. Оқушы сабаққа келгенде қажетті кітап, дәптер, жазу-сызу құралдарымен келуі керек. Әр сабақтың алдында сол сабаққа қажетті оқу құрал – жабдықтарын дайындап қоюға тиісті.
2. Сабақ кезінде оқушы мұғалімнің айтқандарын тиянақты тыңдап, жазып отыру керек. Үй тапсырмасын күнделікке мұқият жазып алу керек, аптаның соңында мұғалім күнделікті тексеріп, ата-ананың қолын қойдыруды талап етеді.
3. Мектеп оқушыларына тыйым салынады:
өзімен бірге сабаққа кедергі жасайтын заттарды, басылымдарды, ойын заттарын әкелуге;
ақша салып ойнайтын ойындар ойнауға;
бөтен нәрселер әкеліп сатуға, айырбастауға;
сабақта, үзіліс кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзуға;
Оқушылар бір- бірімен достық, әдептілік, қайырымдылық қарым- қатынаста болу керек. Жаман әдеттерден аулақ болуы тиіс.
Бір-бірімен сөйлескенде бұзақы, бейбастақ сөздерді қолданбай, тіл мәдениетін сақтап сөйлесуі керек.
Оқушылар себепсіз сабақ босатпауы тиіс, босатқан күнде себебін мұғалімге жеткізуі керек.
Ауру себепті немесе басқа да себепті жағдайлармен сабақтан қалғанда, оқымай қалған сабақтарын мұғалімнің көмегімен оқып түсінуі қажет.
Оқушылардың білімі мен тәрбиесі үшін жасалған мектептептің барлық талаптарын оқушылар міндетті түрде орындауға тиісті.
Оқушылар мектептің ішкі- сыртқы тазалығын сақтауға, кезекші оқушылардың талаптарын орындауға міндетті.
мектеп ережесіне сай келмейтін заттарды мектепке әкелмеуін қадағалау;
оқушының күнделігін күнделікті тексеру;
Сынып жетекшімен әрбір ата-ана тығыз байланыста болу;
бала ауырып қалған жағдайда сынып жетекшіге хабарлау;
сынып жетекшінің күнделікке жазған ескертулеріне назар аудару;
ата-аналар жиналысына уақытылы қатысу;
бала тәрбиесінің негізі ата-анада жатқанын естен шығармау;
Сабақтан тыс уақытта баланың өмірі мен денсаулығына ата-ана тікелей жауапты;
жолда жүру ережелерін, ашық жатқан құбырлары, изоляцияланбаған электр сымдарын, белгісіз ораулы жатқан заттардан сақ болуын қатаң қадағалау;
кешкілік уақытта оқушы сағат 21:00 ден кешікпей үйде болуын қадағалау;
оқушылардың бағалы заттары (ұялы телефон,нетбук,ақша, алтын бұйымдары) жоғалған жағдайда ,мектеп жауап бермейтіндігін ескертеміз;
күзгі, қысқы, көктемгі, жазғы демалыстарда баланың өмір қауіпсіздігіне ата-ана жауапты;
Оқушылардың сабақтан тыс уақытта үйірмелерге, әр түрлі секцияларға қатысуын қадағалау;
Мектептегі, оқу бөлмелеріндегі мүлікті бүлдірген жағдайда, ата-ана мүлікті қалпына келтіреді немесе айыппұл төлейді;
Жыл мезгілдерінің ауа райына байланысты киімдерін қадағалау:
жыл бойы оқушының мектепке екінші аяқ киімі болуы міндетті;
Оқу жылының соңында мектеп кітапханасынан алынған оқулықтардың ұқыпты ұсталып, толық тапсырылуын қадағалау;
сынып бөлмелерін жөндеу жұмыстарына ата-ана тарапынан көмек көрсету.
Ата-аналар жиналысының түрлері: Конференция – педагогикалық ағарту түрі, бала тәрбиесі туралы білімдерін кеңейтуге, тереңдетуге, бекітуге көмектеседі.
Конференциялар ғылыми-практикалық, теориялық болады, тәжірибемен бөлісу бойынша әкелер немесе аналар конференциялары. Олар ұқыпты дайындықты талап етеді, ата-аналардың белсене қатысуын қалайды. Оларға оқушылар жұмысының көрмесін, ата-аналарға арналған кітаптар, көркем өнерпаздар концертін дайындаймыз.
Практикум – бұл ата-аналардың, мүмкіндігінше педагогикалық ахуалдарды тиімді шешу бойынша педагогикалық біліктілігін қалыптастыру түрі, ата-аналар-тәрбиешілердің педагогикалық ойлауын өзгеше жаттықтыру. Педагогикалық практикум кезінде мұғалім ата-ана мен бала, ата-ана мен мектеп қарым қатынасында болатын, қандай да болмасын жанжал туғызатын жағдайлардың шешім жолдарын ұсынады.
Ашық сабақтар - Әдетте, ата-аналарды пән бойынша жаңа бағдарламамен, сабақ беру әдісімен, мұғалім қойған талаптармен таныстыру үшін өткізіледі. Бұл ата-аналардың бүгінгі мектептегі оқу қызметінің ерекшелігі мен күрделілігін түсінбеушілігінен туатын көптеген ұрыс-керістерді болдырмауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ашық сабақтарды мұғалімдер өз оқу қызтетінде де жүргізеді.