Басым жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы (қарапайым заттар экономикасы)
Бағдарлама шеңберінде бизнесмен 7 жылға дейінгі мерзімге 8% және 5% ставка бойынша (ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп үшін) инвестициялық мақсаттарға (70% - дан кем емес қарыз) және айналым қаражатын толықтыруға (30% - дан артық емес қарыз) кредит ала алады.
Базалық талап: жұмыс орындарының санын сақтау/ұлғайту немесе табыстың 2 жылдан кейін 10% - ға өсуі.
Жобаға қатысудың ең аз өзіндік үлесі: 20 %.
Гранттарды нысанындағы қолдау шаралары өңірлік бағдарлама үйлестірушілеріне нысаналы трансферттерді аудару арқылы бюджеттен қаржыландырылады. Мемлекеттік гранттарды мемлекет шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде жаңадан бастаған жас кәсіпкерлердің, сондай-ақ әйелдердің, мүгедектердің және 50 жастан асқан адамдардың өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері арқылы береді. Сонымен қатар, конкурсқа қатысудың міндетті шарты сертификаттың , Бағдарлама шеңберіндегі оқу компонентінің болуы болып табылады.
Бір кәсіпкер үшін гранттың ең жоғары сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды.
Бизнес-жобаның міндетті шарттары мыналар болып табылады: жобаның жаңашылдығы, бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі және дайындығы, сондай-ақ кәсіпкердің оны іске асыру шығындарын ұсынылатын гранттың кемінде 10% мөлшерінде, соның ішінде жеке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікпен, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құрумен бірге қаржыландыру.
Кәсіпкерлер грант қаражатын келесі мақсаттарға пайдалануы тиіс:
1) Негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;
2) Материалдық емес активтерді сатып алу;
3) технологияны сатып алу;
4) франшизаға құқықтарды сатып алу;
5) зерттеу жұмыстарына және/немесе жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар.
Гранттар мына кәсіпкерлерге берілмейді:
1) қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысында тұрған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметі тоқтатыла тұрған;
2) салық және мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;
3) жылжымайтын мүлікті жалға беруге ұсынатын негізгі қызмет.
Грант қаражаты жылжымайтын мүлік, жер учаскесін сатып алуға және жалға алу төлемі ретінде пайдаланыла алмайды.
Мемлекеттік гранттарды ұсыну тәртібі ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген бағдарлама шеңберіндегі ережелермен регламенттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |