Мемлекеттің бюджеттік құрылымы Бюджеттік жүйе – мемлекетте жұмыс істейтін барлық бюджеттердің жиынтығын білдіреді. Бюджеттен тыс қорлардың жиынтығымен мемлекеттік қаржылардың жиынтығын құрайды. Бюджет жүйесінің құрылысы мемлекеттік басқару органдарының құрылысымен анықталады. Біздің мемлекетіміз унитарлы мемлекет болғандықтан басқару органдарының екі деңгейі бар: орталық және жергілікті. Орталық басқару органдарына ҚР Парламенті, ҚР Президенті, ҚР Үкіметі, ҚР Қаржы министрлігі және ҚР Кіріс министрлігі, орталық атқару органдары, ҚР бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті жатады. Жергілікті басқару органдарына жергілікті өкілді органдар – маслихаттар, жергілікті атқару органдары — әкімдер және әкімшілік жатады.
Осыған сәйкес мемлекеттік бюджет екі деңгейдегі бюджеттерден – республикалық және жергілікті бюджеттерден тұрады. Сондай-ақ мемлекеттік қаржылардың ішінде бюджеттен тыс қорлар үлкен роль атқарады. Қазір мемлекетімізде тек екі бюджеттен тыс қорлар бар. Олар мемлекеттік Зейнетақы қоры және Ұлттық қор. Бұрын, 1999 жылғы Бюджет жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданға дейін бірнеше бюджеттен тыс қорлар болған ( жол қоры, міндетті медициналық сақтандыру қоры, геологиялық-іздестіру жұмыстарын жүргізу қоры, әлеуметтік қор, еңбекпен қамтамасыз ету қоры, табиғатты қорғау қоры, экономиканы қайта құру қоры, кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелестікті дамыту қоры, т.б.).[1] Қазір бұл қорлар қысқартылған. Қазіргі кезде салықтар мен басқа да міндетті төлемдер республикалық бюджетке барып түседі де, әртүрлі салаларға және территорияларға бөлінеді. Жергілікті бюджеттерге барып түсетін кіріс көздер бар, бірақ олар аз көлемде.
Бюджеттердің құрылысы:
1). Түсімдерден:
кірістерден;
алынған ресми трансферттерден, қайтарылған кредиттерден;
2). Шығыстардан: шығындардан, кредиттерден;
3). Бюджет тапшылығынан ( профицитетінен ;
4). Бюджет тапшылығын қаржыландырудан (профицитті қолданудан) тұрады.
Мемлекеттік басқаруды және мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін бірнеше шаралар комплексі қабылданады. Оларды біз бюджеттік бағдарламалар дейміз. Бұл бағдарламалар ағымдағы бюджеттік бағдарламалар және дамудың бюджеттік бағдарламалары деп бөлінеді. Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар заң актілеріне сәйкес, тұрақты сипатта болатын мемлекеттік басқару функцияларын орындауға бағытталған немесе бір мезгілдік шараларды жүргізуді көрсететін бағдарлама. Дамудың бюджеттік бағдарламалары Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және институционалды дамуына бағытталған бағдарламалар болып табылады.[2]
Мемлекеттік бюджетке төленетін міндетті төлемдердің түрі: