Бизнес-ойлау психологиясы


Акциялар, ұтыс ойындар, жеңілдіктер



бет78/188
Дата25.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#127942
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   188
Байланысты:
Бизнес-ойлау психологиясы-emirsaba.org

9. Акциялар, ұтыс ойындар, жеңілдіктер
  • Өнімді / қызметтерді сату көлемін ұлғайту мақсатында, сондай-ақ әлеуетті клиенттік базаны ұлғайту үшін парақшада түрлі ұтыс ойындар, акциялар өткізуге, клиенттерге жеңілдіктер беруге болады.




  • 10. Трендтерге шолу
  • Парақшаның тартымдылығын арттыру мақсатында компания жұмыс істейтін саланың трендтеріне мерзімді шолу жүргізу қажет.




  • 11. Әзіл
  • Клиенттік ниететстікті арттыру және беттің тартымдылығын арттыру мақсатында компанияның жұмысына байланысты тақырыптық әзілді пайдалану қажет.




  • 12. Сторис
  • Посттарды бөліп көрсету үшін сторис сияқты кең таралған құралды пайдаланған жақсы.




  • 13. Тікелей трансляциялар
  • Клиенттер тарапынан сенім деңгейін арттырудың тағы бір құралы тікелей эфирлер болып табылады, соның арқасында компания өз клиенттеріне жақындай түседі.




  • 14. Сауалнамалар
  • Сауалнамалар кері байланыс алу үшін тиімді құрал болып табылады, сондай-ақ компания мен клиенттер арасында сенімді қарым-қатынас орнату үшін қолданылады.



  • Көптеген жағдайларда видеофильмді қолданған жөн, алайда, егер мұндай мүмкіндік болмаса, мәтіндік сипаттамасы бар түрлі-түсті суретті де жариялауға болады.




  • OQICO мектебінің медиа-жоспарына төмендегілер туралы посттар кіреді:


  • - өнімге шолу жасау: аптасына 2 рет ағылшын тілінің ерекшеліктері, қызықты сөздері, грамматика ережелері туралы баяндайтын "пайдалы" посттар қойылады;


  • - компания жаңалықтары: іс-шаралар анонсы, жаңа топтардың кестесі, жаңа оқытушылар туралы жаңалықтар;


  • - компания персонасы: компания құрылтайшылары мен оқытушылары білім берудің жеке тәжірибесіне, студенттерге немесе мектеп топтарына байланысты ұсыныстармен және қызықты оқиғалармен бөліседі;


  • - сторис: ағылшын тілін білуге арналған ойын түріндегі күнделікті сторис, іс-шаралар мен жаңалықтар туралы видеоформаттағы оқытушылардың жеке әңгімелері, сондай-ақ видео/фото сабақтар. OQICO тәжірибесі бойынша аудиторияның сториске тартылуы әдетте посттарға қарағанда жоғары.


  • - акциялар, ұтыс ойындар, жеңілдіктер: студенттер ағынын арттыру үшін мектеп акциялар немесе оқуға жеңілдіктер туралы хабарлайды, мысалы, ағылшын тілінде сөйлесу курстарына баруға 20% жазғы жеңілдік немесе IELTS толық курсы үшін төлем кезінде жеңілдік, "Досыңды алып кел және курстарға 10% жеңілдік ал " акциясы.







  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   188




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет