Бизнес-жоспар : фотостудия ашу орындаған: Токанов Б



бет2/4
Дата17.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#36991
1   2   3   4

Маркетингтік жоспар

  • Фотожарнамалық қызметтер үлкен табыс әкеледі. Жұмыс күні барысында портфолиоға арналған суреттер мен каталогтар бойынша тапсырыстарды орындап, ал кешке және демалыс күндері – жұмыс орны мен құрал – жабдықтарды фрилансерлерге жалға беруіңізге болады.
  • Өнімді өткізу. Фотостудия үшін жарнаманың алатын орны ерекше.Ол үшін өзіңіздің жеке сайтыңызды ашып, онда жұмыс үлгілері мен қызмет түрлерін, бағаларды, координаттарыңызды енгізіп қоюыңызға болады. Фотостудиялардың имиджі үшін кәсіби көрмелерге қатысу не оларды өзінде ұйымдастыру үлкен көмегін тигізеді. Визиткалар мен буклеттерді кәсіби құрал-жабдықтар сататын сауда орталықтарына таратуға беріп қойсаңыз болады.
  • Клиентерді тарту үшін плакаттарды, үйлену тойларындағы фото-сессиялар туралы хабарландыруларды АХАЖ, үйлену салондары, зергерлік бұйымдар сататын дүкендерге іліп қоюға болады. Ал мектептер мен балабақшаларға «өз балаңыздың мынадай портретінің болғанын қалайсыз ба?» деген жазуы бар жануардың қасында тұрған немесе теңіз қарақшысының киімін киген (мекеме басшысының келісімімен) әдемі баланың суретін орналастырып, студия буклеттерін таратуға да болады.

Сыртқы орта


Мүмкіндіктер

Өндірістің көлемін ұлғайту

Қатерлер

Өндірістің дағдарысқа ұшырауы

Ішкі орта


Артықшылықтар

Заманға сай құрал-жабдықтар пайдалану

Кемшіліктер

Қаражаттың жетіспеушілігі

Ғимарат. Әдетте фотостудияға арнайы бір орын-жайды жалға алады. Ол орынды клиенттерге ыңғайлы жерден, қала орталығынан таңдаған дұрыс. Ал егер негізгі жұмыс – тез жасалатын фото, паспортқа арналған фото болса, фотостудияны шағын ауданнан да ашуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет