Бизнес-жоспар : фотостудия ашу орындаған: Токанов Б



бет1/4
Дата17.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#36991
  1   2   3   4

БИЗНЕС-ЖОСПАР : ФОТОСТУДИЯ АШУ

Орындаған: Токанов Б

Тобы: ОП-413


Резюме
Жоба Қазақстан Республикасының ШҚО Ұржар ауданында фотостудиясын ашуды қарастырады.
Фотостудияда көрсетілетін қызмет түрлері портфолио үшін фото, имидждік жарнама, қойылымдық түсірілім, архитектуралық түсірілім және т.б.
Жоспарланған фотостудия нысаны Ұржар ауданының Қ. Игенбайұлы атындағы көшесінде орналасады деп жоспарлануда.
Жобаны қаржыландыру:

Қаржыландыру көзі

Сомасы

Кезеңі

Үлесі

Инвестициялар

400000

15.11.2018

72%

Айналым капиталы

150000

15.11.2018

28%

Барлығы

450000

------

100%

Жобаның Ұржар ауданына экономикалық әсері:
-Ұржар ауданында жаңа жұмыс орнын ашу;
-Адамдарды жұмыспен қамту;
-Аудан бюджетіне қосымша кіріс кіру;
-Ауданды көркейту;
Кіріспе бөлім

Кәсіби фото-қызмет бизнесі нарықта кең етек жайған. Жыл сайын мұндай қызмет түрін көрсететін фотостудиялар көптеп ашылып жатқанмен олардың саны тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін әлі болса жеткіліксіз. Көп жағдайда бұл қызмет түрін жеке фотографтар жүзеге асырады, олар үйлену тойлары мен басқа да мерекелік шараларда жұмыс істейді, ал мамандандырылған арнайы студиялардың саны онша көп емес.  


Неден бастау керек? Фотостудия ашу үшін сізге тіркелу керек. Салық қызметінде тіркелу үлгісі – жеңілдетінлген режим бойынша жеке кәсіпкер. Сонымен қатар, кассалық аппарат алу қажет, аппаратты қызметті жүзеге асыру орны бойынша салық органдарында тіркеу керек.

Фотостудияның негізгі міндеттері мен түрлері:
Фотоқызмет көрсету бизнесі – бұл кәсіби фотопортреттер, паспортқа арналған суреттер, маңызды шаралардың түсірілімдері, портфолио үшін фото жасау, жарнамалық өнімдердің түр-түрі (буклеттер, каталогтар). Тағы бір пайда табудың көзі – фотоларды, күнтізбелер мен ашық хаттарды шығару қызметі. Қызметтің жаңа түріне тоқталар болсақ – коллаж және фотомонтаж (көркемсурет пен фотоны біріктіру), олар классикалық мәнерде, сонымен қатар, ретро-фото, фэнтези, пин-ап стилдерінде жасалады.
Фотожарнамалық қызметтер үлкен табыс әкеледі. Жұмыс күні барысында портфолиоға арналған суреттер мен каталогтар бойынша тапсырыстарды орындап, ал кешке және демалыс күндері – жұмыс орны мен құрал – жабдықтарды фрилансерлерге жалға беруіңізге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет