«Бизнес этиасы» пәнінен қысқаша дәріс тезистері



бет12/40
Дата14.09.2023
өлшемі181,94 Kb.
#107693
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40
Байланысты:
be

Іскерлік әңгіме.
Іскерлік әңгіменің нәтижесі жеке адамның іскер топ ортасында немесе іскер адаммен бетпе- бет сөйлескенде өз пікірін өтімді айта білу, көзқарасын дәлелді қорғай білу, сөзін нақтылы жеткізе білу жолдарын меңгенгенде болады. Көздеген мақсатқа жету үшін әңгіменің не жөнінде болдатыны, жүйесін жосрпарлап, тосын сұрақтарға әзір болу керек. Дайындықтың бірінші кезеңі кімге, қайда баратындықты анықтауда.Сөйлесетін адамның жалпы болмысы,онымен тіл табысу жолдарын зеттеуден басталады.
Екінші мәселе- сөз бастау, ойды негіздеу, басты тұжырым қандай болатындығын жоспарлау. Ол үшін мыналарды ескеру керек:
1.Фактінің, деректің мол болуы.
2.Себептер мен тұжырымдардың сәйкес келуі.
3.Басты мәселенің шешілуіне деген сенім.
4.Мәселенің екі жаққа да пайдалы екендігінің дәлелі.
5.Мәсенені шешудің бірнеше жолын қатар ұсыну
Жеке адам өміріне байланысты іс қағаздардың түрлері :
1.Өмірбаян.
2.Түсініктеме.
3.Баяндау хат.
4.Өтініш.
5.Анықтама.
6.Хаттама.
7.Хат т.б.
Шешендік өнер және сөз мәдениеті.
Шешендік өнер мақсаты- шендіктің сипаты, шешендік сөздің түрлері, ерекшеліктері туралы мағлұмат беріп, сөз мәдениеті талаптарын меңгерту.Патшаның тағынан шешеннің бағын жоғары бағалап, сөз өнерін бүкіл өнердің бастауы санаған халық даналығына көз жеткізу.
Сөз мәдениеті.
Сөз мәдениеті екі сатыдан тұрады:
1.Сөзді дұрыс қолдану, тіл нормасын сақтау.
2.Сөзді бедерлі жұмсау шеберлігі, тілдік амал- тәсілдерді меңгеріп, дәл, әдемі, ұтымды сөйлей білу.
Сөз мәдениеті адамның жалпы мәдениетінің жоғары болуын көздейді. Ана тілін ардақтау, құрмет тұту, оны талғампаздықпен жұмсау, үздіксіз үйрену, тілдік амал- тәсілдерді орынды қолдана білу- сөз мәдениетіне қойылатын алғы шарттар.Осы шарттарға толық жауап беретін сөз шешендікке ұласады.
Шешендік сөз.
Шешендік сөз, риторика- Ежелгі Греция, Рим заманынан бермен қарай көптеген халықтардың мәдени- рухани өмір тіршілігіндегі өнердің бір түрі. Шешендік өнер мен шешендік сөз бір- бірімен тығыз байланыса келгенімен, екеуі екі түрлі түсінік. Шешендік өнер- өзінің нысанасы, теориясы, категориялары, тарихы бар жеке сала болып саналады.
Шешендік сөз- ол шешендердің шаршы топ алдында сөйлейтін сөзі.
Шешендік сөз мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:
1.Белгілі бір әлеуметтік мәні бар тақырыпты қозғайтын және шаршы топ алдында айтылатын сөз.
2.Дәлелді, тыңдаушыларғы әуелі түсіндіріп, сосын ойландырып, ақырында белгілі бір харекетке ұмтылдыру керек.
3.Тыңдаушылардың құлақ құрышын қандыратын, баурап алатын эстетикалық қасиеті болуы тиіс.
Шешендік сөздің қажеттігі ауызша сөйлеудің аясы кеңіген сайын арта түсуде. Шешендік өнердің қолданылатын өрісі кеңіді. Ол қоғамның саяси- әлеуметтік өмірінің барлық саласында, идеологиялық- тәрбиелік іс- әрекеттердің, оқу- ағарту, заң мен ғылым, ел басқару істерінің пәрменді құралына айналды. Жиналыс, мәжіліс, құрылтай, пікірсайыс, жиындарда, семинар, симпозиумдарда шешендік сөз өте қажет. Бұрынғы би- шешендердің сөздері мен қазіргі ешендердің сөздерін жақындастыратын факторлар бар:
-сөздің көркем, әсерлі болуы;
-көркемдеу тәсілдерінің ортақтығы;
-әлеуметтік мүддені қорғауы;
-тыңдаушыға психологиялық әсер етуі.
Шешендік дегеніміз- белгілі бір оқиғаға байланысты тапқырлық, көркем тілмен айтылған және жұртшылық қабылдап, елге тараған белгілі, үлгілі ойлар, тұжырымдар.
Шешендік сөзде әңгіменің де, жырдың да белгісі бар.
Шешендік нақылдар мен толғаулар – ділмар ата- бабаларымыздың алтыннан соққан сөз сарайы, тіл маржаны, ақыл- ойдың дариясы, ғұмырлы өсиеті, онда ана тілінің астарлы сыры бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет