© 2019 Al-Farabi
Kazakh National University
ҒТАМР 16.21.31
Бисенбаев П., Кәрібозов Е.,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
1
аға оқытушысы,
2
ф. ғ. к., Қазақстан, Алматы қ.
е-mail: fazyl_bisenbaev@mail.ru, е-mail: e.karbozov76@gmail.com
НӘЗИРА ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ ТҮРКІ ӘДЕБИЕТІ
Нәзира үлгісінде жазған ақын өз кейіпкерлерінің әрекетін, олардың мінез-құлқы мен
психологиясын өзгерту үшін айрықша дәлел-дәйек ұстануға міндетті саналғаны мәлім. Егер де ол
эпос үлгісінде жырлаған болса, өлшем мен әңгіме желісінің негізгі түйінді сәттерін сақтауға тиіс
болды. Ал лирикалық шығармаға жауап жазса, өлең өлшемі мен ұйқастарды бастапқы қалпында
қалдыруы керек еді. Яғни
ақын
түйінді
мәселелерді зерттеп, толықтырып, мүлдем жаңа үлгіде
жазып шығуға тиіс-тұғын. Мақала авторлары бұрынғы белгілі мәселелерді жаңаша, неғұрлым
көркем де айрықша әдіспен бейнелеген Науаи мен әзірбайжан ақыны Низами арасындағы
байланыстың түп-төркінін түсінбеген, шығыстағы нәзира авторларын «еліктеуші» деп кемсіткен
еуропа ғалымдарын айрықша сынға алады. Содан соң шығыс әдебиетінде нәзира дәстүрінің
осынша мән-маңызға ие болу себебіне тоқтала отырып, феодалдық қоғамда бұл бағытта
шектеулер болғанын, тың тақырып жазу үшін билік өкілдерінің рұқсаты керек болғандығын
баяндайды.
Түйін сөздер: нәзира, дәстүр, нұсқа, лирика, эпос, психология,
кейіпкер, сюжет, тақырып,
бейне.
Bissenbaev P.
1
, Karbozov E.
2
,
1
Senior lecturer,
2
к. f. n. of the Al-Farabi Kazakh national University, Kazakhstan, Almaty,
е-mail: fazyl_bisenbaev@mail.ru, e.karbozov76@gmail.com