«Бизнес және құқық» факультеті «Құқықтану» кафедрасы



бет1/4
Дата03.12.2022
өлшемі22,13 Kb.
#54651
  1   2   3   4

«Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» КАҚ
«Бизнес және құқық» факультеті
«Құқықтану» кафедрасы
БӨЖ
Пән: Қаржы құқығы
Тақырыбы: Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі
Орындаған: ЮП-20-05 тобының студенті
Қоңыр Асхат
Тексерген: з,ғ.к Өтебаева Гүлмира Жеделбаевна
Ақтау 2022
КІРІСПЕ

Мемлекеттiк бюджет кез-келген мемлекеттiң өмiр сүруiнiң мiндеттi шарты болып табылатын ақша қаражаттарын қалыптастыруды, бөлудi және пайдалануды ұйымдастыруды қамтамасыз ететiн, мемлекеттiң негiзгi қаржылық заңы болып табылады. Мемлекеттiк бюджет мемлекеттiк органдарға өз функцияларын орындауды қамтамасыз етедi. Бюджет мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатын жүргiзу үшiн экономиканың барлық секторларының қаржаттарын жинақтау құралы ретiнде қолданылады. Бюджеттiң көмегiмен ұлттық табысты сектораралық, салааралық, территорияаралық қайтабөлу, экономиканы мемлекеттiк реттеу және ынталандыру, әлеуметтiк саясатты қаржыландыру жүзеге асырылады.


Бюджетке ақша қаражаттарын жинақтай отырып, мемлекет өзiнiң алдындағы әртүрлi саяси, әлеуметтiк, мәдени бағдарламаларын жүзеге асырып, экономикалық, тұрғын үй, құрылыс, денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, бiлiм беру, еңбекпен қамтамасыз ету, т.б. сұрақтарын шешедi.
Бюджет мемлекеттiң және мемлекеттегi барлық мемлекеттiк органдардың өмiр сүруiнiң қаржылық базасын құрайды. Мемлекеттiк аппарат, құқық қорғау органдары, атқару органдары, мемлекеттiк мекемелер, бюджет есебiнен қаржыландырылатын ұйымдар сәйкес бюджет есебiнен өмiр сүредi. Бюджетке жинақталған қаржылар мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясатты жүргiзу үшiн, қорғанысты, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн пайдаланылады. Бюджет мемлекеттiң қолындағы мықты басқарушы механизм болып табылады. Ол мемлекеттiң қаржылық саясатын жүргiзiудегi жолсапаршысы. Экономикадағы кризистiк жағдайлар және қаржылық жүйедегi ауытқушылық бюджет алдындағы тұрған мiндеттердiң толық көлемде орындалуына кедергi жасайды. Сондықтан, мемлекет бюджеттегi келеңсiз оқиға – бюджет тапшылығының болуына жол бермеу шараларын, оның зиянды салдарларын болдырмаудағы мүмкiн деген шараларын жасап отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет