Бизнес-ойлау психологиясы



бет20/188
Дата25.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#127942
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   188
Байланысты:
Бизнес-ойлау психологиясы-emirsaba.org

Қолданыстағы бизнес


Жаңа бизнес


1. Өз мамандығыңыз бойынша b2b бизнес мысалдарын көрсетіңіз






2. Өз мамандығыңыз бойынша b2с бизнес мысалдарын көрсетіңіз






3. Өз мамандығыңыз бойынша IT бизнес мысалдарын көрсетіңіз






4. Өз мамандығыңыз бойынша сервистік бизнестің мысалдарын көрсетіңіз






5. Өз мамандығыңыз бойынша сауда-саттыққа негізделген бизнес мысалдарын көрсетіңіз






6. Өз мамандығыңыз бойынша өндірістік бизнес мысалдарын көрсетіңіз






7. Өз мамандығыңыз бойынша бизнестің артықшылықтарын көрсетіңіз






8. Өз мамандығыңыз бойынша бизнес кемшіліктерін көрсетіңіз







  1. SMELL TEST

Енді "Жаңа бизнес" бағанында сізде көптеген идеялар бар. Екінші сабақта өзіңіз жинаған команданың әр мүшесінің де өз идеялары бар. Іске асыру үшін олардың қайсысын таңдау керек? Жүзеге асыруға тұрарлық бизнес-идеяларды жіктеудің және іріктеудің көптеген жолдары бар. Олардың ең қарапайымымен танысайық. Ол сөзбе-сөз "иісін байқау" деп аударылатын Smell Test деп аталады. Өз идеяңызды "иіскеп көріңіз", егер иісі ұнамаса – оны өкінбей алып тастаңыз.


Smell Test-тің басты ережесі - ешқандай қосымша зерттеудің қажеті жоқ. Бұл екеудің - сіз бен сіздің идеяңыздың кездесуі.
1 Критерий. Қалау және төлеуге ықылас.
Әрбір бизнес қандай да бір мәселені шешеді. Сіз тұсқағаз сатасыз - сіздің клиенттердің мұқтажы - үйін жөндеуге қажетті, өз қажеттіліктерін қанағаттандыратын әдемі тұсқағаз табу. Сіздің жеке асханаңыз бар - - сіздің клиентердің мұқтажы - белгілі бір ақшаға жайлы жерде отырып жүрек жалғап алу. Сіз обырға қарсы дәрі-дәрмек әзірлейсіз - сіздің клиенттердің мұқтажы - ауруды емдеу тәсілін табу. Сіздің бизнесіңіз қаншалықты маңызды проблеманы шешеді және клиенттер сіздің шешіміңізге қанша ақша төлеуге дайын - бар мәселе сонда.
Әлемде көптеген тамаша бизнес-идеялар бар: негізін қалаушысына қомақты капитал әкелуі мүмкін болып көрінетін инновациялық, тартымды бизнес-идеялар бар. Олардың негізін қалаушылар көбінесе өнім немесе сервис тұрғысынан қарайды және олардың өнімі өте жақсы, сапалы және т. б. деген тұжырым жасайды. Бірақ шын мәнінде, мәселе сіздің өніміңіздің қаншалықты жақсы екенінде емес, оны сатып алу-алмауында. Нәтижесінде, кез келген бизнес сұранысқа келіп тіреледі, онсыз әлемдегі кез келген ең жақсы өнім өз өндірушісінің қоймасында шаң басып жатады.


2-тапсырма
Өз идеяңыздың клиенттеріңіздің қаншалықты маңызды мұқтажын қанағаттандыратыны және олардың оған ақша төлеуге әзірлігі тұрғысынан өз идеяңызды 1-ден 10-ға дейін бағалаңыз.
Егер сіз телефонға жаңа жарық түсіретін стикерлер ойлап тапсаңыз - оны біреулер сатып алуы мүмкін. Бірақ өзінің ұялы телефонын безендіру сіздің әлеуетті клиенттеріңіздің басым көпшілігінің "мұқтаждығы" емес. Мұндай идеяға 1 қоюға болады. Егер сізде компаниялар өз қалдықтарын сұрыптамай және қалдық өңдейтін зауытқа тиеп апармай, тікелей өндіріс басында қайта өңдейтін жаңа құрылғы идеясы болса, оған батыл 10 қоя беруге болады, себебі артық іс-қимылдардан құтылу үшін компаниялардың көпшілігінің оны сатып алғысы келеді.
2 Критерий. Сәйкестік

Өзіңіздің жеке әуестіктеріңізге, дағдыларыңызға, тәжірибеңізге, байланыстарыңызға назар аударыңыз. Олар сіздің идеяңызға сай келе ме? Сіз осы салада ең үздік болып табыласыз ба? Мүмкіндіктер қаншалықты зор болса да, егер оны сіздің жаныңыз қаламаса, оны тіпті қарастырудың қажеті жоқ.


Мысалы, Әнуар тамақты дәмді дайындайды және тамақ істеу оған ұнайды делік. Ол ас үйде үнемі тәжірибе жасайды және достары оның аспаздық кештерін жақсы көреді. Ол аспазшы бола алар еді және уақыт өте келе келушілер арасында танымал болатын мейрамхана аша алар еді. Бірақ ол оның орнына әкесінің құрылыс фирмасына жұмысқа тұрды. Әнуар қанша тырысса да, үйдің іргетасын қалауға қанша бетонның қажет екенін санаудан іші пысады және одан жаңа Айдын Рахымбаев шықпайды.
Егер сіз мектепте бағдарламалау бойынша олимпиададан бірінші орын алған болсаңыз, филология факультетіне түскеніңіз түсініксіз болар еді. Егер сіз адамдармен сөйлесуді ұнатпасаңыз және сіздің барлық бос уақытыңызда скетчтер мен нобайларды салумен өткізетін болсаңыз, сізден ешқашан жақсы сатушы шықпайды. Бірақ керемет дизайнер шығуы мүмкін.


3-тапсырма
Енді сіздің бизнес-идеяңыздың сіздің бейімділігіңізге қаншалықты сәйкес келетінін, қолыңыздан іс келе ме немесе басқа тараптан қандай да бір қысымсыз дамып жатырсыз ба, талдап көріңіз. Достарыңыз сізді осы саладағы ең үздік деп санай ма? Осы мәселелерді басшылыққа ала отырып, өз идеяларыңызға 1-ден 10-ға дейін балл қойыңыз.
3 Критерий. Тұрақтылық

Осы бизнеспен қанша уақыт айналыса аласыз? Егер сіздің бизнесіңіз табысты болса, нарық қалай өзгереді? Егер олай болмаса, бұл идеядан бас тарту керек.


Сіздің идеяыңыз өзіңізге керемет болып көрінуі мүмкін. Бірақ, біз осыған дейін айтып өткеніміздей, сіздің табысыңыз оған емес, пайдаланушылардың оны қалай қабылдайтынына байланысты. Біз сіздермен бірге хайп циклдерін атап өттік, олардың басты идеясы – үнемі нарықты зерттеп-зерделеу, нарыққа жаңа өнім қаншалықты ұзақ уақыт қажет болатынын және жақын арада циклдің шыңында қандай өнімдер болатынын талдау.
Мысалы, сіз дүкенге барған кезде полиэтилен пакеттерінің орнына қолданылатын экосумка-тор сөмке өндіру туралы шешім қабылдадыңыз делік. Бүгінгі таңның талабына сай идея, қазір экологиялық мәселелер қоғамда белсенді талқыланып жатыр. Айталық, сіз өз қалаңыздың әлеуметтік жауапты тұрғындарының бір бөлігін экосумкаға көшуге көндірдіңіз делік. Ол нарықты қалай өзгертеді? Полиэтиленнен бас тартқысы келетіндердің барлығы бірнеше жыл ішінде мұны іске асырады. Сіздің тор сөмкеңіз оларға тағы 10 жыл қызмет етеді және оларға жаңасын сатып алу қажет болмайды. Сіздің бизнесіңіз ашылғаннан кейін бірнеше жыл ішінде табыс әкеледі деп болжауға болады, содан кейін нарық сіздің өніміңізге толы болады және ол қажет емес болып қалады. Мұндай идеяға 1-ден 10-ға дейінгі шкала бойынша 3 қоюға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет