Адамгершілік жəне ұжым Əңгіме өз тəжірибемдегі алғашқы жағдайдан бастағым келіп отыр, сол кезде Павлодар қаласындағы кішігірім кəсіпорынның иегеріне кеңес бергенмін. Бұл іс 2001 жылы психологиялық онкүндік уақытында болды, сабақ арасындағы үзілісте маған бір əйел келіп, өзін таныстырғаннан кейін менен кеңес сұрады. Ондағы күрделілік ұжымдағы ұрлықтың жоғары деңгейіне байланыстылығында екен.
Осыған орай менің оған алғашқы сұрағым мекемедегі кадр қызметінің бар, жоқтығы туралы болды. Кəсіпорында кадр қызметі жұмыс істейтіндігіне көз жеткізілді. Дегенмен, менің олар қандай қызметпен айналысады деген сауалыма –«Саясатпен» деген жауап мені таңқалдырды. Бір есептен кəсіпорындағы кадр қызметінің осындай деңгейге жетіп ішкі саясатпен айналысуы шын мəнісінде де таңғаларлық еді. Алайда, «саясат» деген сөздің түкпірінде əйелдің «саясат арқылы біз оларды «қорқытып-үркітеміз» деген жауабы көпшілікті алаңдатандығы сөзсіз.
Əрине мұндай жауаптан кейін ұжымдағы ұрлықтың өріс салуы түсінікті де болды. Олар мысалға алғанда жаздың кезінде қыстың азығын жинайтын аңдар сияқты қадамға барған. Осы жағдайды маған сауал қойған əйелге түсіндіру үшін бір сағаттай уақыт кетті, менің ойымша, ол жағдайды түсінгендей де болды.
Тағы да бір мысал. Бұл негізінен қазақстандық кəсіпорындарда қолданылатын еңбекақы жəне сыйақы жүйелеріне қатысты мəселе. Ең алдымен еңбекақыларынан бастайық. Жұмыс берушілер еңбек келісім шарттарын құрастыруда қулыққа жиі баратындығы жасырын емес, соның нəтижесінде жұмыс берушілер жаза ретінде еңбек ақының көлемін кішірейту яғни азайту мүмкіндіктеріне ие болады. Ашығын айтқанда, мұның өзі жасырын айыппұл жүйесі. Бірақ ҚР «Еңбек туралы» кодексінде айыппұлға тыйым салынған. Мұнда тек қана адамгершіліктің, имандылықтың қағидалары бұзылуы ғана емес, сонымен бірге Заң талаптарының да орындалмайтындығын көруге болады жəне де қызметкерлер бұл туралы біледі.
Дегенмен, олардың оған қарсы тұру мүмкіндіктері жоқ. Жұмыс орнын ауыстыра алмағандықтан, осы жүйемен келісіп, сонымен бірге өздерін жағдайдың құлы ретінде сезінеді. Дегенмен, құл иеленушілік жүйенің дəл осындай ынталандыру шараларының тиімсіз болуынан жойылғандығы белгілі. Егер жұмыс берушілер осындай жүйе кедергіге кездестірмейді жəне еңбек өнімділігін төмендетпейді деп ойласа, онда олар қателеседі. Оған тарихи мысалдар өте көп. Егер де оған айқын кедергі болмаса да, ынтасы жоқ ұжымның бар екендігі сөзсіз. Ақы төлеудің осындай жүйесі бар мекемелерде жұмыс жасап жəне кеңес беруші ретінде осы жүйелермен кезіктім. Мекеме үшін шығындардан басқа олардан маңызды еш нəрсе де таппадым. Ал шығынға ұшыраушылық қызметкер «айыппұл» əділетсіздігін ұғынып, оның орнын толтыруға ұмтылуынан пайда болады. Сонымен бірге қызметкер оны көптеген тəсілдермен жасауы мүмкін (ұрлық, өсек тарату, іріткі салу, ынталылықтың болмауы, жұмысқа қызығушылықтың жəне еңбек өнімділігінің төмендеуі) жəне т.б. іске асыра алады.
Сыйақы беру жүйесіне келетін болсақ, мұның өзі көптеген мекемелерде қызметкерлер үшін əлбетте анық болмайтындығы белгілі. Мекемеде ненің бағаланатынын, не үшін жəне қандай мөлшерде сыйақы төленетінін олардың көпшілігі мүлдем білмейді. Сондықтан, кім, қанша жəне неліктен сыйақы алғаны туралы көптеген əңгімелер туындайды. Сыйақы көбінесе еңбекті лайықты бағалау құралы емес, ол керісінше қателіктер үшін өтемақы құралы ретінде де болады.
Шымкент қаласында бөлшек сауда нүктелері директорларының бірі өзіне жəне өзінің қызметкерлеріне бөлінетін сыйақыны ай сайын өзі əрқайсысына бөліп үлестіретіндігін айтты. Сонымен бірге ол қателік жіберіп сол үшін жазаға тартылған қызметкерлерді толықтай немесе жарым-жартылай сыйақыдан айыру жəне қалған сыйақыны қызметкерлер арасында қайта үлестірген. Командалық жұмысты бұзылуына, реніштер жəне қызғаныштарды тудырмауға, яғни, компания саясатын сақтау үшін директор сыйақыны əрқашан тең бөледі екен. Сонымен бірге қызметкерлердің пікірінше, ол өзінің сыйақы мөлшерін молайту үшін өзгелерді сыйақыдан айырады.
Басқа, бір жеткілікті ірі компанияда қызметкерлер ай сайын кесте бойынша осы кезекте кімді сыйақыдан айыратындығы алдын ала шешілетіндігін айтты, өйткені, басшылықтың пікірінше біреу міндетті түрде жазалануы тиіс.