Білім беру жүйесін ақпараттандыру Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты – оқушылардың
ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында
оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді
қолдану қажеттілігі туындайды.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында «Оқу үрдісіне педагогикалық және
ақпараттық – коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану –
жалпы білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі»- делінген.
Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне республика
міндеттерін көтерудің тиімді жолы – білім беру саласын толықтай
ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім
беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде
анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр.
«Қазақстан — 2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық
моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік
білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады.
Индустриалдыдан ақпаратты өркениетке көшудің қазіргі кезеңінде қоғам
дамуының негізгі факторы мемлекеттің қызметін құрайтын саяси –
экономикалық, әлеуметтік салаға белсенді әсер ететін ақпараттық –
коммуникациялық сала болып табылады және экономиканы ғаламдандыру
мен қоғамдық қатынастар үрдістері айқындайды.
Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында компьютерлік сауаттану
жөніндегі ауқымды іске азаматтарды тарту қажеттігі айтылған және
мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді,
интернетті және электрондықпоштаны қолдана білу дағдысы міндетті талап
болуға тиіс екендігі атап көрсетілген. Осыған байланысты XXI ғасырда
ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында
төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы,
интернетті, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне пайдалану арқылы білім
сапасын көтеру. XXI — ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа
компьютерлік сауаттылық қажет. Бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы
мектептен басталады. Өйткені, оқушы мектеп қабырғасынан теориялық
біліммен қатар іс жүзіндік білімнің алғышарттарын меңгеруі тиіс. Ал
теориялық білімді өмірмен ұштастыру үшін компьютердің қажет екендігі
даусыз.
Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелерін
зерттеудегі ғылыми мәселелерді шешу ең басты орын алады. Бұған себеп
оқыту үрдісінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық –
психологиялық тың мәселелері әлі толық шешілмеген. Дегенменде, біздің
облыс оқушылары соңғы жылдардағы пәндік олимпиадаларда информатика
пәні бойынша республикада бірінші, екінші және жүлделі үшінші орындарды
иеленді.
Қазір бүкіл дүние жүзі біртұтас денеге айналып, ғаламдасу құбылысы жүріп
жатқанда, әртүрлі байланыс жүйелері сол дененің жүйке, қан тамырларының
рөліне айналған мына заманда интернеттік жүйені меңгермеген ел ерте ме,
кеш пе дүние жүзінен келетін байланыс нәрін жоғалта бастайды. Түрлі
елдерде болып жатқан жаңалықтармен танысуда, ақпараттар ағымынан
қалыспауда интернет, электронды пошта құралдарының атқарар қызметі мол.
Сондықтан білім беруді ақпараттандырудың тағы бір басты бағыттарының
бірі – оқушылардың интернет жүйесінде жұмыс істей білуіне жағдай жасау.
Интернет жүйесінде жұмыс істеу оқушыларға әлемдік білім мен ғылым
жетістігінен хабардар етіп, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашатыны хақ.
Интернетті пайдалану арқылы білімін жетілдіре түседі.
Бұл іс қазір қолға алынған. Соның бірі облыстық кадрлар біліктілігін
арттыратын және қайта даярлайтын институтында өткізіліп жатқан барлық
курс тыңдаушыларына арнайы «Компьютерлік сауаттылық» тақырыбында
дәрістер оқылып жүр. Бірақ мектепте компьютерлік сауаттылығын одан әрі
дамытуға компьютерлер жетіспегендіктен толық мүмкіндік бола бермейді.
Сол себепті де информатика пәні кабинетінен басқа әр мектепте
компьютермен сабақ өтуге, компьютерлік білімін жетілдіруге арналған
кабинет болу керек. Бұл – қазіргі заман талабы.
Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен
теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер береді. Кез
келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық
белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін
қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі
оқулықты оның электрондық нұсқасына оңай айналдыруға болады. Бұл
нұсқаның жетістігі – оны ЭЕМ жадында сақтау мүмкіндігі оны компьютерлік
желілер арқылы тарату болып табылады. Ақпараттық технологияларды
пайдаланудың ғылыми – педагогикалық, әдістемелік негіздері қалыптасу
үстінде.
Дербес компьютерде жұмыс істейтін пайдаланушыны дайындау
информатика курсының негізгі мақсаттарының бірі. Пайдаланушының аса
маңызды іскерліктерінің бірі- дайын программаларды өзінің іс- әрекетінің
құралы ретінде пайдалану.
Информатика курсында іс- әрекеттің инверсиясы байқалуда: 20 жыл бұрын
программист өзінің программаларын жасаудан бастады, содан кейін барып
дайын алгоритмдер библиотекасын пайдалануға көшті. Бүгінгі пайдаланушы
өзінің жұмысын дайын программалармен жұмыс істеуден бастайды. Сөйтіп,
өзінің программасын құруға жетіспеуі мүмкін. Дайын программалық
құралдар мысалына: дискілерді форматтау, антивирустық, тренажер және
оқыту программалары жатады.
Қазіргі кездегі қолданылатын ақпараттық технологиялар білім берудің
әдістемесі, мазмұны мен формасына айтарлықтай әсер ететіні байқалады.
Оқушылар қазіргі замандық ақпараттық технлогияларды (дербес компьютер,
Интернет сервистері, электрондық оқулықтар т.б.) белсенді түрде
пайдаланады.
Информатика пәнін оқытуда мультимедиа және гипермедиа
технологияларды пайдалану, оқытылатын программаларды көрнекі түрде
демонстрациялау және бейнесабақтарды қолдану білім алудың тиімділігін
арттыра түседі.
Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен, білімнің ғылыми
интеграцияға ұмтылуымен, қоғамда жинақталып үнемі өсіп отыратын
ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады.
Білім беру процесі – ақпараттық қоғам жағдайындағы жас өспірімдерді жанжақты даярлайтын процесс болуы қажет. Сондықтан білім беру жүйесінде
компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені компьютер адам
қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналады.
Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру
оқушылардың компьютерде жұмыс жасауды игеруімен тығыз байланыста.
Компьютерді мектепте оқытуды практикаға енгізу әлеуметтік,
экономикалық, теориялық және практикалық сипаттағы түйінді мәселелерге
жол ашып отыр. Атап айтқанда, ғылыми-техникалық прогрестің тез өсу
қарқыны жоғары деңгейлі мамандар даярлауда жаңаша оқыту әдістерінің
қажеттігін алға қоюда.
Бұл мәселелерді шешудің бірден бір жолы – оқу процесін компьютерлендіру.
Компьютерді оқу процесінде тиімді пайдалану үшін оны қолданылады.
Мультимедиалық технологиялар – бейнелік және аудиоэффектілік, әр түрлі
мультипрограммалық мүмкіндіктерді интерактивті программалық
жабдықтың басқаруымен орындата алатын электрондық құжаттарды
дайындау тәсілдері.
Мультимедиа құралдары деп әр түрлі орталарды: графиканы, гипермәтінді,
дыбысты, анимацияны, бейнелік көріністерді пайдалана отырып
тұтынушының компьютермен әрекеттесуін жүзеге асыратын ақпараттық
және программалық құралдардың біріктірілген кешендерін айтады.
Мультимедиа жарнамалық бизнесте, компьютерлік ойындар жасауда кең
қолданылады. Мультимедиа технологияларын қызықты мүмкіндіктері
электрондық оқу құралдарын жасауда және де басқа оқып үйренуге арналған
материалдар дайындауда көп пайдаланылады. Мультимедиалық
технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютерлік
технологиялары дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып
келеді.
Мультимедиа технологиялары құралдарын оқу әдістемелік материалдары
кешендерін жасауда қалай қолдануға болады? Оларға әр түрлі
мультимедиалық эффектілерді жай мультимедиа мәтіндермен салыстырғанда
қандай көлемде қосуға болады? Оқу құжаттарында мультимедиалық
қосымшыларды пайдалануға шек қойыла ма? Осындай мультимедиа
әсерлелерді шешу бағытында нақты зерттеу жұмыстарын жүргізу керек,
өйткені гармонияны бұзу өте жақын, әсерлі қосымшаларды мультимедиалық
эффектілерді шамадан тыс қолдану оқушылардың жұмыс қабілетін
төмендетіп, оларды тез шаршатуы да ықтимал. Осындай сұрақтарға жауап
беру оқыту ісіндегі шамадан асып шарықтауды болдырмау, оқу —
әдістемелік материалдарын тек эффектілі түрде көрсетпей, оның тиімді
жағын қамтамасыз етуі керек.
Мұғалім компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз байланыста
болғандықтан, ол оқытуға тиянақты түрде көңіл бөліп, әрбір баланың жеке
деңгейін анықтап, оларға жеке шаралар қолдануына да мүмкіндік болады.
Мультимедиалық технологиялар мұғалімдерге қалыпты оқыту жүйесінің
бұрынғы тәсілдерінен бас тартып, еңбек етудің интеллектуалдық түрлерін
пайдалануға мүмкіндік туғызып, оқу материалдарының басты көлемін
бұрынғыша беруді азайтып, жаңа тәсілдің жақсы жақтарын кеңінен
қолдануға итермелейді.
Жаңа мультимедиалық технологияларға байланысты компьютерлік
программаларды да көрнекі материал ретінде қолданып, тестер және бақылау
жұмыстарын өткізіп, шығармашылықты дамытатын есептер шығарып,
қашықтан оқыту сабақтарына қатысып, бұрынғы қалыптағы тәсілмен қоса
компьютерде де жұмыс істеуді қатар атқарып, әрбір балаға бағытталған ойын
сабақтарын, т.с.с жасау мүмкін болып отыр.
Қазіргі кезде жаңа информациялық технологиялар енгізу оқушылардың
мүмкіндіктері мен талаптарын компьютер арқылы жүзеге асыруды
жылдамдатып болашаққа қарай екпінді қадам жасатып отыр. Ол үшін бүгінгі
күні сабақ берудің жаңа тәсілдерін жасау бағытында жақсы жұмыс істеу
қажет, олар оқушылардың білім деңгейін, шығармашылық қабілеттерін
арттырып, компьютерді де тез игеруге жағдай жасап отыр.
«Технология» түсінігін қарап шықсақ, ол – «өнім шығару процесінде жүзеге
асырылатын шикізат формасын, материалды немесе жартылай фабрикатты
өңдеу, олардың қалып – күйін, қасиеттерін өзгерту тәсілдерінің жиынтығы.
Технологияның ғылым ретінде атқаратын міндеті – практикадағы ең тиімді
өндірістік процесті анықтау және оны пайдалану мақсатында физикалық,
химиялық, механикалық және де басқа заңдылықтарды анықтау». Оқытудың
компьютерлік технологиялары – ақпаратты бейнелеу, тасымалдау және
жинақтау, оқушының танымдық әрекетін бақылау және басқару сияқты
педагогтың кейбір функцияларын модельдейтін компьютерлік техника,
телекоммуникациялық байланыс құралдары және интерактивті
программалық өнім негізінде жұмыстың педагогикалық шарттарын жасау
тәсілдері, әдістері, құралдарының жиыны.
Білім беруде компьютерлік технологияларды оқыту процесін толық
өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға
мүмкіндік береді. Қазіргі оқыту құралдары (компьютерлер, программалық
және әдістемелік жабдықтар) әр түрлі оқыту формаларын жетілдіруге
мүмкіндік береді, оған қоса олардың оқушылардың өздігінен білім алуын
ұйымдастырудағы өзіндік жұмыстарды орындататын әдістемелік құрал
ретінде атқаратын жұмысының маңызы өте зор. Әрине, қазіргі компьютер
мен интерактивті программалық — әдістемелік құралдар мұғалім мен
оқушының әрекеттесу формаларын өзгертіп, мұғалімді оқытушыдан гөрі
ақылдаса отырып көмектесетін кеңес беруші ретінде қарастырылады. Ал
мұндай өзгеріс оқушының білімге деген ынтасын арттырып, сабақтың
нәтижелік бақылаудың жаңа моделдерін (баяндама, есеп беру) іздеуге
итереді, оқытудың жеке адамға бағытталған қызықты түрлерін енгізуді керек
етеді. Мультимедиалық технологиялар білім алушының сезім
компоненттеріне әсер ету арқылы тиімділігін арттыра отырып, оқыту үрдісін
жандандыра түседі. Қазіргі таңда мультимедиалық технологиялар білім беру
процесін ақпараттандырудың перспективті бағыты болып табылады.
Программалық, әдістемелік және материалдық қорларды жетілдірумен қатар,
ұстаздар құрамының білім сапасын көтеруде қазіргі ақпараттық
технологияларды қолданудың ұтымды перспективасы көрінеді. Мультимедиа
бұл қазіргі заманғы техникалық және программалық құралдардың
интерактивті қолданылуы, ол текст, дыбыс, графика, фото, видеоның
барлығын біріктіріп, оларды цифрлық түрде ұсынады. Гипермедиа бұл
мультимедиалық объектілер арасындағы байланысты орнататын гипертекстік
сілтемелері бар компьютерлік файлдар. Мектептерде компьютерлік
сыныптарды ұйымдастыруда Интернет — технологиялар тартымды болып
келеді , бірақ артықшылықтармен қоса , жетіспеушіліктер де бар: ол —
байланыс желісіндегі ақаулықтар, байланыс мүмкіншілігінсіз жұмыс істеу.
Бұндай ақаулықтарды оптикалық компакт дискілерді (CD ROM, DVD)
қолданумен жойылады. Дайын бағдарламалық өнімдер , электрондық
оқулықтар және кітаптар оқу нәтижелілігін жоғарылатады. Мұғалімнің
ақпарат іздеуде, хабар алуында және әріптестерімен қарым — қатынаста
көмекші құрал Интернет болып табылады.
Қазіргі кезде мұғалім сабақтағы оқушылардың танымдық белсенділік
деңгейлерінің төмендеуі, дербес жұмыс істеуге және жалпы оқуға деген
ниеттерінің болмауы сияқты мәселелермен жиі кездеседі. Балалардың оқуға
деген назарларының жоғалу себептерінің бірі — сабақтардың бір түрлілігі
екендігі сөзсіз. Күнделікті ізденудің жоқ болуы оқытуда үзіліске әкеледі , ал
бұл тұрақтылықтың көрінуі балалар назарын қиратады. Сабақ құрылымына
шығармашылықпен қарау, оның қайталанбастығы, әр алуандығы, түрлі
әдістер мен формаларды пайдалануы нәтижелілікті қамсыздандырады.
Оқушылардың танымдық белсенділіктерін дамытудың тәсілдері өте көп.
Осындай тәсілдердің бірі бейнефильмдерді және мультимедиа
технологияларды қолдану, ол оқушылардың белсенділік дәрежесін
жоғарылатуға мүмкіндік туғызады және оқушылардың назарын аудартады.
Оқу орындарының жұмыс тәжірибесіне ақпаратты экрандық көрсетілім
түрінде беретін видеоәдістің қарқынды енуі, оның жеке оқыту әдістемесі
ретінде ерекшелеуге мүмкіндік береді. Бейнеәдіс оқытылатын материалды
беру, бақылауды ұйымдастыру, бекітулер , қайталаулар үшін қолдануға
болады, ол дидактикалық функциялардың барлығын табысты орындайды .
Әдістің артықшылығы хабарды көрнекті қабылдатуында болып табылады.
Осы әдістің оқыту және тәрбиелеу функциялары көрнекті бейнелердің әсер
ету нәтижелілігімен ерекшеленеді. Көз алдына келген хабардың көрнекті
түрде көрсетілуі қабылдауға өте қолайлы болып келеді.
Оқыту процесінде бейнеәдісті қолдану мынадай мүмкіншіліктерді
қамсыздандырады :
• Оқушыларға оқытылатын құбылыстар мен процестер туралы толық және
ақиқат хабарды беру;
• Оқыту үрдісіндегі көрнекіліктердің алатын ролін көтеру ;
• Оқушы назарларындағы сауалдар мен тілектерді қанағаттандыру ;
• Білімді бақылаумен және түзетумен байланысты техникалық жұмыс
бөлімінен мұғалімін босату;
• Нәтижелі кері байланысты орнату ;
• Толық және жүйелі бақылау орнату , үлгерімдік туралы объективті есебін
ұйымдастыру.
Бейне әдіс арқасында көптеген дидактикалық және тәрбиелік мақсаттар
нәтижелі шешіледі:
1. Жаңа білімдердің баяндалуы ;
2. Күрделі механизмдердің, процестердің, графикалық үлгілердің әрекет
принциптерінің динамикасын түсіндіру;
3. Көп еңбекті процестердің бақылауы ;
4. Бейнеқұжаттарды ұсыну, өмірмен байланысты нығайтуы;
5. Жабық жабдықтау ішіндегі өтіп жатқан жасырын процестерді бақылауы ;
6. Оқыту — жаттығу және зерттеу жұмыстарына арналған деректер қорын
жасауы;
7. Оқу үрдісін рационализациялау, оның өнімділігін және ғылыми хабардың
меңгерілуін жоғарылату жолымен педагогикалық басқару сапаларын көтеру.
Осы әдістің нәтижелілігі бейнеқұжаттың сапасына және қолданылатын
техникалық құралдарға тікелей тәуелді. Бейнеәдіс мақсатқа лайықты
анықтылығымен ойластырушылығымен ерекшеленетін оқу үрдісіне үлкен
талаптар қояды. Бейнеәдісті қолданатын мұғалімнен оқылатын
проблемалардың шеңберіне оқушыларды енгізу, олардың жұмысын
бағыттау, қорытынды шығарту, дара көмек көрсету сияқты дамыған іскерлік
талап етіледі. Информатиканы оқытуда қазіргі заманғы мультимедиа —
технологиялардың қолданылуы оқытылатын бағдарламаларды көрнекті
демонстрация жасауға қамтамасыз етіп, соның ішінде слайд —
презентациялар оқудың нәтижелілігін жоғарылатуға рұқсат етеді. Сабақ
құрылымында ақпараттық технологияларды қолдану, оқытудағы түрлі
әдістер мен формаларды пайдалануға айтарлықтай әсер ететіндігі сөзсіз.
Мультимедиа технологиялары мектептегі білім беруде өз нәтижелілігін
дәлелдей алды. Интерактивтілікпен ақпаратты жеткізетін түрлі құралдары
бар мультимедиа оқу сапасының жаңа деңгейін қамсыздандырады. Қазіргі
заманғы компьютерлердің техникалық құралдарының дамуымен қатар,
мультимедианың визуальды ортасы қарқынды өзгереді. Үш өлшемді
графиканы кеңінен қолдану гипермәтіндік беттері бар кітаптар метафорасын
іске асыратын дәстүрлі электрондық оқулықтан, интерактивті білім алатын
ортаға бейімдейді. Білімнің үш өлшемді әлемі монитор экраны арқылы
оқушымен қабылданады, нақты объектілердің бейнелері виртуалды
үлгілерімен қатар жұмыс істейді. Оқушыларды оқыту үрдісінде қазіргі
заманғы ақпараттық технологияларды қолданудың негізгі шарттары:
компьютерді заман талабына сай құралдар ретінде қолдану; оқушылардың
ұстазбен компьютер арасындағы интерактивті әрекеттестігі; ақпараттық
технологияларды қолдану арқасында, оқушылардың дербестік рөлінің
жоғарылауы. Заманға сай ақпараттық технологиялардың оқу үрдісін
ықшамдауы бағдарламалық — шығармашылық жобалардың қолдануына
негізделген.
Шығармашылық жобаны даярлауда оқушылардың жаңа, нәтижелі, бәсекеге
қабілетті, адамның қажеттіліктерін өтей алатын және сатып алушылардың
сұранысын қамтамасыз ететін дербес жұмысын алдын ала ескереді. Жобаның
орындалуы танымдық және тәрбиелік функциялардың дамуына,
шығармашылық қабілеттіліктерінің, ынталарының, кисынды ойлаудың,
іскерлік пен дағдыларын, политехникалық білімдерін тереңдетуге және
бекітуіне жағдай жасайды. Ақпараттық мәдениеттің құрылымы
оқушылардың танымдық қызметтерін дамуға бағытталған. Оған мыналар
жағдай жасайды: оқушылардың ой белсенділіктерін ынталандыру, оқылатын
материалды зерттеу мақсаттарының анықтамасы және компьютердің
интерактивті операциялық ортасына оқушыларды бағыттау, оқытушы
технологияларды тереңдетуі негізінде өз бетімен оқу қабілеттіліктерін
дамыту және кеңейту.
Қазіргі заманғы оқушыны қалыптастырудың келесі негізгі әдістемелік
ерекшеліктерін ұсынуға болады:
1) Сабақта мультимедиалық презентацияларды қолдану компьютерлік
сыныптарда мультимедиалық проекторларды, резидентті анықтамаларды,
автоматтандырылған оқыту жүйелерін, әртүрлі бағдарламалардың жұмысы
туралы бейнежазбаларын пайдалану арқылы өткізіледі;
2) Практикалық жұмыстарда әрбір үйренушіге бөлек компьютер берілуі тиіс,
онда олар жеке папка жасап, оқушының фамилиясы, аты – жөні, сыныбын
жазып шифрлайды;
3) Жекеленген оқытушы бағдарламаларды кеңінен қолдану, көп дәрежелі
тапсырмалар банкін тиісті пайдалану (практикалық және лабораториялық
жұмыстарда);
4) Жұмыстардың маңызды бөлімін мақсатқа лайықты іскер ойындар түрінде
өткізу; бітірушілер кәсіпшілік қызметте кездесетіндей көп нұсқалы нақты
өмірде орындалмаған тапсырмалар берілуі тиіс;
5) Кең көлемде жүйелілік ұстанымдарды сақтайтын жобалар әдісі
қолданылуы тиіс, бұл — бір глобальды тапсырманың жүйелі түрде барлық
практикалық (лабораториялық) және графикалық жұмыстарда тиісті
орындалып, толықтырылып және кеңейтіліп, тұйықталған жүйеге айналуын
білдіреді;
6) Бағдарламаның негізгі бөлімдерінің параллельді зерттеу мүмкіншілігі
алдын ала ескерілуі керек; бұл білім алушыларға әрбір бөлімге қатысты терең
білім алуларына мүмкіндік береді;
7) Өзара байланысқан келесі ұстанымдарға сүйену қажет: тану мотивациясы,
жан-жақты қабылдағыштық, жүйелі – ақпараттық талдау;
8) Оқытудың проблемалық әдісін кеңірек қолдану қажет, оқу барысында
пайдаланылатын нақты бағдарламалардың (құжаттардың, кестелердің,
деректер базасының) өңделуін алдын ала ескеру;
Білім беруде дәстүрлі оқытумен салыстырғанда мультимедиа
технологияларды қолданудың келесідегідей жетістіктері бар:
• түрлі түсті графиктер, анимациялар, дыбыстық көркемдеу, гипертекстті
қолдануға мүмкіндік береді;
• тұрақты жаңару мүмкіншілігі;
• жариялау мен көбейтуге аз шығындалу;
• интерактивтік веб — элементтерді орналастыру мүмкіншілігі, мысалы
тестілер немесе жұмыс дәптерлері;
• көшіріп алу және цитат алуға арналған бөлімдердің тасымалдау
мүмкіншілігі;
• электрондық кітапханалардан немесе білім беру сайттарынан қосымша
әдебиет алу үшін гипербайланыс орнатады;
Мультимедиа технологияларын пайдаланып, дәрісханалық жұмыстарды
ұйымдастыру уақытты үнемдеуге мүмкіншілік береді. «Информатика»
пәнінің оқушылардың қызығушылығына әсері соншалықты, олар өз
ойларынан ойын арқылы оқытатын орта жасай алады. Қазіргі заманғы
информатика курсына мультимедиалық технологияларды оқыту жүйесіне
енгізу бірқатар жақсы жақтарымен қатар біраз қиындықтар да тудырды.
Мультимедиалық технологияларды (проекторды) сабақтарда қолдану,
оқытылатын бағдарламаның көрнекті түрде демонстрациялап қана қоймай,
уақытты да үнемдеуге мүмкіншілік туғызады. Осы кезде мультимедиалық
материалдарды дайындау мен сабақты ұйымдастыруға деген қосымша
талаптар қойылады.
Оқыту процесіне ақпараттық мультимедиалық технологияларды кірістіру
оның нәтижелілігін арттырады. Бірақ бұл жолда қиындықтар мен қателіктер
де кезігеді, олардан болашақта да арылу мүмкін емес. Бірақ та ең басты
жетістік бар, ол – оқушылардың қызығушылығы, шығармашылық
дайындықтары, жаңа білім алуға деген құштарлықтары және жеке
жауапкершіліктерін сезінуі. Компьютер әр сабақты бір біріне ұқсамайтындай
етіп өткізуге мүмкіндік береді. Әрқашан бір жаңа нәрсені үйрену оқуға деген
ықыластарын арттырады. Барлық ақпараттық каналдардың ең қуаттысы
визуальді болып табылады, сондықтан оны мультимедиалық құралдар
арқылы білім беру саласында қолдану біршама өңделген. Бірақ ол басқа
медиа құралдардың маңыздылығын жоймайды. Мысалы, материалды
меңгеру нәтижелілігіне әрбір мультимедиалық оқулыққа музыкалық
үйлесімділікті орнату да өз үлесін қосады.
Мультимедиа оқулықтарындағы клавиатура мен тышқанның үйлесімді
ойластырылған әрекеті білім беру технологиясының тағы да бір
артықшылығын айқындайды. Ол мануальді жаттығулардың жадыны біршама
дамытуға негізделген. Мультимедиалық технологиялардың оқу процесін
байытатыны даусыз, білім алушының сезім компоненттеріне тікелей әсер
етіп, нәтижелілігін арттырады. Г. Кирмайерге сәйкес мультимедиалық
технологияларды оқыту процесінде интерактивті пайдалану меңгерілген
материалдың 75% пайызын құрайды. Мультимедиалық технологиялар
көрнекі статикалықтан оқулықтан динамикалыққа айналдырды. Ертеректе
мұндай мүмкіншілікке білім беретін теледидар ғана ие болатын, бірақ бұл
облыста интерактивті аспекті жоқ. Уақыт ағымына қарай дамитын
процестердің үлгісін жасау және осы процесстердің параметрлерін
интерактивті ауыстыру — мультимедиалық білім беру жүйесінің маңызды
дидактикалық артықшылығы болып табылады.
Мультимедиалық технологияларды қолдану тәжірибесі мынаны көрсетеді:
• Оқушылардың жұмысқа деген қызығушылықтары мен белсенділіктерін
жоғарылатады;
• Ойлау қабілеттерінің алгоритмдік стилі дамиды, үйлесімді шешімдер
қабылдауға іскерліктері қалыптасады, вариативті іс істеуді дамытады;
• Мұғалім ескішіл жұмыстың көпшілігінен босайды, алынған нәтижелер
негізінде шығармашылық қызметін жоғарылату мүмкіншілігі туады