Бизнес жоспарды іске асыру мерзімі мен негізігі кезеңдері
Обьектінің сипаттамасы
Маркетинг жоспары
Құрал-жабдықтың техника-экономикалық мәліметтері
Қаржы жоспары
Тәуекелділікті бағалау
Қорытынды
Қосымша ТҮЙІНДЕМЕ.
Бизнес жоспар қысқаша ақпарат беретін түйіндемеден басталады. Негізінен түйіндеме әрқашанда бизнес жоспардың негізгі бөлімдері аяқталып болған соң жазылады. Бірақта бизнес жоспардың бастапқы бөлігі болып табылады. Түйіндемені жоба (жоспар) туралы жарнама ретінде де қарастыруға болады. Өйткені бұл бөлімде бизнес жоспардың негізгі қөрсеткіштері беріледі. Сондықтанда түйіндеме мынадай ақпараттарды қамтиды: қажетті қаржы (несие) көлемі, жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі, жобаның тиімділігі, жобадан түсетін пайда (жалпы тиімділігі) және т.б.
БИЗНЕС ЖОСПАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ МЕРЗІМІ МЕН НЕГІЗІГІ КЕЗЕҢДЕРІ.
Бизнес жоспардың бұл бөлімінде қарастырылатын мәселелер: жобаның басталу мерзімі, кәсіпорынды тіркеу, несие алу, бизнеске қажетті орынды (ғимаратты) іздестіру, қажетті құрал жабдықтарды сатып алу, қызметкерлерді жолдау және маркетингтік іс-шараларды өткізу.
ОБЬЕКТІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Бизнес жоспардың бұл бөлімінде фирманың (кәсіпорынның) негізгі қызметі мен өндірістік ерекшеліктерінің сипаттамасы беріледі. Сондықтанда фирма (кәсіпорын) туралы келесі мәлімет беріледі.
Фирманың (кәсіпорынның) тарихы:
фирманың (кәсіпорынның) құрылу уақыты мен мекен жайы, осы уақыттағы құқықтық мәртебесі (Жауапкершіліші шектеулі серіктестік (ТОО), Жеке кәсіпкерлік (ИП), Ақционерлік қоғам (АО) және т.б.);
фирманың (кәсіпорынның) негізгі жетістіктері, егерде бизнес жоспардағы қызметке қатысы бар болған жағдайда.
Фирма (кәсіпорын) және кәсіпкер түралы мәлімет:
фирманың (кәсіпорынның) негізгі техникалық –экономикалық және қаржы көрсеткіштері, өндірілетін өнімнің сипаттамасы, өткізу нарығы, серіктестері, тұтынушылары, мақсаттары мен даму перспективасы, лицензияларының болуы (егер қажет болған жағдайда).
Әлеуметтік бағыттылығы мен даму мүмкіндіктері:
Жергілікті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін жобаның маңызы көрсетілуі тиіс;
Даму мүмкіндіктері яғни басқа өңірлерге және шет ел нарығына шығу мүмкіндіктері көрсетілуі тиіс.