«біртұтас тәрбие бағдарламасы» бағдарламаның мақсаты



бет3/5
Дата30.09.2024
өлшемі286,64 Kb.
#146126
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
3-сынып жоспары дұрысы

Бастауыш мектеп түлегі:
өз құқықтары мен міндеттерін білу, әдеп нормаларын ұстану, сыныптағы және мектептегі мінез-құлық
ережелерін сақтау;
қауіпсіздік ережелерін, оның ішінде жол қозғалысы ережелерін білу және сақтау;
педагогтерге немесе ата-аналарға проблеманың алдын алу және шешу үшін шаралар қабылдауда көрген
немесе білетін қауіптер туралы хабарлау;
кемсітушілік пен қудалаудың кез-келген түрінен аулақ бола отырып, педагогтердің, сыныптастарының
құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеу.



  • Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

Құзыреттілік: инновациялық ойлау
Бастауыш мектеп түлегі:
мамандықтың ерекшеліктерін білу және адамдардың еңбегін құрметтеу;
өз-өзіне қызмет ету және өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын қолдану;
отбасында және оқуда қажетті жұмыстарды жүйелі түрде тәртіпті және сапалы орындау;
нәтижеге жету мақсатын белгілеу және оны іске асыруды жоспарлау, ұйымдастыру және оған қол
жеткізуге ұмтылу;
өз білімі мен дағдыларын дамыту үшін тыңғылықты жұмыс істеу.

  • Құндылық: жасампаздық және жаңашылдық

Құзыреттілік: шығармашылық
Бастауыш мектеп түлегі:
қоршаған әлемді зерттеу, сұрақтар қою, эксперименттер жүргізу және алынған мәліметтер негізінде
қорытынды жасай алу;
жаңа идеяларды қалыптастыру, мәселелердің стандартты емес шешімдерін көру және оларды іс жүзінде
қолдана алу;
инновациялық идеяларды жүзеге асыруға ықпал ететін компьютермен жұмыс істеу негіздерін және басқа
да технологиялық дағдыларды меңгеру;
жаңа тәсілдер мен технологияларды қолдануды талап ететін балалар жобаларына қатысуға дайын болу;
өз әрекеттерінің қоршаған әлем үшін маңыздылығы мен салдарын түсіну.


Әр айдың іс-шаралары :
күнделікті
• «Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды.
«Апта дәйексөздері» – бүкіл білім беру ұйымның оқу және оқудан тыс іс-әрекетінің лейтмотиві ретінде қызмет ететін мақал-мәтелдер, халық даналығы, көрнекті тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, сынып тақталарында және т.б. орналастырылады.
«Қауіпсіздік сабағы» – жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез-құлқын және т.б. сақтауы туралы сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру немесе әңгіме өткізу.
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» – үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру – асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б.
«Өнегелі 15 минут» – ата-аналардың баласымен мінезқұлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуі.
«Үнемді тұтыну» – суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру: жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар әзірлеу.
«Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау апта сайын.



2- сыныптардың сынып сағаттарының жұмыс жоспары



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет