7) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының алдын алу шараларының жазалау шараларынан басымдығы;
8) кешенділік және жүйелілік принциптеріне негізделеді.
Зорлық-зомбылық профилактикасы: 1) заңдылық;
2) адамның және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері сақталуына кепілдік беру;
3) адамның және азаматтың дене зардабын және (немесе) психикалық зардап шегуіне жол бермеу;
4) отбасын қолдау және сақтау;
5) құпиялылық;
6) өмірлік қиын жағдайда жүрген әрбір адаммен және азаматпен жеке жұмыс жүргізу;
Арнаулы әлеуметтік қызметтер 1. Заңда белгіленген тәртіппен өмірлік қиын жағдайда жүрген адам деп танылған жәбірленушіге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.
2. Арнаулы әлеуметтік қызметтер арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін және ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді қамтиды.
3. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген және кепілдік берілген көлемінен тыс көрсетілетін қосымша көлемін көрсету аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары шешімдерінің негізінде жүзеге асырылады.
4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары, оларды көрсету тәртібі, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасында айқындалады.
Көмек көрсету жөніндегі ұйымдар 1) жәбірленушілерді қабылдауды жүзеге асырады;
2) жәбірленушілерге қажетті психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң көмегін көрсетуді ұйымдастырады, қажет болған жағдайда, медициналық көмек көрсету және одан әрі оңалту үшін оларды денсаулық сақтау ұйымдарына жібереді;
3) мүмкіндіктерге қарай жәбірленушілерге уақытша тұратын жер ұсынады;
4) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдармен психологиялық түзету бағдарламаларын жүргізеді;
5) тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы немесе олардың жасалу қаупі туралы ішкі істер органдарына хабарлайды;
6) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жүзеге асырады;
7) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады.