Интернет дүкендер қызметтерін қолдану. Интернет дүкені арқылы үйреншікті сатып алу процесіне деген көзқарасты, экономикаға қомақты әсерін тигізе алады. Электронды коммерцияның дамуының маңызын Интернет желісінің ары қарай дамуымен тығыз байланыстырады, яғни бұл интернет дүкен желі үшін оның дамуына қаражат әкеле алатын қозғалтқыш күш болып табылады. Интернет дүкен бұл - тауарларды немесе қызмет қөрсетулерді дүние жүзі бойынша барлық желі қолданушыларына сататын және жарнамалайтын Интернеттегі орын. Интернет дүкен бұл - Интернет желсінде бизнесті жүзеге асыру мақсатында екі материалды емес материяның үйлесімі: компьютерлік ақпарат және олардың электронды орналасуы. Компьютерлі ақпарат жағынан: ақырғы соңда сіздің дүкенінізге айналатынның барлығы (яғни экранда пайда болатын компания логотипі, фирма жайындағы ақпарат, өнім каталогы және т.б.) сіздің немесе фирманың иелігіндегі компьютерде туындайды, ол арқылы сіз Интернет желісіне қосыласыз, және де барлық ақпарат сонда сақталады. Электронды орналасуы жағынан: дүкен жазылған компьютер интернеттің бір бөлігі, сондақтан ол оған кіріп шыққысы келген немесе ақпаратпен танысқысы келген желінің кез-келген қолданушысы үшін ашық. Бүгінгі таңдағы ақпараттық технологиялардағы төңкеріс бизнесті жүргізу жайындағы барлық дәстүрлі көзқарастарды өзгертуде. Электронды коммерция әдеттегі бәсекелестіктегі мүмкіндіктерді теңестіреді, яғни үлкен және кішігірім компанияларға бір деңгейдегі сапа, баға және өнім түрлерінен сайысқа түсуге мүмкіндік береді. Жергілікті газетте жарнама беру бағасымен теңдей бола отырып, ол сауда ұжымдарына дүниежүзлік нарыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл кішігірім компаниялар үшін кейде жалғыз мүмкіндік. Тауарлар мен қызмет көрсетулердің алға жүруі жағынан немесе потенциалды сатып алушыларды хабарландыру жағынан (бұл жағдайда, Интернет желісінің қолданушылары) интернет дүкендер де сол баяғы функцияларды атқарады.
Алайда интернет дүкеннің оларға қарағандағы ерекшелігі, оған деген сұраныс жоғалғаннан кейін өзі де қоса жоғалып кетпейді (мысалға, газет бетіндегі жарнама). Ол еш нәрсеге тәуелсіз жұмыс істей береді, яғни өз қызметтерін сіздің қалауыныздың шегіне дейін ұсынып, сіздің уақытыңызды шектемейді. Сонымен қатар сатып алушылармен байланысты қамтамасыз ететін түрлі интерактивты байланыс құрылғылары бар, олар мультимедияға негізделген және де тапсырыстарды өңдеуде де колданылуы мүмкін. Интернет дүкенді құру ақпарат пен жарнаманы жаюға негізделген болатын болса, онда Интернеттегі бизнесті элктронды пошта, таратулар тізімі мен телеконференциялар арқылы жүзеге асыруға болады, олар да сол мақсаттарға құрылған емес пе? Бірақ мұндай байланыс формалары өте тартымды болғандықтан, жарнама тарату мақсатында қолданылған кездерінде қолданушылардың бұрыс реакциясын туғызады. Мультимедиялық мүмкіндіктері бір жағынан дүкендердің түрлі-түсті витриналарына жақын. WWW жүйесі, Интернеттегі жарнама мен коммерция үшін артығырақ. Интернет дүкендер басқарушылар үшін жаңа, қолданыстағы жарнама түрлерінен асып түсетін мүмкіндіктерді береді, оның қызмет алаңы мен аудиториясы күннен күнге кеңеюде.
Жеке интернет дүкен артықшылықтары Бүгінгі күнде әрбір фирманың, оның өз өнімдерін бүкіл әлемге ұсынуға мүмкіндік беретін жеке интернет дүкені болуы мүмкін. Өйткені олар кез-келген мезгілде осындай дүкенге кіріп, сол мезгілде өздерінің тапсырысын беру мүмкіндігіне ие. Артықшылығы айқындай анық - уақыт үнемділігі. Тапсырыс берушіге сатушыға жолуғудың қажеті жоқ, сатушының өзі потенциалды сатып алушыларға өз ұсыныстарымен келеді. Интернет дүкенде сатып алу және сату операцияларын қай жерден немесе қай уақытта болмасын жүзеге асыруға болады. Ол үшін тек компьютер және желімен байланысты қамтамасыз ететін кез-келген құрылғы қажет. Сонымен қатар мұндай дүкен ешқашан жабылмайды. Сатып алушылар оған жылдың әр мезгілі мен тәуліктің кез-келген мезетінде кіре алады.
Неліктен өз интернет дүкенді құрып, өнім немесе қызметтерді интернет арқылы сату және ұсыну мүмкіндігімен қолданбасқа? Осыны жүзеге асыру қиынға соқпас - интернет дүкенді құр да, сата бер. Интернет дүкеннің қарапайым дүкенмен салыстырғанда артықшылықтары аз емес. Олар: oo сатулар көлемін ұлғайту: қосалқы сату мекенін құрса, сатылатын тауарлар немесе қызметтер көлемі ұлғаяды; oo өткізу рыногін кеңейту: қазіргі күнде интернет желісінде 50 миллионнан астам адам қолдануда, олардың көбі сіздердің компанияларыңызбен, өнімініңізбен және қызметтеріңізбен танысатын болады; oo өңдіріс шығындарын азайту: ұсыныс пен тауарларды және қызметтерді сатуға кететін шығындар интернет дүкен арқылы сатылғанда азырақ, сондықтан өндірістік шығындар азаяды; oo бәсекелестеріңізден озу: потенциалды сатып алушыларға тауар жайындағы ақпаратты жеткізу процессі бірнеше секундты ғана алғандықтан, сіздің бірінші болу мүмкіндігіңіз артады; oo басқа мемлекеттермен сауда-саттық жүргізу мүмкіндігі: сіз өз өніміңізді кезкелген мемлекетте, онда қарапайым дүкен орталығын ашпай-ақ сата аласыз; oo жер бетінің кез-келген бір нүктесінде сату мүмкіндігіне ие боласыздар: өйткені сіздің дүкеніңіз электронды және барлық келесімдер онлайн режимінде орындалады; oo күн немесе түн болғанына қарамастан, тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн, жылына 365 күн жұмыс істей аласыз, сіздің интернет дүкеніңіз, яғни сіздің бизнесіңіз сіз дем алғанда, ұйықтағанда немесе басқа да істермен айналысқанда жұмыс істей береді; oo сіз бір-бірімен байланыссыз бірнеше жобаға ие бола аласыз: үйреншкті бізнес шарттарына сәйкес бір мезгілде бір-бірімен байланыссыз бірнеше жобамен айналысу мүмкін емес, мысалға қаражаттық инвестициялар мен комикстерді сату.
Интернет дүкен түрлері Онлайн режимінде жұмыс істейтін интернет дүкендердің функционалды мүмкіндіктеріне байланысты, оларды келесі үш категорияның біріне жатқызуға болады: oo интернет-витрина; oo сауда-саттық автомат; oo автоматталған дүкен. Интернет дүкеннің Интернет-витрины түрінде болған жағдайында бұл қарапайым web-сайттың логикалық түрде кеңейтілген түрі, онда тауарлар жайында барлық ақпарат орналастырылып, қажетінде жаңартылып тұрады.
Сатып алушының тауарды сатып алуға дайын болғаны мен нақты сатып алу арасында бірталай уақыт өтеді. Интернет-витринаны құру және оны басқаруға кететін шығындар көлемі едәуір аз. Мұндай категориядағы интернет дүкен өзін тек бір жағдайда ғана ақтайды, егер ондағы өнімді зерттеу қарапайым дүкен шегінде өте көп уақытты қажет ететін болса. Сауда-саттық автоматтың Интернет-витринадан айырмашылығы -онда нақты сауда жүзеге асырылады. Сауда операцияларын жүргізу жүйесі қандайда бір әдіспен организацияның бизнес-процесімен интеграцияланған. Жасалған тапсырыстар бойынша берілген ақпарат бірнеше өніммен өңделуі мүмкін: автоматталған түрде, немесе менеджердің көмегі арқылы. Мұндай интернет дүкен сатып алушылар саны шектелнген пилоттық және тестілік жобалар үшін қолайлы. Автоматталған дүкен жалпы жағдайда автоматты түрде тапсырысты қабылдайды, счет жазып береді, төлемді қабыл алады, сонымен қатар тауарды сатып алушыға жеткізу туралы тапсырысты құрастырады. Сауда операцияларының бизнес-процестермен интеграция деңгейі жоғары. Менеджер тек жүйенің жұмысына деген жалпы бақылауды жүргізеді. Мұндай түрдегі интернет дүкендер жетерліктей күрделі болуда, және оларды құру үшін қомақты қаржы қажет, алайда олар сатулар көлемін әсерлі түрде жоғарлатады.
Online режімінде дүкендердің жұмыс істеу принциптері
Интернеттің толық құқықты қолданушысы болып табылсаңыз, сіз үлкен көлемдегі ақпараттың қайнар көзіне кіруге рұқсат аласыз. Осыған қоса көптеген интернет қызметтерінің жемістерін де пайдалана аласыз. Ол қызметтердің барлығы да, ең алдымен, тұтынушылардың уақытын үнемдеуге арналған. Осындай қызметтердің бірі - қазіргі уақытта динамикалық дамып келе жатқан - интернет-дүкендер