«Бизнес этиасы» пәнінен қысқаша дәріс тезистері



бет26/40
Дата14.09.2023
өлшемі181,94 Kb.
#107693
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40
Байланысты:
be

Батырлар – компания тарихының, соның ішінде оның жаңа тарихының бір бөлшегі. Батырлар – туған халқы қадірлеп, жас ұрпақ болса оларға еліктеп, оларды мақтаныш тұтатын өнегелі тұлғалар. Батырлар өнегесі негізінен алғанда кəсіпорынның игілігіне арналған əлеуметтік ерліктердің мысалы болады.
Кəсіпорын жетекшілерінің материалдық жəне материалдық емес мəселелерде назарын аудару үшін жəне жұмыста əрбір қызметкер өзін талап деңгейінде көрсету үшін жəне жақсы жұмыс жасау үшін батырларды қалыптастырған жөн.
Əрине, мекеменің негізгі бизнес процестері бойынша батырлардың бірнешеуін құрастыру керек. Мəселен, Стаханов жəне Ангелина өз уақытында еңбек өнімділігінің арттыру жолында жан аямай еңбек етті.
Бірақ қазақстандық кəсіпорындардың меншік иелерінде жəне жетекшілерінде батырларды қалыптастыру қатынасы бойынша жеткілікті үлкен скептицизм бар екенін жасырудың қажеті жоқ. Олардың есептеуінше, егер біреу мекеме үшін ерекше бір нəрсе жасаса, онда ол адамға қаржылай сыйақы ғана беріп жəне ол туралы көп айтпау керек деп ойлайды. Сонымен қатар олар «батырларға» еліктеу əсерінен айырылады.
Өнер де құндылықтарды құрайды. Кеубіреулерде өнердің өндіріспен арақатынасын қалай салыстыруға болады деген сауал туындауы да мүмкін. Бұл өте оңай, өзім серіктес болып қызмет істеп жүрген ірі екі кəсіпорынның ғимаратының ішінде, қабырғаларында қызметкерлердің балалары салған суреттер ілініп тұр.
Сонда бұл суреттер не туралы деп ойлайсыз? Əрине, балалар əке-шешесінің жұмыстағы бейнелерін суреттеген. Сонымен қатар, қызметкерлердің қатысуымен өткен əртүрлі жиындар мен кештер, КВН – осының барлығы өнер элементтері, ал негізгі тақырып – əдеттегі жұмыс.
Қызметкерлердің құндылық жүйесіне жəне олардың еңбек өнімділігіне тікелей ықпал ететін мəдениеттің өзге де элементтері бұл тарауда келтірілмеген.
Менеджерлер мен қызметкерлердің еңбек тəртібіне тиімді жетекшілік жасау үшін –жарияланған құндылықтар, ойлау сипаттары, материалдық қалыптар жəне т.б. –яғни жазылмаған жəйттер жөнінде ойланудың маңызы зор.
Құндылықтар жүйесінің, компаниядағы жұмыс тиімділігінің, имандылықтың бұзылуы, ең соңында меншік иелірінің игілігіне кері ықпал ететіндігі туралы бірнеше мысал келтіргім келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет