Біздің Қордың кепілдігімен ипотеканы алу барынша жеңіл болады



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі116,75 Kb.
#8477

Біздің Қордың кепілдігімен ипотеканы алу барынша жеңіл болады.  

 

Мəселен,  сіз  қаламыздың  ұйқыға  жайлы  аудандарындағы  бір  жарым  бөлмеңізді 

тауға  жақын  орналасқан,  мəртебелі  аудан  деп  аталатын  үш  бөлмелік  пəтерге 

ауыстырғыңыз  келді,  бірақ  оған  ақшаңыз  сəл  жетіспей  тұр  дерлік.  Немесе,  сіз 

мамандығыңыздың қажет екендігін біле тұра, бір қаладан екінші қалаға көшіп бардыңыз 

жəне  əрине  ең  алдымен  сізге  тұрғын  үй  қажет,  дегенмен  оны  сатып  алуға  қаражатыңыз 

қолда жоқ дерлік. Осындай сияқты тұрғын үй жағдайын жақсартамын деген адамдардың 

мысалдары    өте  көп.  Ең  бастысы – бұл  сатып  алу  тəсілі  немесе  тұрғын  үйді  өз  есебінен 

салу.  Бүгінгі  таңда  осы  тұрғын  үйге  мерзімін  ұзартып  барып  ие  болу  мүмкіндігі  пайда 

болды. Басқаша айтқанда, ипотекалық несие. Бұл не нəрсе жəне оның механизмі қандай?  

Ипотекалық  несие  немесе  ипотека – бұл  Қазақстанның  кез  келген  азаматы  үшін 

сатып алынатын пəтерді кепілге қойып, тұрғын үйді сатып алуға несие алудың бірден-бір 

мүмкіндігі. Басқа сөзбен айтқанда – сіз жаңа пəтеріңізге қоныстанып, бірте-бірте тұрғын 

үйіңіз үшін несиені өтеп отырасыз.   

Кеше  ғана  көптеген  банктер  өздерінің  ипотекалық  несиелерін  ұсынып  отырды,  

дегенмен  оларды  алу  көпшілік  үшін  қол  жетпес  арман  болып  қалды.  Өйткені,  банктер 

өздерінің  несиелік  тəуекелдерін  азайту  үшін  жоғары  пайыздық  ставкаларды (12-14%) 

белгіледі,  бастапқы  жарна  сомасы  тұрғын  үй  құнының 15-50%-ын  құрады,  ал  несиелер 

бойынша қысқа мерзімдер – бар болғаны 5-10 жыл, көпшілік үшін несиені уақтылы төлеу 

мүмкіндігін  бірден  жоққа  шығарды.  Ипотекалық  несиелерді  берудің  мұндай  шарттары 

орташа  деңгейдегі  кірісі  бар  нақты  заем  алушыны  тұрғын  үйді  сатып  алуға  несиені  алу 

мүмкіндігінен айырады.  

Əрине,  банктердің  тарапынан  мұндай  қатаң  талаптарды  да  түсінуге  болады – бұл 

банктердің өздерінің несиелік тəуекелдерін барынша азайту. Дегенмен…  

Бүгінгі  таңда  біздің  азаматтарымызда  өздерінің  тұрғын  үй  мəселелерін 

Қазақстанның  ипотекалық  кредиттерге  кепілдік  беру  қорымен  шешуге  мүмкіндігі  пайда 

болды,  əрі  ол  банктердің  несиелік  тəуекелдерін  бөлу  арқылы  берілетін  ипотекалық 

несиелер бойынша шарттарды жеңілдетеді.  

Қордың  құрылуы  тек  қана  банктерге  ғана  емес,  сонымен  қатар  осы  несиелерді 

тұтынушыларға,  яғни  қарапайым  адамдарға  қолайлы  шарттармен  несие  алуда  елеулі 

артықшылық береді.  

Қор – мемлекеттік  мекеме  жəне  оны  республикамыздың  Үкіметі  мен  Қазақстан 

Республикасының  Ұлттық  Банкі  ипотекалық  несиелерге  халық  өз  қолын  жеткізу  үшін 

құрды.  Осындай  шаралармен  халықтың  өмірін  жақсарту  жөніндегі  қамқорлықтың 

қосымша  күшейтілгені  анық  əрі  бұл  туралы  республикамыздың  Президенті  Нұрсұлтан 

Əбішұлы Назарбаев өзінің 2004 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан халқына үндеуінде аталып 

өтті.  Қойылған  міндеттерге  қол  жеткізу  үшін  Тұрғын  үй  құрылысын  дамытудың 

мемлекеттік  бағдарламасы  қабылданған  болатын.  Оны  іске  асыру  Қордың  қызметін 

көптеген  азаматтарымызға  көрсетуге  мүмкіндік  туғызады.  Əсіресе  жас  отбастары  мен 

мемлекеттік  мекемелердің  қызметкерлеріне  –дəрігерлерге,  мұғалімдерге,  əскери 

қызметшілерге, яғни тұрақты жұмысы мен аз болса да кірісі барлар үшін. Жаңа тұрғын үй 

бағдарламасы  бойынша  заем  алушы  бұрынғыға  қарағанда,  жаңа  тиімді  талаптармен 

ипотекалық  несиелерді  ала  алады:  бастапқы  жарнасы – 10%, несие  мерзімі – 20 жылға 

дейін  жəне  сыйақы  ставкасы  бар  болғаны 9 –10%, тек  Қор  кепілдігінің  болу  шатымен 

ғана.  Қазақстан  ипотекалық  компаниясының  осы  бағдарламасы  бүгінгі  таңда 

қолданылуды.  

Көріп  отырғандай,  біздің  кепілдігімізбен  несиелерді  алу  тіпті  жеңілдеп  барады. 

Бастапқы  жарнаны  азайту  заем  алушыларға  қажетті  соманы  тезірек  жинақтауға 

көмектесіп,  несиені  ертерек  алуға  мүмкіндік  береді.  Несие  мерзімін  ұлғайту  ай  сайынғы 


төлем  мөлшерінің  азаюына  оң  нəтиже  береді  жəне  тиісінше  заем  алушының  қалтасына 

ауыртпашылық түсірмейді.  

Қордың кепілідігімен несиені алу үшін заем алушыға ипотекалық несиеге кепілдік 

беру бойынша сыйақыны (жарнаны) төлеу жөніндегі шартқа қол қоюы жеткілікті болады. 

Одан кейін пəтерді немесе үйді сатып алғаннан кейін сатушымен бірге бастапқы жарнаны 

өз ақшасымен төлеу жөніндегі өтініш жасалады. Ең соңында ипотекалық несиеге кепілдік 

бергені үшін Қорға сыйақы төленеді.  

Біздің  Қор  коммерциялық  емес  ұйым  болып  табылады,  сондықтан  да  көптеген 

банктердегідей  сияқты  заем  алушыға  қойылатын  бірқатар  жалпы  талаптарымыз  бар: 

несиені  алушының  төлей  алу  қабілетін  бағалау,  ипотекалық  несиелерге  жəне  сатып 

алынатын  жылжымайтын  мүлікке  қойылатын  талап.  Кейбір  банктер – Қор  əріптестері 

ипотекалық  несиелерді  өздерінің  жеке  бағдарламаларына  сай  береді  əрі  олар  бойынша 

заем  алушының  төлей  алу  қабілетін  растауды  талап  етпейді,  мұндай  жағдайда  заем 

алушының Қордың кепілдігін алуға мүмкіндігі бар.  

Нақты  клиенттердің  назарына – бүгінгі  күнге  Қормен  сегіз  банк  жəне  екі 

ипотекалық компания ынтымақтаса жұмыс істеуде. Альянс Банк, ТұранƏлем Банк, Халық 

банкі, Казкоммерцбанк, ЦентрКредит, Темірбанк, ЦеснаБанк, Еуразия Банкі, БТА ипотека 

жəне  Астана  финанс  ипотекалық  компаниялар – Қазақстанның  қаржы-экономикалық 

рыногында бірінші жыл емес жəне өздерін жақсы жағынан байқата білді.  

Осы  несиелерді  алуға  ниет  білдірушілер  өздерінің  қызығушылығын  танытып, 

біздің  артықшылығымызды  бағалай  біледі,  ал  Қорымыздың  қызметі  көптеген 

азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуда көмектеседі деген үміттеміз.  

Ипотекалық  несиелерге  кепілдік  беру  туралы  барынша  толық  ақпаратты 

ипотекалық несиелерге кепілдік беру жүйесінің   қатысушыларында – банктерде, сондай-

ақ Қорымыздың қызметкерлерімен хабарласып ала аласыздар.  

Біз:  Алматы  қаласы,  Панфилов  көшесі, 98-үй,  тел. 75-55-12  мекен-жайы  бойынша 

орналасамыз.  Сондай-ақ  Қор  туралы,  біздің  рəсімдер  мен  талаптар  туралы  ақпаратты 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мынадай сайтында Қор беттерінде таба аласыз:  

www.nationalbank.kz

 

 



Авторы: Өтембаева Əнель – “ҚИККБҚ” АҚ-ның бас маманы 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет