«АТАМЕКЕН» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық – техникалық колледжі Оқу орнының атауы
БИЗНЕС-ЖОБА
Тақырыбы: Кредиттік нысан ретінде «KinoTime» кинотеатры
Орындаған: Қылышбай Наурызбек «Мұнай газ кен орындарын пайдалану» II курс
Акилбай Райгүл Ақылбайқызы «Құқықтану» III курс
Гилятова Зульфинат Адгамқызы «Құқықтану» III курс
Жетекші: «Менеджмент» мамандығының арнаулы пән оқытушысы Саматова Әйгерім Саматқызы
АТЫРАУ, 2022 БИЗНЕС-ЖОСПАР ҮЛГІСІН ТОЛТЫРУ ______________ «KinoTime» кинотеатры__________________________ Жобаның атауы
2. Өнімнің сипаттамасы Өніміңіздің қысқаша сипаттамасын беріңіз
Жобаның мақсаты Құлсары қаласында тұрғындардың бос уақыттарын тиімді пайдалану; көркем фильмдер (отандық, шетелдік) және патриоттық тақырыптағы кинолар көрсету негізінде жастардың бойына тұлғалық, мотивациялық қасиеттерді сіңіру арқылы таным көкжиегін дамыту; цифрландыру кезеңінде адамдар арасында ең маңызды құндылық - қарымқатынасты нығайту; Отандық және шет елдердердің мәдениетімен танып білу мақсатында кинотеатр ашу жоспарлануда.. Кинотеатр ашық территорияда, қаланың орталық бөлігінде, жаппай демалыс орны маңайында орналастырылатын болады, ал бұл өз кезегінде көкремендер ағымыны тұрақтылығын қамтамасыз ете алады. Кинотеатр 2 қатарлы ғимарат жалпы ауданы 350 шаршы метр болатын жерде орналасқан, соның ішінде 2 кинозал, салқындатылған сусын сату орындары және басқа да тұтыну өнімдерін сататын жерлер, кассалық жайлар бар.
Кинотеатр жастардың қала тұрғындарының бос уақытын өткізу орны, танысу орны. Жоба бойынша мақсаттық аудитория көбіне жастар болады.
Нарық пен бәсекелестерді талдау
Шағын кәсіпкерлік нарық қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, нарықты тауармен молығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру жатады. Кәсіпкерлік бағытының бір түрі ойын сауық орталықтары, кинотеатрлар. Кинотеатрлар – цивилизацияланған демалыс, барлығының қолы жетімді және барлығына түсінікті, жастар мен отбасылық сауық түрі. Киноиндустрияда жыл сайын көрермендер саны артуда. Барлық Еуропа елдерінде, киноны қолдау орталықтары кинотеатрларға қолдау көрсетуде. Ресейде де нақты қаржылық қолдау көрсетілді. Резевтік қордан 2 миллиард рубльден астам қаражат бөлінді, ьұған дейін шамамен дәл осындай сома продюсерлік компанияларға берілген еді. Бұл - мемлекет басшылығының кинотеатр дейтін нарық сегментіне қаншалықты үлкен мән беретінін көрсетеді. Ресейліктер қазір кинотеатрларға екінші рет қолдау көрсетуде, ол түрлі субсидиялар беру, жеңілдіктер және т.б. жүзінде көрсетіледі. Қазіргі таңда халықтың көңіл көтеруін қанағаттандыратын мәдени және көңіл көтеру орталықтары яғни қызмет көрсету нарығы ұсыныстардың түрлілігімен белгілі. Әр қайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Біреулер аттракциондарды, біреулері ойын клубтары немесе боулинг ал кейбірі кинотеатр және т.б көптеген орталықтарға барып көңіл көтергенді қалайды. Біздің қарастыратынымыз қазіргі таңдағы ең үлкен сұранысқа ие және қарқынды дамып, тоқтамай келе жатырған кинотеатр саласы. Бизнес ортаны талдау кезінде, нарықты жүйесімен тәсілін ескеру қажет. Қоғамдық өндіріс саласы бойынша бұл нарықтың қызметі, материалдық емес тауарлар өндірісінің нарығы болып табылады. Түпкілікті пайдалану сипаты бойынша - тұтыну мақсатындағы тауарлар нарығы. Пайдалану мерзімі бойынша - ұзақ мерзімді пайдаланылатын тауарлар нарығы. Аумақтық қамтуы бойынша - әлемдік. Сатушылар мен сатып алушылар қатынасы бойынша - еркін бәсекелестіктегі нарық. Өткізу көлемі бойынша- үлкен тауарлары өткізетін негізгі нарық. Қазіргі кезде мұндай қызметтер ұсынысы халықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге сәйкес келеді, және кинотеатрлар саныда жеткілікті . Демек, жаңа ұсыныстарды қажет ететін өте жаңа тауардың пайда болуы керек.
Бірегей сауда ұсынысы (БСҰ)
«KinoTime» кинотеатры Құлсары қаласы бойынша өз жеке басының форматындағы симбиозы
«KinoTime» кинотеатры бірегей сауда ұсынысы – бұл шетелдік және отандық кинофильмдерді Жылыой тұрғындарына көрсете алады.
Кинотеатр интерьер есебінен бірегей болып табылады. Кинотеатр іші халыққа жайлы , әдемі, демалуға арналады. Жылыой ауданы нарығында алғашқы кинотеатр.
«KinoTime» кинотеатры - бұл достық , романтикалық және отбасылық бірге болуға арналған орын.
Біз адамдарға жұмыстан немесе үйдегі күйбең тірліктен бос уақытта келе алатын “ үшінші орын” құрғымыз келеді.