Бизнес-ойлау психологиясы



бет17/188
Дата25.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#127942
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   188
Байланысты:
Бизнес-ойлау психологиясы-emirsaba.org

2-тапсырма
1) өткен сабақтарда іріктелген командаларда жұмыс істей отырып, өзіңіздің ұсақ проблемаларыңздың тізімін жазып шығыңыз. Әзіл-қалжыңмен қарауды ұмытпаңыз. Егер тапсырманы сіз дұрыс орындасаңыз, онда ұсақ-түйектерден құрылған тізім әртүрлі өнертабыстар үшін көптеген идеяларды құруға сіздің ақыл-ойыңызды ынталандырады. Демек, сіз ойлау тапқырлығы мен алғырлығын сақтай отырып, тізімде неғұрлым өзекті және нақты проблемаларды көрсете алдыңыз.
2) сіз үшін ең өзекті және перспективалы болып көрінетін бірнеше мәселелерге дейін ұсақ-түйектер тізімін азайтыңыз.
3) таңдалған мәселелерді шешудің бірнеше тұжырымдамасын жасаңыз.
4) тұжырымдамалардың жалпы санынан біреуін таңдап алып, өнертабыстың физикалық безендірілуін және оны қолданудың ықтимал салаларын қоса алғанда, оны егжей-тегжейлі ойластырыңыз.
Данышпандық идеяны ойлап табуға тырысу кезінде әркімге кездесетін негізгі проблема жалпылауға бейімділік болып табылады. Мүмкін, оқушылардың өз тілегі тым бұлдыр және түсініксіз. Мұндай жағдайда біз "ұсақ проблемалардың тізімі" деп атайтын барынша қарапайым қажеттіліктер тізімін құрып көру керек. Бұл күнделікті өмірде күнде кездесетін әртүрлі ұсақ-түйектердің қолайлы әрі аса нақты тізімі.
1) аталған ұсақ проблемалардың арасында кең таралған және нақты, өте стандартты емес проблемалар болуы тиіс. Көптеген оқушылар өмір сүруге кедергі келтіретін және өздерін үнемі мазалайтын нақты ұсақ детальдар мен ұсақ проблемалар туралы бірінші рет ойланып отыруы мүмкін.
Төменде университеттердің кейбір студенттерін алаңдататын ұсақ-түйектер тізімі келтірілген. Оқушылар жасаған тізімді осы мысалмен салыстырыңыз. Олардан былай деп сұраңыз: "Сіздің проблемаларыңыз университет студенттерінің проблемалары сияқты әртүрлі, нақты және жеке болып табылады деп ойлайсыз ба?»

Теледидар алдындағы кешкі ас


Автокөлік сатып алу
Туыстар
Ерлер сәні
Ұйқыдан тұрғаннан кейінгі ұйысқан шаш
Қуырылған картоп
Газ плитасы мен пештерді жуу
Өте қиын ажыратылатын желімді жапсырмалар
Үрленетін доптар
Жол жүргенде жергілікті картаға қарау қажеттілігі
Орнықсыз үстелдер мен орындықтар
Кілттердің үлкен бумалары
Туфлидің нәлінің тозуы
Бөтелкенің аузында сынатын немесе уатылып ктеетін тығындар
Ақшаны жұтып қоятын сауда автоматтары
Гараждың автоматты есіктері
Суы тамшылап тұратын крандар
Ылғалдылықтан ісініп, сықырлайтын есіктер
Бетіндегі сиясы езіліп кеткен газеттер
Нашар кітаптар
Үнемі ұштауды қажет ететін қарындаштар
Күйіп кеткен шамдар
Әйелдердің жұқа шұлығы

Біреуі жоқ шұлық


Нашар желімделетін маркалар
Өтпейтін пышақтар
Бассейндегі хлор
Аяқ киімді майлау қажеттілігі
Шулы сағат
Пластикалық гүлдер
Тез дайындалатын тағамдар
Түсіп қалған түймелер
Саусақтың көбеген терісі
Қайта өңдеуге жатпайтын консерві банкалары
Дәретханада қағаздың болмауы
Еріп кеткен балмұздақ
Майысқан кілттер
Автомобильдегі, кілемдегі және т. б. статикалық электр.
Құбырларды төсеуге арналған тым кең жыралар
Сынған шабақтар
Жіпті иненің көзіне өткізу
Суық шәй
Гүлзарларды қырқу
Кітапханадан қажетті кітаптарды іздеу
Үйге келетін немесе телефон арқылы қоңырау шалатын жарнама агенттері
Ноутбуктердің аккумуляторлары
Ақаулы амортизаторлар
Қырыну

2) студенттерден осы тізімдегі әртүрлі мәселелерді шешуге қандай өнертабыстар көмектесетінін ойластыруды сұраңыз. Нәтижесінде өте қызықты өнертабыстар пайда болады. Өнертабыстар туралы ойға ауысу үшін алдымен ұсақ-түйектердің тізімін ең өзекті және перспективалы болып көрінетін бірнеше мәселелерге дейін азайту керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет