайым.
ФИЛЬТРЛЕУ - деп кеуекті бөлгіштерді қолданып, суспензияларды бөлу әдісін айтады. Кеуекті бөлгіштер суспензияның қатты фазасын ұстап қалып, оны сұйық фазаға жібермейді.
Фильтрлеу процесі суспензия қатты бөлшектерінің ауырлық күш әсерінен ығыстыру немесе еркін тұндыру арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда ауырлық күшінің бағыты мен фильтрат қозғалысы сәйкес келуі, қарама – қарсы немесе тік бағыттан тәуелді перпендикульярлы болуы мүмкін. Сонымен бірге суспензияның бөлгіш үстінде немесе астында болуынан да тәуелді. Ауырлық күші әрекеті мен фильтрат қозғалысының өзара бағыталуының тұнба, суспензия, фильтрат және таза сұйықтың қабаттарының бөлінуіне сәйкес V-10 суретте көрсетілген.
Нутч-фильтрлер. Нутч периодты әрекет ететін қарапайым фильтр. Олар вакуумда және қысымда жұмыс істей алады, мұнда ауырлық күші бағыты мен фильтрат қозғалысы сәйкес келеді.
Вакууммен жұмыс істейтін нутч. Нутчтың бір түрі 3 ат. көп емес қысымда жұмыс істейтін түрі (V-13 суретте). Мұнда жұмыс циклі келесі түрде болады:
- нутчты суспензиямен толтыру
- сығылған газ қысымымен суспензияны бөлу.
- фильтрлі бөлгіштен тұнбаны алу.
Барлық нутчтар артықшылығы тұнбаны біртекті және толық шаю мүмкіндігі, себебі шаюшы сұйық тұнба үстінде қажетті мөлшерде біртекті таралады. Нутчтардың жалпы кемшілігі – олардың көп орын алуы.
Центрифугалау дегеніміз біртексіз жүйелерді (эмульсия және суспензия) центрден тепкіш күш өрісінде бөлу процесі. Центрифугалау процестері центрифуга деп аталатын машиналарда жүзеге асырылады.
Тұндырғыш центрифугаларда эмульсияларды бөлуді сепарация деп аталады, ал осы процесс өтетін құрылғы-сеператорлар деп аталады.
Ілініп тұратын центрифугалар. Бұл центрифугалар да периодты әрекет ететін қалыпты фильтрлеуші центрифугаларға жатады. Мұнда ротор тік орналасқан және тұнба қолмен алынады.
Тұнбаны алу үшін пышақты құрылғы көлденең центрифугалар. Құрылғысы мұндай центрифугалар периодты әрекет ететін басқаруы автоматталған қалыпты фильтрлеуші центрифугалар болып табылады.
Тұнбаны жылжымалы поршенмен алатын центрифугалар. Бұл аппарат көлденең роторлы үздіксіз әрекет ететін фильтрлеуші центрифугаларға жатады
Қолданылған әдебиеттер:
https://s1.slide-share.ru/s_slide/08025975fa9085936d1835c3374f96b8/0e2421ca-af59-411e-9019-9bbfcc7b04ee.jpeg
https://konspekta.net/lektsiiorgimg/baza13/675191460777.files/image484.jpg
Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия.
Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы:
"Мектеп" баспасы, 2007. — 336 бет. ISBN 9965-36-416-8
 Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы.
Назарларыңызға рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет