Кенни Траутт Kenny Troutt) АҚШ-тың телекоммуникация саласындағы ең ірі компанияларының бірі саналатын “Excel Communication”-ның негізін қалаушысы. Кенни Траутт студент кезінде сақтандыру полисының сатушысы болып жұмыс істеген. Қазіргі таңдағы әл-ауқаты 1,7 миллиард долларды құрайды.
Говард Шульц Howard Schultz) Әлемдегі ең үлкен кофе желісі “Starbucks”-тың атқарушы директоры Шульц өте кедей отбасында өскен. Университетке футбол гранты арқылы түскен болатын. Ол кезде әлі 60 қана желіден тұратын Starbucks-та жұмыс істеуді бастап, әлемдік деңгейге көтерді. Қазіргі таңда жеке табысы 2 миллиард доллар.
Кеннет Лангон Ken Langon) АҚШ-тық кәсіпкер Кеннет Лангон жас шағында кафеде жұмысшы болып және сантехник болып жұмыс істеген екен. Қазіргі жетістігі 2,1 миллиард доллар.
Опра Уинфри Oprah Winfrey) АҚШ-тық медия саласындағы ең жоғары рейтингтегі тележүргізушілердің бірі Опра Уинфри Миссисипиде кедей отбасында дүниеге келген екен. Өз күшімен университетке түскен ол 19 жасында көгілдір экранға шыққан алғаш афро-американдық тележүргізуші ретінде танылды. Қазіргі таңда 2,9 миллиардтық жиғаны бар.
Шахид Хан Shahid Khan) Автоиндустрия саласындағы ең ірі қосалқы бөлік өндірушісі “Flex-N-Gate” компаниясының негізін қалаушысы Пакистандық Шахид Хан елінен Америкаға алғаш келгенінде сағатына 1 долларлық жалақыға ыдыс жуып бастаған екен. Қазіргі таңдағы дәулеті 3,8 миллиардты құрайды.
Джон Пол Деджориа John Paul DeJoria) Еңбек жолын есік қағып шампунь сатудан бастап, кейін газет сатқан Джон Пол, қазіргі таңда “John Paul Mitchell Systems” атты алып компанияның иегері. Байлығы 4 миллиард доллар.
До Вон Чанг Do Won Chang) АҚШ-тың әйел киімдері тұрғысындағы ең беделді брэндтерді бірі “Forever 21” маркасының қожайыны. До Вон Чанг жұбайымен АҚШ-қа алғаш келген кезінде жанармай бекетінде, кафеде жұмыс істеп бастаған екен. Қазіргі таңда 5 миллиард долларлық жетістігі бар.
Ральф Лорен Ralph Lauren) Текстиль саласындағы алпауыттардың бірі “Ralph Lauren” брэндін құрудан бұрын, текстиль фабрикасында қарапайым жұмысшы болып істеген екен. Қазір 7,7 миллиард долларлық дәулетке ие.