Педагогикалық пікірталас – педагогикалық мәдениетті көтерудің өте қызықты бір түрі. Оның ерекшелігі – барлық қатысып отырғандарды мәселені талқылауға тартатын мүмкіншілігінде, өз тәжірибесі мен дағдысына сүйене отырып, жағдайлар мен деректерді жан-жақты талдай алуға ықпал етеді. Басты қағида - әр қатысушының ұстанымы және пікірімен санасу. Тақырыпқа әр түрлі дау тудыратын отбасылық және мектептік тәрбие мәселесін алуға болады. Мысалы, «Мамандық таңдау-кімнің ісі?» «Сіз өз балаңызды жақсы көре аласыз ба?» Рөлдік ойындар– бұл ата-аналардың педагогикалық біліктілігінің қалыптасу деңгейін білудің ұжымдық шығармашылық қызметі. Ата-аналармен рөлдік ойындар тақырыбын келесідей алуға болады: «Сіздің үйде таң атты», «Балаңыз мектептен келді» және т.б. Рөлдік ойындар әдістемесі келесіні қарастырады: тақырыпты анықтап алу, қатысушылар құрамын тағайындау, олар арасында рөлдерді бөлу, ойынға қатысушылардың тәртібі мен ұстанымын алдын ала талқылау.
Жеке тақырыптық кеңестер -Педагог қандай да бір болмасын мәселені шешуде жиі оқушы ата-анасынан көмек ала алады, қажетсінбеуге тиіс.
Ойдағыдай кеңес ұстанымы – сенімдік қатыныс, өзара сыйластық, қызығушылық, құзыреттілік.
Кеңестер мұғалім үшін де, ата-ана үшін де қажет. Екі жақ та ақпаратпен алмасып, нақты көмек көрсету түріне қатысты өзара келісімге келеді.
Отбасына бару –Педагогтің ата-анамен жеке жұмысының тиімді түрі. Оқушылардың үйіне бару, «үй жиналысын» өткізу – жеңіл жұмыс емес. Мұның да дұрысы мен бұрысы бар. Жол жөнекей кіріп шығып, ата-анасымен қысқаша сөйлесіп, сөз арасында оқушының үлгерімі мен тәртібін айтып, өз міндетімді атқардым деуге болады. Бұл арада ішкі отбасы қатынасымен танысып, үй тәртібінің «сыры» мен «қырын» біле қоймайсың. Көптеген мұғалімдер бір отбасына баруды жоспарлап, бару себебін айтады. Бұл дегеніміз, оқушының тұрмыс жағдаймен жалпы танысу, тәрбиенің нақты мәселесін шешу, сондай-ақ, үлгермеушіліктің себебін анықтау, өзаралық жұмыс жопары, оқушы оқуына бірлесіп көмек беру жоспары.
Ата-аналармен хат жазысу – Балаларының жетістіктері туралы ата-аналарды хабардар етудің жазбаша түрі. Мектепте бірлесіп істейтін жұмыс туралы хабарлау, құттықтаулар, кеңестер, бала тәрбиесіне деген тілектер. Сынып жетекшінің тәжірибелі, белсенді ата-аналар тобымен жұмыс істеу түрі – бұл педагогикалық білім беру бойынша барлық бірлесіп істейтін жұмыстарды педагогтармен бірлесіп және солардың жетекшілігімен жоспарлап, дайындап жүргізетін, ата-аналармен байланыс ұстайтын, сыныптағы балалар тәрбиесіне көмек көрсететін: талдау жасайтын, ата-ана мен мектеп бірлестігінің жұмысын қорытындылайтын «Мектептің ата-аналар комитеті туралы ережесі» негізінде жұмыс атқаратын, сыныптың ата-аналар комитеті.