Бизнес-жоба тақырыбы: Кредиттік нысан ретінде «KinoTime» кинотеатры


Өз жобаңызыдың SWOT-талдауын жасаңыз



бет3/5
Дата10.11.2022
өлшемі273,21 Kb.
#48942
1   2   3   4   5
Өз жобаңызыдың SWOT-талдауын жасаңыз

КҮШТІ ЖАҚТАРЫ

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ

- Ай сайын жаңа шикізат (жаңа фильмдер);
- Кинотеатр ауданының үлкендігі және орын саны;
- Қаламызда орналасқан алғашқы кинотеатр;
- Кино каталогыныңәртүрлі түрлерінің болуы (ересектер үшін, балалар мәзірі);
- Кинотеатрдың ыңғайлы орналасуы;
- Интерьер, үй-жайдың дизайны жоғары деңгейде;
- Ыңғайлы тұрақтың болуы;
-Wi-fi;
- Жоғары білім деңгейі;
- Білікті мамандар;
- Заманауи технологияларды тарту;
- Ұсынылатын қызметтерге тұрақты сұраныстың болуы және оның одан әрі өсуі;
- Жобаны жүзеге асыру оның қатысушыларының имиджіне жағымды әсер етеді.

- Кәсіпорынның танымал еместігі (жаңа жоба).
- Жарнамалық қаражат қымбаттығы

МҮМКІНДІКТЕР

ҚАУІПТЕР

- Өткізу нарықтарын географиялық тұрғыдан кеңейту;
- Ауылдық округтерге шығу мүмкіндігі;
- Жергілікті бренд құру

- Бәсекелестердің пайда болуы;
- Жалдау ақысының жоспардан тыс ұлғаюы;
- Банктік несиелеудің қымбат болуы;
- Теңге девальвациясы;
- Клиенттердің сатып алу қабілетінің төмендеуі;
- Жоғары инфляция, салықтардың өсуі;
- Тексеруші ұйымдар тарапынан кенеттен болған тексерулер



Қандай тауар немесе қызмет сатуды жоспарлап отырсыз?

Жобаның концепциясы қала тұрғындары мен жастарының демалыс және бос уақытарын тиімді өткізу үшін, алғаш рет 150 орындық кинотеатр ашу болып табылады. Кинотеатр кинолардың алуан түрлілігімен, сондай-ақ жаңа форматта түсірілген және жаңа кино топтамалары болуымен ерекшеленеді. Кинотеатр келушілерге әртүрлі кино каталог ұсынады. Сондай-ақ, клиенттерде өндіруші ел және баға санаты бойынша кино таңдау мүмкіндігі бар. Кинотеатр ашық территорияда, қаланың орталық бөлігінде, жаппай демалыс орны маңайында орналастырылатын болады, ал бұл өз кезегінде көкремендер ағымыны тұрақтылығын қамтамасыз ете алады. Кинотеатр 2 қатарлы ғимарат жалпы ауданы 350 шаршы метр болатын жерде орналасқан, соның ішінде 2 кинозал, салқындатылған сусын сату орындары және басқа да тұтыну өнімдерін сататын жерлер, кассалық жайлар бар. Кинотеатр жұмыс уақыты сағат 09:00 - 00:00 дейін. Апта күндері 5 сеанс. Билет бағасы сеанс уақытына жас ерекшеліктеріне (балалар,ересектер ) байланысты әртүрлі болады. Орташа алғанда 1 билет құны ересектерге - 2000 тг, балаларға – 1000 тг, студенттерге (сәрсенбі) күні – 800 тг болады деп жорамалдаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет