Резюме Жоба Қазақстан Республикасының ШҚО Ұржар ауданында фотостудиясын ашуды қарастырады.
Фотостудияда көрсетілетін қызмет түрлері портфолио үшін фото, имидждік жарнама, қойылымдық түсірілім, архитектуралық түсірілім және т.б.
Жоспарланған фотостудия нысаны Ұржар ауданының Қ. Игенбайұлы атындағы көшесінде орналасады деп жоспарлануда.
Жобаны қаржыландыру:
Кәсіби фото-қызмет бизнесі нарықта кең етек жайған. Жыл сайын мұндай қызмет түрін көрсететін фотостудиялар көптеп ашылып жатқанмен олардың саны тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін әлі болса жеткіліксіз. Көп жағдайда бұл қызмет түрін жеке фотографтар жүзеге асырады, олар үйлену тойлары мен басқа да мерекелік шараларда жұмыс істейді, ал мамандандырылған арнайы студиялардың саны онша көп емес.
Неден бастау керек? Фотостудия ашу үшін сізге тіркелу керек. Салық қызметінде тіркелу үлгісі – жеңілдетінлген режим бойынша жеке кәсіпкер. Сонымен қатар, кассалық аппарат алу қажет, аппаратты қызметті жүзеге асыру орны бойынша салық органдарында тіркеу керек.
Фотостудияның негізгі міндеттері мен түрлері:
Фотоқызмет көрсету бизнесі – бұл кәсіби фотопортреттер, паспортқа арналған суреттер, маңызды шаралардың түсірілімдері, портфолио үшін фото жасау, жарнамалық өнімдердің түр-түрі (буклеттер, каталогтар). Тағы бір пайда табудың көзі – фотоларды, күнтізбелер мен ашық хаттарды шығару қызметі. Қызметтің жаңа түріне тоқталар болсақ – коллаж және фотомонтаж (көркемсурет пен фотоны біріктіру), олар классикалық мәнерде, сонымен қатар, ретро-фото, фэнтези, пин-ап стилдерінде жасалады.
Фотожарнамалық қызметтер үлкен табыс әкеледі. Жұмыс күні барысында портфолиоға арналған суреттер мен каталогтар бойынша тапсырыстарды орындап, ал кешке және демалыс күндері – жұмыс орны мен құрал – жабдықтарды фрилансерлерге жалға беруіңізге болады.