Бизнес-ойлау психологиясы



бет154/188
Дата25.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#127942
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   188
Байланысты:
Бизнес-ойлау психологиясы-emirsaba.org

2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру
  • Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.


  • Мемлекеттік грант алуға үміткерлер сонымен қатар Бағдарлама аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша оқудан өткен немесе Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша оқуды аяқтаған және бұрын басқа мемлекеттік бағдарламаларда қаржылық қолдау алмаған иммигранттар мен оралмандар болып табылады.


  • Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар 100 АЕК (2019 жылы 252 500 теңге) және 200 АЕК (505 000 теңге) мөлшерінде беріледі.




    • Ұйымдастыру


    • Бағдарламалар/ нысаналы мақсаты


    • Сомасы
    • ЖАО

    • (Халықты жұмыспен қамту орталықтары)

    • "Еңбек" ЕХӘҚМ " бағдарламасы бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар




    • 100 АЕК-ке және 200 АЕК-ке дейін
  • Мемлекеттік гранттар қажетті керек-жарақ, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды сатып алуға пайдаланылады. Мемлекеттік гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, тұрғын үй жылжымайтын мүлік сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнім өндіруге берілмейді.


  • Мемлекеттік гранттарды Бағдарламаға қатысушының бір рет алуға ғана құқығы бар. Мемлекеттік грантты алуға арналған бағдарламаға қатысушылар үшін міндетті шарттар мыналар болып табылады:


  • 1) оны Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркеу;


  • 2) ӨКП оң қорытындысының болуы;


  • 3) "Бастау – Бизнес" және "Жас кәсіпкер" жобасы бойынша немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуды аяқтау туралы құжаттың болуы.


  • Мемлекеттік гранттардың қаражаты нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылады. ӨКП мүдделі органдар мен ұйымдардың қатысуымен мемлекеттік грантты алуға үміткерлердің өтінімдерін қарау жөнінде комиссия құрады.


  • Мемлекеттік гранттар беру тетігі:


  • 1) мемлекеттік грантты алу үшін үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш береді;


  • 2) халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынылған өтініштер мен құжаттарды қарайды, мемлекеттік гранттар алуға үміткерлердің тізімін қалыптастырады және ӨКП жанындағы комиссияның қарауына жібереді;


  • 3) ӨКП жанындағы комиссия қажетті құжаттарды қарайды, мемлекеттік грантты ұсыну/ұсынбау туралы қорытынды дайындайды және оларды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына тиісті қорытынды жібереді;


  • 4) қорытынды беру үшін ӨКП жанындағы комиссия қажет болған жағдайда жеке әңгімелесу өткізеді немесе мемлекеттік грант алуға үміткер адамдардан қосымша құжаттарды сұратады;


  • 5) халықты жұмыспен қамту орталығы қорытындыны алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бұл туралы өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді;


  • 6) ӨКП мемлекеттік грант берілген күннен бастап 12 ай ішінде қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді және жобаны сүйемелдеу жөніндегі сервистік қызметтерді (маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік және басқа да қызмет түрлері) ұсынуға жәрдем көрсетеді.


  • Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген мемлекеттік гранттар беру қағидаларында айқындалады.


  • Әрбір кәсіпкер мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізе алады. Осы бағдарламаларға қатысу мақсатында "ҚазАгро" АҚ, "Даму" КДҚ, services.atameken.kz, farmers.kz сайттарына мониторинг жүргізу қажет, сондай-ақ "Атамекен" ҰКП өңірлік өкілдіктерімен кеңесу немесе 1432 call орталығына қоңырау шалу керек.






  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   188




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет