«біртұтас тәрбие бағдарламасы» бағдарламаның мақсаты



бет1/5
Дата30.09.2024
өлшемі286,64 Kb.
#146126
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
3-сынып жоспары дұрысы




«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ»
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ:

  • Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

  • Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:

отанға, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;
адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту;
табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиел

  • Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:

елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату;
отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру;
өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын
болуға баулу;
әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу.

  • Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру:

басқалармен қарым-қатынаста адал әрі әділ болуға және әдептілік нормаларын ұстануға тәрбиелеу;
өз іс-әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершілікті түсінуге тәрбиелеу;
еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;
біреудің еңбегі мен мүлкін құрметтеуге тәрбиелеу.

  • Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау:

әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету;
білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру.

  • Бағдарлама мазмұны:

Білім алушылардың бойында құндылықтарды дамыту білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесі
жағдайында жүйелі ұйымдастырылады. Бұл міндетті іске асыру білім беру мазмұны, сынып сағаттары
мен сыныптан тыс іс-шаралары арқылы жүзеге асырылады.
Ай сайын өткізілетін тұрақты іс-шаралар білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталуы тиіс:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет