Франчайзинг, франшизинг ағылш. franchіse - лицензия, айрықша құқықтық); франшиза фр. franchise- жеңілдік) – коммерциялық концессия, нарықтық субъектілер арасындағы қарым-қатынастардың түрі, бір тарап франча́йзер) екінші тарапқа франчайзиге) ақы роялти) үшін белгілі бір бизнес түрін, әзірленген бизнес-моделін және оның жүргізу әдісін пайдалануға береді.
Бизнес дегеніміз не?
Кәсіпкер немесе бизнесмен дегеніміз кім?
Кәсіпкерліктің бизнестің) түрлері. Неге кәсіпкерлікпен айналысу керек? .
Франчайзер – белгілі бір бизнестің үлгісін немесес тауар атауын брэндтің атын) ақыға жалға беруші тұлға кәсіпкер, фирма, компания немесе жеке тұлға адам) болуы мүмкін).
Франчайзи — белгілі бір бизнестің үлгісін немесес тауар атауын брэндтің атын) ақыға жалға алушы тұлға кәсіпкер, фирма, компания).
Қазіргі таңда бизнесті ұйымдастырудың түрі көп және соның ішінде ең танымалының бірі франчайзинг.
Осы күнгі франчайзингтің бастамасы тігін машиналарын өндіруші әйгілі «Singer Sewing machine company» компаниясының негізін қалаушы Исаак Зингерден басталады. Оның фирмасы 1851 жылдан бастап осы компанияның тігін машиналарын ресми сатушыларымен келісім-шартқа отырады. Жасалған келісім-шартқа сәйкес осы компанияның ресми сатушылары «Зингер» тігін машиналарын Америка Құрама Штаттарында сатуға және оларды жөндеуге қатысты арнайы құқығы берілді.
Ал 1900-шы жылдардан бастап әртүрлі салада жұмыс істейтін көптеген компаниялар бизнесті ұйымдастыру мен жүргізудің франчайзингтік түрін жаппай қолдана бастады. Мысалы, бүгінгі күнде әлемге танымал Coca-Cola,KFC, Макдоналдс, Burger King, Дженерал Моторс, Хилтон аты әлемдік деңгейдегі қонақ үйлер желісі секілді компаниялар оның дәлелі ретінде қарастыруға болады. Ал енді франчайзингтің өзіне тоқталайық.
Франча́йзинг сөзінің түбіріfranchise) француз тілінен аудармасы – жеңілдік, привилегия, салықтан босату. Бірақта бүгінгі таңда франчайзинг сөзінің мағынасы — нарықтық қатынасқа түсушілердің белгілі бір бизнестің үлгісін немесе тауар атуын брэндтің атын) жалға беру мен алуға байланысты кәсіпкерлер арасында пайда болатын экономикалық –құқықтық қатынасты білдіреді.
Жоғарыда айтылғанды саралайтын болсақ, франчайзингтік қатынасқа түсүшілер және оған қатысты түсініктер, олар:
Франчайзер – белгілі бір бизнестің үлгісін немесес тауар атауын брэндтің атын) ақыға жалға беруші тұлға кәсіпкер, фирма, компания немесе жеке тұлға адам) болуы мүмкін).