Біртұтас педагогикалық процестің мәні Жоспары
1. Қарама-қайшылықтар - педагогикалық процестің қозғаушы күштері.
2. Педагогикалық процестің заңдылықтары.
3. «Білім беру мазмұнының» мәні, түсінігі. Білім берудің мазмұнын қалыптастырудың негізгі теориялары.
Біртұтас педагогикалық процестің дамуы, алға жылжуы объективті және субективті қарама-қайшылықтарды шешуге байланысты, яғни біртұтас педагогикалық процестің қозғаушы күші - қарама-қайшылықтар
Қарама-қайшылықтар
Объективті
қарама-қайшылықтар
Субъективті
қарама-қайшылықтар
Объективті қарама-қайшылықтарға жатады:
- тәрбиеленушілердің реалды мүмкіндіктерінің қоғам талаптарына сай болмауы (бірақ егер талаптар тым жоғары немесе тым төмен болса, олар оқушының дамуын қамтамасыз етпейді);
- баланың белсенді-әрекетік табиғаты мен оның өмір сүруінің әлеуметтік-педагогикалық жағдаймен сай болмауы (яғни баланың дамуына сай жағдайдың ұйымдастырылмауы);
- қоғамдық өмірдің күрделілігі мен баланың оларды түсінуге тәжірибесінің аздығы арасындағы қайшылық;
- ақпараттың қарқынды ағылуы мен педагогикалық процестің мүмкіншіліктері арасындағы қайшылық;
- қоғам қажеттіліктері мен тұлғаның қажеттіліктері арасындағы қайшылық және т.б.
Субъективті қарама-қайшылықтарға жатады:
- тұлғаның тұтастығы мен оны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық процестің біржақтылығы арасында (яғни педагогикалық процестің оқытушылық сипатта болуы, ал тұлғаны жан-жақты қалыптастыру үшін тәрбие мен оқытудың тұтастығын қамтамасыз ету керек);
- тұлға дамуының дербес шығармашылық процесі мен педагогикалық процесті бұқаралық-репродуктивті ұйымдастырылуы арасындағы қайшылық;
- тұлғаның азаматтық қалыптасуында гуманитарлық пәндердің ролінің өсуі мен педагогикалық процесті технократизациялау арасындағы қайшылық және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |