Біз хайуан мен адам арасындағы зор айырмашылықты білеміз ал



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі203,7 Kb.
#7217

124

Біз  хайуан  мен  адам  арасындағы  зор  айырмашылықты  білеміз  ал 

негізінде  олардың  кейбіреулерінің  ақылы  мен  қабілеттерінің  арасындағы 

айырмашылықтарын  тура  анықтау  оңай  емес  екендігіне  көзжеткізуге  болады 

дейді.Жан  объектісі  ойлау  кезінде  қандай  болады:  Жан  объектісінің  табиғаты 

қандай.Идея адам жанына қайдан және қалай келеді.Ойлау тәсіліінде жан оны 

қалай пайымдайды әрі оны толықрақ бекітеді.Адамдардың бәрі ой әрекеттерін, 

пайымдауларын,  сенімдерін,  тура  осылай  құрады  дейді  Локк.Мен  таным 

мәселесін осылай түсінемін дейді Дж.Локк.Мен өзім және басқа адамдар таным-

ды ойлау процесіндегі жанға тікелей  объектінің сай келуін немесе сай келмеуін 

қабылдау ол идея дейді. Джон Локк сол кездегі бір атақты епископтың жазған 

еңбегін оқып айтқан ойын терістеп және оның ойының кателігін көрсетіп идея-

ны қалай анықтауға болатынын сендіреді.Локктың  ойлауы бойынша білу және 

сенімді болу бір нәрсені  білдіреді дейді.(6)

Джон  Локк  логикасының  мәні  оның  негізгі  қағидалары  саяси  экономика 

теориясының  классиктері  Адам  Смит,Рикардо  т.б.  логикасына  сүйене  отырып 

заңдылықтарды  анықтаған.Жалпылық  категориясының  маңызын  зертеген  де 

экономикалық заңдылықтар жүйесінде оның қайшылықтарын анықтау барысын-

да көптеген қиындықтар туғызған.Сондықтан Джон Локктың логикасы олардың 

жана тұжырымдар алуына жағдай жасаған.

Сонымен  Дж.Локктың  логикалық  қағидаларын,  танымдық  теорияның 

күрделі мәселелерін бір ізділікпен зерттеп анықтауға әрекет жасағанын Аристо-

телден бері үзіліссіз дамып келе жатқан логикалық ой мәдениетін қандай ғылыми 

мәні бар пайымдаулар жасағанын,эмпириялық таным маңызын нақтылы белгілей 

отырып одан қандай рациональдық сипаты бар ой тұжырымдар алуға болатынын 

белгілеген жайларын біршама қарастырдық .Шындығында ағылшынның және 17 

ғасырдағы Европа ғылымы мен философиясын теориялық тұрғыдан Д.Локктың 

дамытқаны айқын екенін қазіргі кездегі ғалымдарда мойындайды.

Әдебиеттер

1.Ильенков Э.В.Диалектическая логика.М.,1984   17 стр.

2.Ильенков Э.В. Философия и культура.М.,1991 58-59 стр.

3.Асмус В.Ф.Иммануил кант М., Из-во “ Наука”  1973 110 стр.

4. Асмус В.Ф.Имануил Кант м 1973 с 186 ) 

5.Кант И. Критика чистого разума м...Эксмо 2006 631с   

 6.Зайченко Г.А.Джон Локк. Москва мысль  1988.,  19 стр  

7.Джон Локк Соч.Том 2.Москва 1985  25, 46, 154,265,344  стр .

8.Абдильдин Ж.Диалектика Канта. –  Алма-Ата,1974         

    


АН

ТРОПОЛОГИЯЛЫҚ ТАНЫМДАҒЫ ДИАЛЕКТИКА.

(БІРЕР МӘСЕЛЕЛЕРІ)

Калиева К. А.

                                                                                      Астана қ.,



 

Қазақстан 

Диалектика  даму  ілімі  ретінде,  көптеген  ғасырлар  бойы  өзінің  таным 

процесінде  қажетті  әдіс  екенін  дәлелдеп  қана  қоймай  сонымен  бірге  үнемі 

дамуда,  толығуда  болғанын    философия  тарихынан  білеміз.  Диалектиканы 

өзінің идеяларымен  толықтырып байытқан көне заман, ортағасыр, жаңа заман 


125

философтары және сонымен бірге кеңестік дәуірдің философтарының да қосқан 

үлесі аз емес екенін ұмытпағанымыз әділетті болар деп ойлаймын. 

Философия тарихынан  белгілі Карл Маркс Гегелдің диалектикалық әдісі 

туралы ілімін жоғары бағалап, оның негізгі жағдайларын материалдық болмыстың 

шынайы заңдылықтарын талдау үшін, әсіресе адамзаттың қоғамдық экономикалық 

өмірін зерттегенде қолданғаны. Фридрих Энгельстің бейнелеп жеткізген тілімен 

айтатын болсақ К.Маркс Гегельдің басымен тұрған диалектикасын аяғынан тік 

тұрғызды, деген сөзінің өзі нені білдіретіні түсінікті, бізді қоршаған дүниенің, 

объективтік   реалдық болмыстың өз бойынан даму заңдылығын көретінін айқын 

айтып тұр, ал  Гегель диалектикасын ұғымдар диалектикасы  ретінде түсідірді, 

нақтысын айтсақ  диалектикалық даму процесі, ұғымдардың төңірегінде болатын 

құбылыс ретінде көрсетті.

ХХ ғасырдың 90- шы жылдары біздің еліміздегі болған өзгерістер әсіресе  

идеология  жағынан,  марксизмге  сонымен  бірге  философияға  өте  ауыр  сыни 

кезең  болды.  Маркістің  іліміндегі    ескірген  догматикалық  идеяларымен  бірге,  

философиядағы  әлемдік  және  отандық  мәдениетімізге  құндылығы  жағынан 

бағасы биік, өтпелі құндылыққа жатпайтын дүниелерді де лақтырып тастадық, 

философияны марксизм шеңберінде ғана қарастырып, біржақты идеологиялық 

тұрғыдан үстіртін сынға алынды.  Диалетиканы  марксизімнің бір бөлшегі ретінде 

түсіндірді.

Шындығыққа бет бұрып, мойындайтын кез келді, диалектика ол адамзаттың 

ғылыми философиялық таным процесіндегі  қол жеткізген жетістігінің бірі  десек 

артық болмайтын шығар деп ойлаймын. Маркстың ілімінде уақыт сынағынан өте 

алмай қалған жағдайлар бар екені шындық, оған ешкімде таласпайды, шынайы 

мағынасы бұрмаланған, қайта түзеуді қажет ететін жерлеріде бар, сонымен бірге,  

бүгінгі күні құндылығын және  актуалдығын жоғалтпаған  жетістіктері де жоқ 

емес.  Философиядағы  осындай  құндылығын  және  актуалдығын  жоғалтпаған  

диалектикалық  әдіс.

Енді осы диалектикалық әдістің мәдени  антропологиялық таным мәселесіне 

қатысты кейсібір сұрақтарына тоқталып көрейік.

Профессор  А.Р.  Масалимова  мәдени  антропологиялық  білім  жүйесіндегі 

адам  мәселесіне  тоқталған  кезде:  «Адам  маселесі,  оның  шығу  тегі,  өмірінің 

мазмұны  және  өмірдегі  бағыт-бағдары  ерте  заманнан  көптеген  ойшылдарды 

толғандырған. … Адам өмірінің мазмұны туралы ой қозғағанда философиялық 

және  антропологиялық  аспектісін  бөліп  қарастырған  жөн.  Бірінші  аспект 

бойынша  адам  баласының  жердегі  өмір  сүруі,  оның  сол  кезеңдегі  дамуы 

зерттеледі. Екінші аспектіге сай адам дамудың белгілі бір кезеңін және белгілі бір 

табиғи экологиялық негізді білдіреді. Осы негізде алам екі әлемге жатқызылады. 

Бірі табиғат әлемі, ал екіншісі мәдениет әлемі. Адам биологиялық тіршілік иесі 

секілді  барлық  өсімдіктер  мен  жануарларға  ұқсас,  адамдар  қауымдастығында 

– жануарлар қауымдастығының белгілері кездеседі, алайда адам қол жеткізген 

эволюциясын бірде бір тіршілік иесі қайталай алмайды»-деген ойымен келіссек 

те  антропологиялық  мәселені  талдаған  кезде  менің  ойымша  философиялық 

антропологияның  әдіснамалық  жағы  мен  мәдени  антропологияның  да 

мәселелеріне  сүйенуге  тура  келетін  сияқты. 

Антропалогиялық  білімді  әртүлі 

ғылымдар  өзінің  зертеу  пәні  ретінде  танытады,  жаратылыстану,  теологиялық, 



126

философиялық антропология деп,  бірақ барлығы бірігіп  біртұтас адам жөнінде 

идеиялар жасай алды ма? Ондай біртұтас адам идеясы жоқ. Екіншіден, адамның 

барлық ерекшелігін бір анықтаушы  белгісінен (сапа-сынан) шығарып  түсіндіретін 

көптүрлі адам үлгілеріде бар. Сонымен бірге, әр түрлі үлгідегі  адамды келесі 

құрастырушы  белгілерге  символ,  ойын,  ақыл,  іс-әрекетке,  рух  және  т.  б.  сай 

келетін  атау  беріліп,  шындығында  адам  табиғатының  бір  белгісін    абсолюттік 

тұрғыдан қарастырады. Адам туралы теориялық және эмпирикалық білім дамыған 

сайын  ортақ концептуалдық ғылыми теорияның қажеттігі байқалады. ХХ және 

ХХІ  ғасырларда  мәдени  тарихының  мәселесі  ретінде  адамның  ғылыми  тану 

мәселесі алға қойды.

 М.Шелер өзінің «Адам және тарих» атты шығармасында: 

«Адам мәселесін ұзақ жылдар бойы негізді тануда біздің ғасыр алуан түрлілікпен 

ерекшеленді.  Себебі  бұл  кезеңде  басқа  ешбір  кезеңдерге  тән  емес  көмескілік 

және белгісіздік жайттары орын алды. Мың-жылдық тарих ұзақтығында біздің 

кезең ең алғаш рет адамды «мәселеге» айналдырып, оның мәнін іздеді, сөйте тұра 

осы кезеңде адам өзінің орнын білуге тырысып, біле алмау жағдайына тап бол-

ды», – деген ойы  арқылы адам мәселесінің мәдени антропологиялық мазмұнын 

көрсетті. 

Диалектиканың  позициясынан  көп  түрлі  антропологиялық  білімді 

қарастырғанда  ,  олардың  бірлігі    мен  айырмашылығын  және  концептуалдығы 

мен  методологиялық  мүмкіндіктерін  көрсету  үшін,  адамға  деген    көзқарасты 

ерекше  жүйелеп, жинақтап және біріктіру тәсілін  анықтау керек. Сонымен бірге, 

диалектика  нақтылықты  көп  түрліліктің  бірлігі  ретінде    және  осы  позициядан  

адамды  көп өлшемді, көп бейнелі, полиморфиялық  деп түсіндіріледі. Адамның 

әр үлгісінің бойында тұтас ақиқаттан  бірдеңе сақталады, абсолюттік тұрғыдан 

түсіндірудің  қажеті  жоқ  сияқты  (мысалы,  «Адамды  символдық    жануар 

немесе  саяси  жануар  дегендей»)  сондықтан  да  бұл  үлгілер  бірін  –  бірі  жоққа 

шығармайды,  қайта  өзара    бірін-бірі  толықтырады.  Әрине    өзара  толықтыру 

дегеніміз ,ол бір- бірімен сөзсіз араласып бірігіп кетеді деген емес, органиклық 

тұрғыдан  ол  мүмкін  емес,  толықтырылу    принципі  жағынан  қарастырып, 

адамның  көп  қырлылығын  концептуалды  сипаттайды.  Адамда    шындығында 

да,  инстинктуалдық,  биологиялық,  психологиялық  ,  әлеуметтік,  рухани 

құрылымдар  бар, олардың әрқайсысы көптеген әртүрлі теориялармен сипатталып 

ажыратылады және бұл оның болмысының көп бейнелілік формаларының барын 

, адамда олардың бөлінбейтіндігін және араласып кетпейтіндігін   мойындағанды 

білдіреді.  Философияның  мәңгілік  мәселесінің  бірі    адам      мәнін    түсіну,  ол 

антропологиялық  танымда  да  басты  мәселе  болып  саналады.  Диалектикалық  

таным әдісі  абстракциялық,  тарихтан тыс мәнділікті , бір өлшемділіктің  ішіндегі  

мәнділіктің  болашағы  жоқ  екенін  түсінуге  көмектеседі.Тарихилық  принципі, 

диалектикалық әлеуметтік және гуманитарлық  таным приципі ретінде  адамның  

өзінің әр тарихи даму кезінде  бір қалыпта қалмай  оның мәні үнемі тіршілігімен 

бірдей  дамып  өзгеріп  отыратынын,  қандай  сапада  өзгерсе  де  үнемі  дамуда  

болатындығын анықтауға мүмкіндік береді.  Адам тектік   формада  ғана тіршілік 

жасамайтынын есте сақтай отырып, сонымен бірге жеке адам  (индивид), адамзат 

тегінің  дара    және  бірегей    өкілі  болғандықтан  адамның  индивидуалдығын 

психологиялық  емес  ,заңды  түрде  философиялық  өлшемде  түсіндірген  дұрыс.  

Бұл  философиялық  өлшем  адамның  индивидуалдығынан  адамның  жалпы 



127

сипатын  көруге  және  адамның  индивидуалдығы      қалыптасуын  әлеуметтік-

тарихи  процесс ретінде көруге  мүмкіндік береді. Тарихилық  диалектикалық 

принцип ретінде  адамды тануға бағыттайды, өзінің нақты-тарихи бет, бейнесі 

бар, ашық, өзін-өзі ұйымдастырушы жүйе ретінде. Сондықтан да  адам мәнінің 

даму  кезеңдерін,  оның  тарихи  сипатамасын  айту  заңды,  әсіресе  осы  кездегі 

тарихи тіршілігінің басым жақтарын және адамның болашағы туралы болжауға 

болады.


Антропологияда  үнемі  қойылатын  сұрақтың  бірі    адам  табиғатының 

бастапқы  негізі  туралы  мәселе.  Адам  табиғатынан  қайрымды  жақсылық 

жасаушы  ма  әлде  жамандық  жасаушы,  қатыгез  ба?  Бұл  сұраққтарға  жауаптар  

және  осылардың  негізінде  дамытылатын  концетуализациялау,    теория  мен 

практикаға басқаша деңгейде негіз жасайды - білім беру, саяси, психологиялық.  

Бұл  мәселеде  диалектикалық  әдіс    адам  бомысы  қарама-қайшылыққа  толы 

екенін көруге мүмкіндік жасайды. Адам бір мезгілде табиғи және бостандықта, 

жаратылған және жаратушы, хайуан да емес және періште де емес, басымдылық 

және  байсалдылық,  жағымды  және  жағымсыз  моралдық  сапасы  бар,  көптеген 

әлеуметтік,  жеке  индивидуалдық,  психалогиялық  басқа  да  параметірлеріне 

байланысты  көрінеді.    Олай  болса,  адам  бір  мағыналы  тіршілік  иесі  емес. 

Сондықтан,  әлеуметтік  іс-әрекетімізде  адам  табиғатының  игілікті  іс  жасағысы 

келетін мүмкіндігін актуализациялау  ғана қалады. 

Адамның дамуының тарихилығын мойындаған соң оның болашағы, дамуның 

бағыты  туралы  да  сұрақ  туындайды.  Сондықтан  да  болар  антропологиялық  

танымда  «жаңа адамды қалыптастыруы» жиі айтылатын идея, адамға алдын-ала 

берілген (жағымды) қасиеттермен (Б.Ф. Скинер) қалыптастыру.

Тіпті  адамның  мінез-қылығы  туралы  ғылым,  әсіресе  психология 

концепциясын    және  соның  негізінде  адамның  көздеген  сапасының  бірін  іске 

асыруға  мүмкіндік  туғызатын,  қалаған  қасиетін  қалыптастыратын  методика  

жасайды. Ал диалектикалық  көзқарастың  бұл сұрақтағы  маңыздылығы мақ-

сат қоюшылық сипаты: қандай құндылықтар стасистикалық  (адын ала таң-дап  

алынған және жағымдылығы анықтаған ретінде) немесе динмикалық (дамудағы 

ашықтығы,  әртүлілігі,  креативтігі)  қажеттілік  ретінде  анықталады,  адам 

болашағын іске асырумен байлансттарады.

Диалкетика  өзгеріс    және    дамуды  саналы  түрде  қабылдайтын  әдіс 

болғандықтан,  өз-өзімен  заңды  түрде  өзгеріске  ұшырап,  қарама-қайшылықта, 

тарихи  тұрғыдан  өзінің  бейнесін  өзгертеді  дамиды.  ХІХ  ғасырда  философия 

мен жаратылыстану білімдерінде диалектикалық әдіс әсіресе  даму принципін 

нығайтуда  өзін  ерекше  көрсетті.  ХХ  ғасырда  даму  принципімен  «барлы-ғы 

келіскенде», ол диалектика ұғымының синонимі бола  жаздады. ХХ ғасыр сондай-

ақ,    даму  принципі  өзінен-өзі  диалектикалық  тұрғыдан  талданбайтындығын 

да  көрсетті  (мысалға,  дамуды  таза  сандық  өзгеріс  ретінде  қарасты-ра    салуда 

орын  алды.).  Тура  осылайша  ,  тек  қана  қарама-қайшылықтың  объективтік 

сипатын мойындау, диалектикалық  әдіске  қарсы әдіс ретіндегі метафизикадан 

бас  тартудың    кепілі  емес  (мысалға,  кейде  қарама-қайшылықты  түсіндіреді  де  

екі қарама-қарсылықтың өзара іс-әрекеті, құбылыстың  бір-біріне таза сыртқы 

жақтары ретінде қалатын) еді.

ХХ  ғасыр  философиясында  өзін  жарқыратып  көрсеткен  иррационали-

змнің    кұшейе  түсу  тенденциясы,  жасырын  түрде    мынабір  жағдайды  ң  бетін 



128

ашты,  даму  процесі  және  қажеттілігі  баяғыда  пісіп  жетілген,  диалектикалық 

әдісті  жоғары  көтеріп    жетілдіруді.  Диалектикалық  әдістің    фундаменталдық 

принципінің  бірі    ол,  өздігінен  қозғалу,  өздігінен  даму.  Шындығында  ирра-

ционализм  ,  таным  объектілерінің  ,  заттардың  іштей  белсенділігінің  барын  

және  маңыздылығын  мойындаудың    қажеттігін  көрсететін  форманның  бірі,  ал 

метафизика,  механицизмде    болса  мүлдем  ескерілмейді,  таным  объекті-лерін, 

(жалпы материяны)  өте енжар (пассивный) сіресіп қатып қалғандай көрсетеді. 

Болмыстың негізіне ерік және сол сияқты бастаманы қояды да , иррационалистер 

таным  объектілерінің  ,  заттардың  іштей  белсенділігінің  барын    және  даму 

процесін, болмыстың өзіндік дамуын, оның  маңыздылы-ғын санасына жеткізіп 

мойындау қажеттілігін өздерінше шешеді.

Диалектикалық  әдісті  жетілдіріп  дамытудың  тағы  бір    қажеттілігінің 

байқалғаны  келесі  жағдаймен  байланысты,  ХХ  ғасырда  «материя»  ұғымын 

«энерия»  және  «поле»  ұғымдарымен  алмастыру  (бұрынғы  метафизика  мен 

механикаға  ұқсап)    басымырақ  бола  бастады.  ХХ  ғасырдың  шекарасында 

туындаған  энергетизм және олардың шектен шыққан біржақты көзқарастары, 

материямен  қозғалысты ажыратып қарастыруға дейін жеткізді, осы жағдайдың 

өзі  баяғыда –ақ  диалектикалық әдіснаманы қолдану  қажеттігі пісіп жетілгенін 

көрсетеді  және    әртүрлі  бейнеде    көрініс    беретін  іштей  белсенділігін      яғни  

материяның  өзіндік    қозғалысын  көзден  таса  қалдырмай      бақылайтын  осы  

диалектикалық әдіснама еді.

Материяның  іштей  белсенділігі  туралы  принцип,  яғни  оның  өзіндік 

қозғалысын,  өзіндік  дамуын  мойындау  (қарапайым  қозғалыс  және  даму  емес) 

қазіргі кезде шындығында  (ғылымдарда) диалектикалық әдістің фундаменталдық 

принципінің біріне айналып отыр. 

Кейде  диалектика  ғылыми  танымда  және  жалпы  танымда  бар  ма  деген 

сұрақта қойылады. Келесі атаулармен: «Жанды және жансыз табиғаттың диалек-

тикасы»,  «Әлеуметтік диалектика», «Табиғат диалектикасы» немесе «Капитал 

диалектикасы» т.б. шығып жатқан ғылыми кітаптар мен мақалалар бар ма жоқ 

па соған дәлел емес пе, сөйтседе қазіргі кездегі диалектиканы сынаушылардың 

көңілінен шықпай отырғанға ұқсайды. Әйтпесе диалектика танымда барма де-

ген сұрақ туындамас еді.   Диалектикалық логика – ол шығармашылықтың ло-

гикасы, креативтік таным, әсіресе философияға қарағанда ғылымдарға тән ғой 

бұл  қасиет.  Диалектикалық  таным  имманентті,  табиғи  яғни  жаратылысында, 

объективті.  Диалектиканың    философиялық  концепцияларымен  танысқанда 

ғалым  суретші,  ақын,  жазушылар  өздерінің  когнитивтік  мүмкіндіктерін 

кеңейтеді.  Оның  ойының  табиғи  диалектикасы,  философиялық  әдіснамаларды 

құрастырушыламен молайып, тұлғаның шығармашылық потенциасымен бірігеді. 

Ойшылдар тек қана қарапайым математик, физик немесе биолог емес, ол  адам 

шығармашылықпен айналысатын тұлға ретіндегі белсенді таным субъектісі, бұл 

процесте диалектикалық құрастырушылардың  атқаратын рөлі зор.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.

 Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика /  Жалпы редакциясын басқарған 



э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: . 2006. - 482 б. 

 

2. Межуев В. М. Человек как предмет науки//Человек в системе наук. М.1989



3. Проблема человека в западной философии М. 2000.

129

4.Гуревич П.С. Философия человека ч.1 -2. – М., 1999 – 2001.

5. Масалимова А.Р. Адам туралы мәдени антропологиялық ой. – Алматы., 2011

ОСОБЕННОСТИ СОВРЕМЕННОГО СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО 

ПОЗНАНИЯ

Толгамбаева Д.Т.

г. Астана, Казахстан

Развитие  научного  познания  в  последние  десятилетия  ХХ  в.–нач.  ХХI 

века  привело  к    формированию  постнеклассической  науке.  Современной 

постнеклассической науке, как показывают специалисты в области философии 

науки,  характерно  распространение  идей  и  методов  синергетики,  еще  более 

широкое  применением  философии  во  всех  науках,  укрепление  парадигмы 

целостности и др.  

Степин  В.С.  в  статье  «Наука  и  философия»  отмечает,  в  частности,  и 

то,  что  «актуализируется  аксиологический  аспект  философских  оснований 

постнеклассической науки. В предыдущих типах рациональности он не имел ярко 

выраженной специфики. Но в современной науке он обретает особое звучание. 

Этические, социально-экономические ситуации современного общества знаний 

обостряют проблемы ценностного статуса науки.» [1].

Важные изменения произошли в понимании объекта и субъекта познания,  

методологии научного познания.  Объектом изучения постнеклассической науки  

являются исторически развивающиеся системы. На современном этапе научного 

познания  происходит преодоление разрыва объекта и субъекта, что характеризует 

как социально-гуманитарное, так естественнонаучное познание.

В

 

разработку вопроса о  специфике  гуманитарного познания  значительный 



вклад  внесли  В.Дильтей,  представители  баденской  школы  неокантианства 

Г.Риккерт, В.Виндельбанд, а также Х.Г.Гадамер, М.Хайдеггер и др.

Особенности социально-гуманитарного познания  определяются его пред-

метом – миром человека. Это сфера человеческой деятельности во всем ее много-

образии, в которой диалектически связаны   объективная сторона, т.е.   действие 

социальных законов, и субъективная, т.е. интересы  человека, его цели и т.п. Мир 

человека – это мир культуры, в котором человек является как  творцом, так и 

творением. Каждое событие социальной жизни и жизни отдельного человека, со-

циальной группы во многом неповторимо. Поэтому, здесь существуют трудности 

обобщения,  выявления  общего,  закономерного.    Социальное  познание  направ-

лено, прежде всего, на выявление источников, причин,  закономерностей соци-

ального развития. Нельзя забывать, что научное познание нацелено не только на 

установление научного факта, но и на открытие законов. 

В предмет социального познания включен человек. Он выступает как субъ-

ектом, так и объектом познания, поскольку он познает ту  реальность, где дей-

ствуют такие же люди, наделенные разумом и волею, решают свои различные 

конкретные задачи. В социальном познании субъект постоянно сталкивается со 

сложным миром субъективной реальности, с человеческой активностью, способ-

ной существенно влиять на первоначальные установки и ориентации  познающе-

го субъекта. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет