Біз зорлық –зомбылыққа қарсымыз! Зорлық-зомбылық


Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары



бет3/4
Дата17.04.2023
өлшемі1,13 Mb.
#83558
1   2   3   4
Байланысты:
Зорлық -зомбылық

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары
 1. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның құқықтық санасына және мінез-құлқына жүйелі түрде мақсатты ықпал ету үшін, оның тарапынан жаңа құқық бұзушылықтар жасалуының алдын алу және жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.
2. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары: 1) профилактикалық әңгімелесу; 2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау не қорғау нұсқамасын шығару үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды ішкі істер органдарына жеткізу; 3) қорғау нұсқамасы; 4) әкімшілік ұстау; 5) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары; 6) құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу; 7) әкімшілік жаза қолдану; 8) ата-ана құқығынан айыру не оны шектеу, бала (ұл, қыз) асырап алудың күшін жою, қорғаншыларды және қамқоршыларды өз міндеттерін орындауынан босату және одан шеттету, баланы патронаттық тәрбиешінің тәрбиесіне беру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу; 9) іс жүргізудің мәжбүрлеу шаралары және қылмыстық процесте жәбірленушілердің қауіпсіздік шаралары; 10) сот үкімі бойынша қолданылатын шаралар болып табылады.
3. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары өзіне қатысты қолданылатын адамның жеке ерекшеліктері, ол жасаған құқық бұзушылықтардың қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесі ескеріле отырып айқындалады.
4. Мүдделі адамдар жеке профилактика шараларын қолдану туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.

Қалай зорлық – зомбылыққа душар болмау керек? (Ата-аналарға өз балаларына айтып жүру үшін жаднама) -Көшеде түнгі беймезгіл уақытта қалмауға тырысу, көшеде танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адамдар жоқ орындарға және т.б. жерлерге бармау. -Егер Сізге тұрмыстық зорлық – зомбылық қауіп төндірсе, үйден кетіп қалуға тырысу, ертерек қашып кетуге сөмкеңді дайындау, тиісті құжаттарыңмен бірге, көрші – көлемдеріңмен сөйлесу, айқай – шу шығарылғанда келу және полицияға хабарлау. -Қауіп-қатерді азайту, балаларды зейінділікке, сақтыққа, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрету керек, ондай жағдайларды олар дала немесе үйде де кездестіруі мүмкін. -Үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек; -Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет; -Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге үйрету.

  • Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары
  • Бала тәрбиесі-баршамызға ортақ іс, ата-ана боламын деп шешім қабылдаған кезімізден бала өсіруді дүниедегі асқан жауапкершілікті талап ететін міндет деп білетін ата-аналар жиналысы.
  • «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында іс – шаралар жоспары жасақталып, түрлі іс – шаралар өтеді.
  • Жоспар бойынша оқушылар мен ата-аналарға сауалнама жүргізу. Мақсаты ата-аналарға балаға жыныстық тәрбие беруде өз рөлін сезінуге көмектесу, оқушыларды жағымсыз әрекеттен сақтандыру.
  • Сауалнамаға 9-16 жас аралығындағы 4-11 сынып оқушылары қатысты. Сауалнама бойынша ешқайсысына мектептегі құрдастарымен, мұғалімдерімен, үй жағдайында зорлық жасалмағаны анықталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет